Дүйсенбі, 20 Сәуір 2026 17:07

Мақтааралда «Таза аула» акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

Бүгін «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Таза аула» экологиялық акциясы шеңберінде Түркістан облысының Мақтаарал ауданында ауқымды сенбілік жұмыстары өтті.

Тазалық шарасына аудан тұрғындары белсенді қатысып, елді мекендердің көркеюіне өз үлестерін қосты.Жалпы сенбілікке 4 мыңға жуық адам жұмылдырылып, 11 арнайы техника тартылды. Ұйымдасқан жұмыстың нәтижесінде аудан аумағынан 24 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылып, белгіленген орындарға жеткізілді.

Бұл өз кезегінде қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және санитарлық жағдайды жақсартуға оң әсер етті. Сонымен қатар сенбілік барысында абаттандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, 1520 түп ағаш әктеліп, 70 бағана жаңартылды. Бұдан бөлек, жалпы ұзындығы 8 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолы тазартылып, ретке келтірілді. Бұл жұмыстар аудан тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

Айта кету керек, тазалық акциясына көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары ерекше белсенділік танытты. Олар аула аумақтарын тазалап қана қоймай, көркейту, көгалдандыру шараларына да атсалысты. Мұндай бірлескен жұмыстар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығын арттыруға ықпал етеді.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 10 рет