Қала әкімі Жандос Тасов құрылыс барысын аралап, жұмыстың тиянақты әрі сапалы атқарылуын тапсырып, анықталған кемшіліктерді қайта қалпына келтіру бойынша жауаптыларға тапсырма берді. Атап айтқанда, абаттандыру жұмыстары Ы.Алтынсарин көшесіндегі №3, 5, 7 үйлердің, Ясауи даңғылы №96, 98, Абай даңғылы №11, Д.Қонаев даңғылы №33, Төле би көшесі №39, Ата-Түрік көшесі №52, Ерназаров көшесі №49, Құралбаев көшесі №28 және №92, Әл-Фараби көшесі №110, 114, Ш.Уәлиханов көшесі №44, 48, 136, сондай-ақ Т.Рысқұлов көшесі №63 мекен-жайларындағы аулаларда жүргізілуде.
Бұл бағыттағы жұмыстар қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға, балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беруді көздейді. Алдағы уақытта өзге де аулаларды абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат