Бүгінде облыста 21 индустриалдық аймақ жұмыс істейді. «Turan» арнайы экономикалық аймағында 26 жоба жүзеге асырылуда, олардың құны – 315 миллиард теңге. Ауыл шаруашылығында мақта-тоқыма, жүгері және ет өндірісі кластерлері дамып келеді. Бұл жобалар толығымен іске қосылғанда 2027 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі қосымша 479,5 миллиард теңгеге артады деп жоспарланып отыр. Соңғы үш жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны екі есеге қысқарғаны жөнінде мәлімдеді. Еңбекпен қамту шараларына 148 мың адам тартылып, жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрады. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарын салу, жол инфрақұрылымын дамыту, газдандыру және елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету салаларында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Мемлекет басшысы инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы мен өндірісті өркендету бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды. Халықтың тұрмыс сапасын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат