Түркістан облысы: Шолаққорғанның даму көрсеткіштері мен алдағы міндеттер талқыланды
Түркістан облысы Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында округ әкімі Жеңісәлі Төлепбергенов тұрғындарға ауылдық округте атқарылып жатқан жұмыстарды кеңінен таныстырды.