Түркістан: Төлебиде мамандындырылған прокуратураның негізгі бағыттарын таныстыратын мекемеаралық мәжіліс өтті

Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мамандандырылған прокуратураның негізгі бағыттарын таныстыру және өзара іс-қимыл мәселелерін талқылау бойынша мекемеаралық мәжілісі өтті.

Мәжіліс депутаты Шымкенттегі әлеуметтік мәселелерді зерделеуде

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Данабек Исабеков Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Он күнге жоспарланған іс-сапар аясында депутат партияның сайлауалды бағдарламасы негізінде жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысып, қала тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізуде.

Түркістан: Сенбілікке 250-ге жуық түлкібастық белсене қатысты

Бүгін Түлкібас ауданында кезекті жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды. Аталған шараға Жабағылы ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері мен аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдердің мамандарынан құралған 250-ге жуық адам белсене қатысты.

Түркістан: Халық пен билік арасындағы байланысты нығайту мақсатында қоғамдық қабылдау өтті

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдады.

Шымкенттегі қоғамдық көлік бағыттары жаңарады

Бүгінде Шымкент қаласында жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету мақсатында 82 бағыт бойынша күн сайын 984 автобус қызмет көрсетеді. Оның ішінде 845 автобус заманауи салқындатқыш жүйесімен жабдықталған болса, 139 автобуста мұндай жүйе зауыттан орнатылмаған.