Түркістанда жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталып, азық-түлік бағасының тұрақтылығы зерделенді

Түркістан облысында жылумен қамту бағытында жалпы саны 7 кәсіпорын тұрақты қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, онда 1 жылу энергетика кешені, 36 орталықтандырылған қазандық және 2083 автономды қазандық жұмыс істейді. Бүгін алдағы жылыту маусымына дайындық шаралары мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру жұмыстары пысықталған кезекті аппарат мәжілісі өтті. Бұл мәселелерді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тікелей бақылауына алып, жауапты мамандарға сапалы жұмыс атқаруды тапсырды.

Түркістан:Заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу бойынша арнайы мобильді топтар жұмыс істейді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс аумағында заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу бағытында аудан, қала әкімдіктерінің мобильді топтары мен облыстық полиция департаменті қызметкерлеріне заңсыз қазбаны болдырмау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырған-ды.

Түркістан:Шардарадағы жағажайлардың тазалығы мен қауіпсіздігі бойынша қатаң талаптар қойылды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Шардара ауданына жұмыс сапарымен барып, «Шардара» су қоймасы маңындағы жағажайларды аралап көрді. Туристік нысандардың жай-күйімен танысып, санитарлық тазалық және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қадағалады. Жауапты тұлғалар мен жағажай жұмысын жүргізіп жатқан кәсіпкерлерге анықталған кемшіліктер бойынша сын-ескертпе айтып, нақты тапсырмалар берді.

Шымкент: "Көктем" базары жаңа сауда орталығына көшірілді

Жібек жолы бойында орналасқан «Көктем» базары жұмысын тоқтатқан жоқ. Бүгінде базар жанынан бой көтерген жаңа үш қабатты заманауи сауда орталығына көшірілуде. Кәсіпкерлері өз қызметін жаңа орында жалғастырады. 

Бұл жұмыстар базарды жаңғырту, қауіпсіздік пен санитарлық талаптарды күшейту, кәсіпкерлерге және тұтынушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылуда. Ескі базардың дәл жанында орналасқан жаңа ғимараттың инфрақұрылымы талаптарға сай жабдықталған.

Жаңа сауда орталығының жалпы аумағы – 7200 шаршы метр. Мұнда кәсіпкерлердің жұмысын жалғастыруына бар жағдай қарастырылған. Сауда орындары кең, жарық әрі ыңғайлы.

 

— Алғашқы 3 ай жалдау ақысы — тегін. Кейіннен жалдау құны олардың «Көктем» базарында төлеп жүрген деңгейінде сақталады. Кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді,- делінген Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

Сауда бағыттарына сәйкес:

 

• 1-қабат сантехника және құрылыс материалдарына арналған;

• 2-қабатында – күнделікті тұтыну тауарлары, көкөніс, жеміс-жидек, ет өнімдері саудаланады;

• 3-қабат – киім-кешек, ойыншықтар және өзге де халық тұтынатын тауарларға берілді.

 

Жалға алу құны бұрынғы базардағы бағамен сақталды.

Мысалы, 2х3 метр көлеміндегі бутикті бұған дейін 25 000 теңгеге жалға алып келген кәсіпкер жаңа нысанда да орынды осы ақыға жалдай алады. Бұл – кәсіпкерлердің жағдайын ескере отырып қабылданған шешім.

 

 Қазіргі уақытта кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Олар жаңа сауда орнына кезең-кезеңімен жайғастырылуда. Барлық сатушыларға жеке орындар қарастырылған.

 

 Бұл көшіру – уақыт талабына сай бейімделудің, кәсіпкерлікті дамыту мен сауда мәдениетін дамыту жолындағы маңызды қадам.

Шымкент – мәдениет пен өркениетті үндестіріп тұрған тарихи қала

Шымкент – тарихы тереңде жатқан шаһар.  Ұлы Жібек жолының бойында жатқан, қолөнері мен саудасы дамыған, бүгінде өзінің тарихи орнын сақтап қалған сирек қалалардың бірі. Қазба жұмыстары қаланың  жасын 2200 жыл деп көрсетті. Яғни Шымкент – Қазақстан ғана емес, Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі.