Жұма, 01 Мамыр 2026 09:47

Түркістан қаласында «Бірлік – болашақтың кепілі» атты мерекелік шара өтті

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлік – болашақтың кепілі» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара Түркістан облысының прокуратурасы мен облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайту, этносаралық татулықты сақтау және азаматтық бірегейлікті дамыту мақсатында өткізілді.Салтанатты жиын этномәдени бірлестіктердің көрмесінен басталды.

Мерекелік іс-шарада Түркістан облысы прокурорының орынбасары Дәулет Тлемисов ресми құттықтау сөз сөйлеп, заң үстемдігі мен қоғамдық келісімнің өзара тығыз байланысын атап өтті. Сонымен қатар ол ел бірлігі – тұрақты дамудың негізгі тірегі екенін жеткізді. Жиынды Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева ашып, жүргізді. Ол өз сөзінде Қазақстанның көпэтносты қоғам ретіндегі бірлігі мен қоғамдық келісімінің маңыздылығына тоқталды. Іс-шара барысында Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиевтің мен облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың атынан ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосқан бірқатар азаматтар мен этномәдени бірлестігінің өкілдеріне Алғыс хаттар табысталды. Бұл марапаттар қоғамдық келісімді дамыту жолындағы белсенді еңбектің жоғары бағасы болды.

Сонымен қатар жиында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы славян этномәдени бірлестігінің төрағасы Марина Лимаренко және «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің төрағасы Нодиржон Хасантаев құттықтау сөз сөйлеп, қоғамдағы бірлік пен татулықтың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара соңында Эльмира Жанғазиева қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың негізі – заң мен тәртіп, өзара құрмет пен сенім екенін тілге тиек етіп, жиынды қорытындылады. Мерекелік жиын достық пен өзара түсіністік рухында өтіп, қатысушылар үшін маңызды пікір алмасу алаңына айналды.

Ел мақсаты — Тәуелсіз еліміздің тұғырының биік, тыныштығының берік болуы. Ұлт құндылығын ұлықтап, ел бірлігін дәріптеу әр Қазақстан азаматының парызы. Ұлтаралық татулық – кез келген мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі болып табылады. Бұдан көп диаспоралы ел саналатын Қазақстан да тысқары қала алмайды. Жұртқа белгілі жайт, егер әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір елде бейбіт өмір сүріп, бір-бірінің мәдениеті мен дәстүрін құрметтегенде қоғамда келісім мен бірлік қалыптасады. Тағдырдың жазуымен әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдері қоныстанған Қазақстан – дәл осындай татулық пен келісімді ту еткен мемлекеттердің бірі болып саналатындығын мақтан ете аламыз.

Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Тәуелсіздік атқан тұста олардың барлығы да бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл қазақ билігінің Егемендік жылдары қол жеткізген – елдегі бейбіт саясат пен халықтың өзара сыйластығының нәтижесі болып таблады десек, әсте артқы айқандығымыз емес. Қазір біздің елімізде қалыптасып отырған Ұлтаралық татулықтың қалыптасуында ең басты рөлді өзара құрмет пен түсіністік атқарады деуімізге берік негіз бар. Айналаға көз тігетін болсақ, айқын аңғаратын бір нәрсеміз әр халықтың тілі, діні, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар. Егер әр елдегі билік өз тарапынан біз сөз етіп кеткен ұлттық ерекшеліктерді қадірлеп, бір-бірін сыйлау қоғамдағы бірлікті нығайтады. Татулық бар жерде достық, ынтымақ та һәм өркендеп даму да болады.Жастар да ұлтаралық татулықты сақтауда маңызды рөл атқарады. Олар өзара достық қарым-қатынас орнатып, түрлі мәдени шараларға қатысып, әр ұлттың дәстүрін танып-білуі керек. Бұл – болашақта бейбіт әрі тұрақты қоғам қалыптастыруға көмектеседі.

Ұлтаралық келісім - кез келген мемлекеттің бейбітшілігі мен тұрақтылығының басты шарты. Қазақстан - көпұлтты ел. Мұнда жүзден астам ұлт пен ұлттың өкілдері тұрады. Олардың барлығы ортақ Отанымыздың бірлігі мен бейбітшілігін сақтауға өз үлестерін қосуда. Ата-бабаларымыз бейбіт өмірді әрдайым жоғары бағалап, келісімді басты құндылық деп санайды. Қазіргі ұрпақ осы дәстүрді жалғастырып, түрлі этностардың тілін, дінін, салт-дәстүрін құрметтеуді өз борышы деп санайды. Біздің мемлекетіміз әрбір халықтың мәдениетін дамытуға жағдай жасап, ұлттық мерекелер мен дәстүрлерді насихаттауды қолдайды.Ұлтаралық келісім - бұл жай ғана қағаздағы тұжырымдама емес. Бұл - күнделікті өмірдегі өзара түсіністік, құрмет және қолдау. Әрбір азамат ұлтына қарамастан өзін тең сезініп, елдің дамуына өз үлесін қоса алатын болса, бұл нағыз келісімнің көрінісі.Қазіргі жаһандану дәуірінде ішкі бірлікті сақтау - маңызды міндет. Әлемдегі түрлі қақтығыстар жағдайында біздің еліміздің бейбітшілігі мен тұрақтылығы - баға жетпес игілік. Сондықтан да біздің әрқайсымыз бірлікті сақтауға, өзара құрмет пен келісімді нығайтуға өз үлесімізді қосуға тиіспіз.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 51 рет