Діннің жастардың санасы мен дүниетанымына әсері

Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Ал жастар болса қоғамның негізгі қозғаушы күші. Жастардың дінге деген көзқарасы, түсінігі тәрбиеден басталады. Дінге деген көзқарас әр кезеңде әр қоғамда сан алуан болып келген. Ал діни ұстанымдар негізінде қалыптасқан сенім жастардың қоршаған ортамен, басқа адамдармен санасы мен дүниетанымы бойынша қалыптасады.               

Барлық тарихи кезеңдерде жастар қоғамның ең ұтқыр, оқуға, жаңалық енгізуге және реформаларға бейім бөлігі ретінде сипатталғанын бәріміз білеміз. Қазіргі таңда тек білімді, ой-санасы терең, ақыл-ойы дамыған және кәсіби дайындалған жастар ғана сапалық, серпінді және инновациялық дамудың маңызды шарты мен кепілі болатынын, еліміздің болашағын қамтамасыз ете алатынын ешкімге дәлелдеп жатудың қажеті жоқ.

Бүгінде Қазақстандағы 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың үлес салмағы 4,5 миллионнан астам адамды құрайды. Олардың 700 мыңнан астамы – студенттер.

Қазіргі заман жастарына басты қауіп қатер деструктивті діни ағымдар тарапынан болуда. Себебі, діни ағымдар өз қатарына адамдарды, әсіресе жастарды баулап алу үшін, жастардың психологиялық, психикалық жай күйін бақылап, талдау жасау арқылы  қолдарындағы бар мүмкіндікті пайдаланып, ғаламтор желісінде сапалы түрде ақпараттық материалдар жариялайды7

Қазір барлық адамзаттың ғаламтор желісін қолдануы заңдылық. Әсіресе, жастар үлкен буын өкілдеріне қарағанда ғаламтордың мүмкіндіктерін жетік меңгерген. Сондықтан, олардың осындай амалдар арқылы өзіне тартатын деструктивті ағымдардың әсеріне ұшырау қауіпі жоғары.

Сонымен қатар жастардың діни идентификацисының қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі – діни дүниетанымның, сананың қалыптасуы болып табылады.

Діни экстремизм мен терроризмнің кеңінен таралуы осы жағдайдан пайда болып жатады. Олар өмірде әлеуметтік тұрғыда қандай жағдайға ұмтылу керектігін, сол бағдарламаланған мақсаттарды қандай тиімді жолмен іске асыру қажеттілігін, неге қуанып неден қашу керектігін шешеді. Тәжірибесіз жас діни ойындар мен соғыстардың «ойыншысы мен орындаушысына» қалай айналып кеткенін өзі де түсінбей, сезінбей қалады.

Қазіргі таңда қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Діннің қоғамдық қатынастарға, қоғам санасының діни компонентін қалыптастыруға ықпал ету әсері күшейіп, кеңейе түсуде. Халықтың әртүрлі топтар өкілдерінің рухани, соның ішінде діни өмір салтына деген қызығушылығы артуда.

Экстремизм мен терроризм идеологтары дінді пайдаланып, діни риториканың ерекше әдістерін қолдана отырып, халықтың белгілі бір топтарының ой-санасына теріс ықпал ете білді. Көп жағдайда әлеуметтік белсенділігімен ерекшеленетін, идеологиялық ықпалға тез түсетін қоғамның ерекше тобы саналатын жастар теріс пиғылды діни насихаттық қызмет үшін ыңғайлы нысанаға айналды. Жас ерекшеліктеріне қарай ізденгіш және білуге құмар болып келетін жастар қылмыс әлемінің, соның ішінде шетелдік және халықаралық субъектілердің тарапынан айлакерлікпен жасалған идеологиялық тұзаққа жиі түсетін болды.

Имамдар, дін қызметкерлері және жалпы дін саласындағы беделді азаматтар жастарды рухани-адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеуде елеулі рөл атқарады. Алайда қазіргі уақытта діни білім беру жүйесі бүгінгі күннің талаптарына және жастардың рухани сұраныстарына толық сәйкес келеді деп айта алмаймыз. Кейбір имамдардың ой-пікірлерінің тайыздығын, жастарға үлгі болатын мінез-құлықтарының жоқтығын көріп қынжыламыз. Зәру сұрақтарға жауапты діннен іздеген жастар оларды мешіттерден, дін қызметкерлерінен әрдайым таба бермейді. Кейде жастардың мешітке кіргенде діни қауымның кейбір өкілдерінің пайдакүнем, тәкаппар мінездерін көретіні жасырын емес. Сондай сәттерде, әрине, жастар діни экстремизм идеологтарының қолына оңай түсуі мүмкін, мұндай жағдайлар бұған дейін де орын алған.

Діни ұрандарды жамылып, қолынан кінәсіз жандардың қаны тамған лаңкестер шын мәнінде қаһарман емес. Бетперденің және «мужахид» имиджінің артында адамдарға билік жасау­ды көксеген, баюдың ең арсыз мүдделерін көздеген, махаббат пен имандылықтан жұрдай жүрексіз, кейде тіпті психикасы бұзылған субъект жасырынып тұрады.

Біздің қазақ мәдениеті басқа мәдениеттерден көп қырлылығымен және біртұтастығымен ерекшеленеді. Бұл дегеніміз, біздің ата-бабаларымыздың дін мәселелерінде ақ-қараны айыра білсе де, дінді арнайы салаға немесе өмірдің міндетті бөлігіне айналдырмағанын аңғартады.

Кез келген дін, соның ішінде ислам да адамның білім алуына шектеу қоймайды. Ислам діні ешқашан басқа сенімдерге немесе қоғамның құндылықтары мен дәстүрлеріне қарсы шыққан емес. Қазақтар дінді сыртқы атрибутика ережелері мен шартты жоралар жиынтығы ретінде емес, этникалық мәдениет пен халықтың философиясымен табиғи байланысы бар әмбебап діни ілім ретінде қабылдады.

Бүгінгі жас ұрпақ жастық шақ пен алтын уақытты дұрыс бағалап, білім алуға, кәсіптің белгілі бір саласын игеруге барынша күш жұмсауы қажет. Жастар заманауи техникалық байланыс құралдарының барлық түрін игеріп шығуы тиіс. Діни тұрғыдан алғанда әркімнің өз халқының дәстүрлерін біліп, сақтап, құрметтегені абзал.

 

Б.Өтеген 

Түркістан облысы дін істері басқармасы

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы                        

Сайрамдық полицейлер жоғалған бойжеткенді Шымкент қаласынан тапты

Сайрам АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданды. Ол өз арызында 2004 жылы туылған қызы белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта үйге оралмағанын айтады. Аталған жайт хабар-ошарсыз жоғалу бойынша тіркеліп, тексеру жұмыстары жүргізілді.

Сайрамдық полицейлер 18 жасар қызды табу мақсатында жақын аймақтарды аралап, көрген білгендерден сұрастырады. Сайрам АПБ-нің ювеналды полиция инспекторлары арқылы қыздың суреттері таратылып, шұғыл әрекеттер атқарылды. Нәтижесінде, жоғалған қыз Шымкент қаласында жүрген жерінен табылды. Анықталғандай 18 жасар бойжеткен жігітімен бірге қыдырып жүрген. Яғни жас жігітпен танысқан онымен қыз отау құрмақшы болған. Алайда қыздың ата-анасы некеге рұқсат бермеген соң жас қыз жігітімен Шымкент қаласына қашып кеткен.

Қазіргі таңда жоғалған қыз табылып ата-анасына қайтарылды. Өз кезегінде қызын аман-есен тауып бергені үшін бойжеткеннің анасы полицейлерге ризашылығын білдірді. Тәртіп сақшыларының кәсіби шеберлігіне, қырағылығына алғысын жаудырып, жұмыстарына табыс тіледі.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға балаларыңызды үнемі бақылап, қадағалап отырыңыздар деп ескертеді. Сондай-ақ, араласатын ортасын, достарын жақсы білу керек. Керек болса, достарының ата-аналарымен қарым-қатынас жасаңыздар деп кеңес береді.

ТҮРКІСТАН: АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСЫТАЛҚЫЛАНҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Түркістан облысының полицейлері алаяқтық қылмысына қарсы іс-қимыл шараларын талқылады.

Түркістан облысы Полиция департаменті ғимаратында алаяқтықпен байланысты, соның ішінде интернет желісі мен ұялы байланыс құралдарын пайдаланумен болатын қылмыстардың алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесуге Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев, Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Сұлтанбек Үсіпбеков, ішкі саясат басқармасының, мәдениет және дін істері басқармасының, сондай-ақ "Halyk Bank", "Kaspi Bank ", "Forte Bank" сияқты екінші деңгейдегі банк филиалдарының өкілдері мен басқа да тиісті сала қызметкерлері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты - Түркістан облысында алаяқтық жайттарының алдын алу және болдырмау, халықты осындай қылмыстарға тосқауыл қою туралы шаралармен таныстыру, түсіндіру болып табылады. Тәртіп сақшылары атап өткендей, бүгінгі таңда кең таралған қылмыс түрінің бірі - алаяқтық. Мәселен ағымдағы жылдың 8 айында облыс аумағында 321 алаяқтық фактісі тіркеліп, оның 152-сі сотқа жолданған, ал қылмыстың ашылуы 48,9% - ды құрайды. Дегенмен әрбір ашылмаған қылмыстық істің артында интернет-алаяқтықтың құрбаны болған жәбірленушілердің әл-ауқаты жатыр.

Статистикаға сүйенсек, алаяқтардың құрбандары көбінесе жаңа технологиялар туралы, оның ішінде банк саласы туралы білмейтін қарт кісілер немесе сенгіш, қарапайым азаматтар болады. Осындай тез алданып, сеніп қалатын адамдардың салдарынан, соңғы үш жылда интернет-алаяқтар заңсыз несиелер рәсімдеп, жәбірленушілерге 200 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Осы тұрғыда аталмыш дөңгелек үстелге қатысушылар заңсыз онлайн-несие берудің жолын кесу бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ интернет-алаяқтықтың жолын кесу үшін бірлескен шараларды ұйымдастыруды талқылады.

Талайды сан соқтырған алаяқтық қылмысына жол бермеу мақсатында Түркістан облысы Полиция департаментінің киберқылмыстың қызметкерлері халыққа интернет-алаяқтықтың түрлері туралы ақпарат жеткізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын тілге тиек етсек болады. Яғни, тәртіп сақшылары түрлі буклеттер мен бюллетеньдер таратып, баннерлер мен Led-экрандарда алаяқтық қылмысы туралы көрнекі ақпарат орналастыруда. Тіпті телеарналар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы алаяқтықтан қалай қорғану туралы бейнероликтер көрсетуде. Мұның барлығы алаяқтық қылмысын жоюға айтарлықтай өз септігін тигізеді деген үмітпен, бұл бағыттағы шаралар үздіксіз жалғаса бермек.

 

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ОТБАСЫМЕН БІРГЕ ЖАРЫСҚА ТҮСТІ

Полиция департаменті қызметкерлері арасында «Толағай» отбасылық-спорттық жарысы өткізілді.

Түркістан облысы Полиция департаментінің инспектор-психологтарының ұйымдастыруымен бұрын-соңды болмаған, өнегесі мол, мән-маңызы зор «Толағай» отбасылық-спорттық жарысы өткізілді. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының «Отбасы күні», ҚР Президентінің 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай, Полиция департаменті қызметкерлері арасында жоғары деңгейде жүзеге асырылды.

Аталған спорттық сайысқа 4 ойыншыдан тұратын 6 команда қатысты. Әр топта әкесі, анасы және 2 баласы болды. Яғни полиция қызметкерлері қиын да қауырт жұмыстарынан уақыт тауып, өздерінің жұбайы, ұл-қыздарымен бірге көңілді сәтті өткізді. «Толағай» сайысының «Көңілді автобус, «Секіргіштер», «Футболшы», «Қаптарда жүгіру», «Шабандоздар (Наездники)», «Даяшы», «Бадминтон» деген эстафеталарына қатысып, өздерінің жылдамдығын, спортқа бейімділігін көрсете білді.

Жанұя мүшелері бір топ болып жұдырықтай жұмылып, жеңіске жету жолында барын салды. Ал Түркістан Аренаға жиналған әрбір команданың жанкүйерлері өздерінің белсенділіктерін танытып, қолдау білдірді. 7 кезең бойы сынға түскен отбасылық топтарға әділқазылар баға берді. Барлық ойындарда тапсырманың дұрыс орындалу мен жылдамдығын бағалаған төрешілер қатарында: Түркістан облысы ПД Кадр саясаты басқармасының бастығы полиция полковнигі М.Асқаров, Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің профессоры, ҚР Мәдениет қайраткері, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Б.Сердәлі, Түркістан облысы ПД ӘПБ бастығы полиция полковнигі А.Тастанбеков, Түркістан облысы ПД ІІО мен Ұлттық Ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы О. Жанқожаев, Түркістан облысы ПД АжЖДБ бастығының орынбасары полиция майоры Ғ.Ибрагимов болды.

Қызықты да тартысты өткен отбасылық сайыс қорытындысымен жүлделі І-орынды Түркістан облысы Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасы атынан қатысқан «Жүйріктер» тобы, яғни Рустемовтар отбасы жеңіп алды. Ал ІІ-орынды «Барыс» тобы, Түркістан облысы Полиция департаменті ЖҚАЖ Арнайы мақсаттағы бөлімінен Хайриевтер отбасы қанжығалады. ІІІ-орын есеп бойынша «Сұңқар» тобына берілді. Бұл команда Түркістан облысы Полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінен қатысқан Қазыхановтар отбасы болатын.

Ал қалған үш команда, яғни Әлішеровтар отбасы «Өнегелі отбасы», Бахтығалиевтер отбасы «Үлгілі отбасы», Ажибаевтар отбасы «Мерейлі отбасы» номинациясын иеленді. Барлық командаларға Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің «Алғыс хаты» мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Осылайша отбасы күні полицейлердің жанұяларына ерекше көңіл бөлінді. Спорттық жарыс командаларға белсенділік пен жақсы көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар әрбір балаға салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беріліп, жасөспірімдерді бала кезден спортқа, белсенді өмір салтына тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосылды.

 

Түркістан облысының полицейлері 30-дан астам экологиялық қылмысты анықтады

Түркістан облысы Полиция департаменті және оның қалалық, аудандық құрылымдарының табиғатты қорғау бойынша полиция бөліністері, қоршаған ортаны, табиғи ресурстарды қорғау, молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдармен бірлесе отырып, облыс аумағында экологиялық қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында бірқатар іс-шаралар ұйымдастыруда.

Аталған жұмыстардың нәтижесінде тәртіп сақшылары, 2022 жылдың 8 айында Түркістан облысының аумағында заңсыз балық аулауға, жер қойнауын өз бетінше пайдалануға, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерін заңсыз аулауға байланысты 32 экологиялық қылмысты анықтады. Оның ішінде 18 қылмыс «Балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз аулау» бойынша тіркелген. Сондай-ақ 14 іс сотқа жолданған.

Мысалы Шардара аудандық полиция бөлімінің полицейлері Шардара су қоймасында заңсыз балық аулаумен айналысқан екі жергілікті тұрғынды анықтады. Браконьерлерден айғақты зат ретінде 100 келіге жуық балық, 3 гарпун және 2 сүңгуір костюм тәркіленді. Аталған жайт ҚР ҚК 335-бабымен "Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру" тіркелді.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері жыл басынан бері балық аулау ережелерін бұзған 360-тан астам азаматты жауапкершілікке тартты, оның ішінде 335 құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 5,5 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Сондай-ақ қолдануға заңмен тыйым салынған құралдардың көмегімен балық аулаған 26 адамға қатысты жиналған материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-тармағы бойынша заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Түркістан облысының полицейлері браконьерлерден барлығы 3 тоннаға жуық заңсыз ауланған балық, 33 қайық, 4 қайық моторы мен 44 түрлі заңсыз балық аулау құралдарын тәркіледі. Облыс полицейлері тұрғындар мен қонақтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға шақырады. Тәртіп сақшылары атап өткендей, жоғарыдағыдай рейдтік-профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Түркістан: Ереже бұзғандарды анықтауда камералардың көмегі зор

Түркістан қаласында бейнебақылау камералары арқылы жол апатын жасап, соңынан жасырынған жүргізуші анықталды.

Түркістан облысы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары көмегімен, облыс орталығында жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік оқиғасы болған жерден жасырынған "Ауди" автокөлігінің жүргізушісі анықталды.

Нақтырақ айтсақ, полицияға Тәуке хан даңғылының бойында жолды велосипедпен кесіп өтіп бара жатқан тұрғынды белгісіз көлік соғып, оқиға орнынан қашып кеткені бойынша хабарлама келіп түсті.Тәртіп сақшылары ақпарат алысымен жасырынған автокөлік иесін анықтау мақсатында, Жедел басқару орталығының камераларымен оқиға орнын мұқият тексерді. Нәтижесінде, бейнебақылау камераларынан велосипедшіні қағып кеткен "Ауди" көлігін анықтады.

Жүргізушіні жедел ұстау үшін патрульдік полиция қызметкерлеріне күмәнді көліктің мемлекеттік нөмірі мен деректері берілді. Осылайша тәртіп сақшыларының жедел әрекеті арқасында жүргізуші ұсталды. Қазіргі уақытта "Ауди" автокөлігі айыптұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі. Сонымен қатар Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқасында операторлар, күн сайын қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы ережелерін бұзуды, ұсақ бұзақылық және басқа да құқық бұзушылық деректерін, оның ішінде "нөлдік төзімділік" қағидаты бойынша бақылауды жүзеге асыруда.

Түркістан облысының полицейлері атап өткендей, адамдар көп жүретін көшелер мен қоғамдық орындарда орнатылған ЖБО сыртқы бақылау бейнекамералары тәртіп сақшыларына түрлі құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюға және қылмыспен сәтті күресуге көмектеседі.

КЕНТАУ: МЕКТЕПТЕГІ КҮНДІЗГІ РЕЙД

Мектеп жасындағы жасөспірім оқушылардың қылмысқа бой ұруы –жақсы құбылыс емес.

Қолда бар деректер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық көріністері негізінен ұрлық, тонау, бұзақылық және жыныстық зорлау сипатында екенін көрсетеді.Осы орайда

Ы.Алтынсаринатындағы1 мектеп-гимназиясықызметкерлері және еріктілер күндізгірейджұмыстарынжүргізуде.

Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Ы.Алтынсарин атындағы 1 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Т.Омаров, Г.Бахалиева, мектеп инспекторы А.Бектибаев және еріктілер оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында таңғы, түскі және кешкі уақыттарда мектеп алдындағы автокөлік жолындағы жаяу жүргіншілер өтетін ақ жолақта кезекшіліктеп ұйымдастыруда және сабақ кезінде оушылардың сабаққа қатыспай жүрулерін анықтау, балалар еңбегін заңсыз пайдаланудың алдын алу бойынша мектепке жақын көшелерде орналасқан дүкендерге, ойынханаларға және т. б. күндізгі рейд жұмыстары жүргізілуде.

Балалар мен жасөспірімдер ара­сын­дағы қылмысты азайту мен тө­мен­детудің басты жолдарының бірі – ювеналды полиция қыз­мет­кер­ле­рінің мәртебесін және біліктілігі мен жауапкершілігін көтеру деп білеміз. Мемлекет тарапынан қаржы­ландырылатын арнайы ішкі құры­лым­дар толық қайтарыммен қызмет жасауы керектігі ешқандай талас туғызбайды. Әйтсе де, бүгінгі күні өңірдегі ювеналды полиция инс­пекторлары арасында алдын алу шараларын үстірт жүргізуге бейім тұратындар кездесіп қалып жүргенін жоққа шығару қиын-ақ. Күрмеуі мол іс-шаралар кешені шеңберінде бірқатар жағдайларда нақтылық пен сындарлылық жетісе бермейтіні байқалып қалып жүр.

Журналистік зерттеулер жасөс­пі­рімдер қылмыс жасаған жағдайда өкілетті органдар кінәні сол жас­өс­пірімдердің ата-аналарына ауда­ру­ға тырысатынын көрсетеді. Сондық­тан әрбір оқушының бос уақы­тын тиімді әрі мазмұнды түрде ұйым­дас­ты­ру аса маңызды мәселеге айналды. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың салдарын жою тек осындай бас біріктіре білген жағдайда ғана мүмкін болатынына толық сенім бар.

КЕНТАУ: ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗ ЖҮРІС-ТҰРЫСЫ БАСТЫ НАЗАРДА!

2022 жылдың 12-14 қыркүйек күндері Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімімен қалалық ювеналды полиция бөлімі Ш.Қанайұлы атындағы №2 жалпы ортамектеп, Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектеп, Қашғари атындағы мектеп лицей, №10 жалпы орта мектеп, Т.Рысқұловатындағы №24 жалпыортамектептеріндежаңаоқужылыныңбасталуынаорай 8-11 сыныпоқушыларыменбірлескенжиналысөткізді. ЮПТ бастығы Ж.Ахметов, адами әлеуетті дамыту бөлімінің тәрбие саласының әдіскер іН.Кузембаева, психологиясаласыныңәдіскеріР.Жайынбайкәмелеткежасытолмағанұлдарыментүсіндірмежұмыстарынжүргізді. Түсіндірме жұмыстың мақсаты құқықбұзушылықтың алдын-алу, мектеп қабырғасындағы тәртіп, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысын, күндізгі және түнгі рейдттердің жүргізілуі туралы ақпарат беру. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр.Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз,-деді мамандар. Олардың сөзінше, мектеп, колледждерде сабақ басталғанда жұмыстары екі еселене түседі. Мамандар заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00 –ден кейін компьютерлік клубта отыруға және 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынғанын айтады. Жалпы  құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан. Ал, енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып,мектептен бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алады. «Ел болам десең,бесігіңді түзе» деп атам қазақ айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақыттарында немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді. Сонымен қатар, әр азаматтың міндеті-заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.Заңды білмеу, оны бұзу - жауапкершіліктен құтқармайтынын жас ұрпаққа үнемі түсіндіреміз. Осылай деген мамандар отбасындағыбала тәрбиесiнде ата-аналардың рөлi ерекше екенін атап өтті. Құрметтіата-аналаркүндізгітүнгі мезгілде еріктілерден құрылған топтар рейдтте жүреді, балаларыңыздың қауіпсіздігіне байыппен қараңыздар, сынып жетекшілерімен үнеміх абарда болып, бірлесіп жұмыс жүргізіңіздер.