Жаңа спорт нысаны 250 орынға арналған заманауи кешен болмақ. Екі қабатты ғимаратта түрлі спорт түрлеріне арналған залдар қарастырылған. Атап айтқанда, көркем гимнастика, бокс, жаздық және қысқы жаттығу залдары, киім ауыстыратын бөлмелер, жаттықтырушылар кабинеті және басқа да қосымша бөлмелер орналаспақ. Қала әкімі Жандос Тасов құрылыс нысанына арнайы барып, жұмыс барысымен танысты. Әкім Қала әкімі жауапты мекемеге құрылыстың сапасына ерекше назар аударуды және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Қазіргі таңда нысанның іргетас құю жұмыстары аяқталу сатысында. Құрылыс толықтай 2026 жылы аяқталып, қала тұрғындарының игілігіне берілмек. Бұл жоба — қала тұрғындарын және жастарды спортқа баулу және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат