ТҮРКІСТАН: 26 «ТҮҢГІ КӨБЕЛЕК» АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысының полицейлері жеңіл жүрісті 26 қызды есепке қойды.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысы аумағында Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы "Стоп-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның негізгі мақсаты - адам саудасы, жеңгетайлық, ұрлау және бас бостандығынан айыру саласындағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу болып табылады.

Аталмыш іс-шарасы аясында, Түркістан облысы ПД полицейлері Сарыағаш және Сайрам аудандарында екі жеңгетайлық жайты мен притон ұйымдастыру дерегінің жолын кесті. Мәселен тәртіп сақшылары Сайрам ауданы елдімекендерінің бірінде, өз үйінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырған жергілікті тұрғын, яғни егде жастағы әйелді анықтады. Нәтижесінде жедел уәкілдер, күдікті мен жеңіл жүрісті қызды анықтап, олардан айғақты зат ретінде ақша тәркіледі.

Полиция қызметкерлері бұған дейін осыған ұқсас притон ұйымдастыру дерегін Сарыағаш ауданындағы үйлердің бірінен анықтаған. Мұнда жедел уәкілдер, притон ұйымдастырушысы мен жеңіл мінезді қыздарды анықтады.

Қазіргі уақытта аталған жайттар ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі "Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Сонымен қатар "Стоп-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жеңіл мінез-құлықты 26 қыз профилактикалық есепке қойылып, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы "Қоғамдық орындарда тиісу" бойынша 30-ға жуық әкімшілік хаттама толтырылды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға адам саудасының, еңбек және жыныстық құлдықтың құрбаны болмау туралы алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

ҚАЗЫҒҰРТ: 2,5 КЕЛІ МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕНДІ

Бұрын сотты болған ер азаматтың көлігінен 2,5 келі марихуана тәркіленді.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Қарасора-2022" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, есірткі құралдарын сақтап, тасымалдау дерегі бойынша күдіктілерді ұстады.

Ақпарат бойынша іске кіріскен жедел уәкілдер іздестіру шаралары кезінде, Қазығұрт ауданы аумағындағы «Жібек жолы-Шымкент» тас жолы бойында күмәнді "Нексия" маркалы автокөлікті тоқтатты. Содан күдіктілердің автокөлігіне тінту жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде өсімдік тектес есірткі заттары бар полиэтилен пакет пен қағаз түйіншекті тапты.

Тәртіп сақшылары тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді. Есірткі сақтау, тасымалдау дерегі бойынша күдікті ретінде көлік жүргізушісі мен жолаушысы, яғни бұрын сотты болған Сарыағаш ауданының екі тұрғынын ұстады.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша тіркелді. Зерттеу қорытындысы көліктен алынған есірткінің 2,5 келі болатын " марихуана" екенін растады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайы мен күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарын заңсыз сақтағаны, контрабандасы және таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Егер сізде, есірткінің заңсыз айналымына байланысты қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Түркістандық полицей ару - белбеу күресінен Әлем чемпионатында жүлдегер атанды.

Ағымдағы жылдың 8-11 қыркүйек күндері аралығында Өзбекстанның Наманган қаласында белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасында Әлем чемпионаты өтті. Бұл бәсекеде әлемнің 26 елінен 250-ден астам спортшы бақ сынады. Тартысқа толы сайыста түркістандық полицей Айнұр Ақжігітова, 66 келі салмақта қола жүлдеге қол жеткізді.

Нақтырақ айтсақ, полиция аға лейтенанты Айнұр Ақжігітова, Түркістан облысы ПД Жедел қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы лауазымында қызмет етеді. 10 жылдан бері спортпен шұғылданатын жас қыз, кішкентайынан полицей болуды армандаған. Бүгінде Айнұр бағы мен бабы келіскен полицей палуан. Әлемдік, Халықаралық, республика көлемінде өткізілген спорттық жарыстардағы марапаттары мен медальдары жетерлік. Бүгінде оның қоржынына белбеу күресінің қола жүлдесі қосылды. Өзбекстан елінде өткен чемпионатта 4 қарсыласымен белдескен Айнұр, жүлделі ІІІ-орынды иеленді.

Аталған спорттық дода жайлы Айнұр: «Әрбір спортшының мақсаты - Қазақстан Республикасының Көк туын көкте желбіретіп, Әнұранын шырқату ғой. Менде бұл бағытта шаршамаймын, алар асуларым әлі алда. Өзім спортпен кәсіби түрде айналысамын, жүлделерімде аз емес. Сондықтан тәлімгерлерім, бапкерлерім, әріптестерім, жалпы облыс халқы маған сенім артып, тартысқа түсерде жауапкершілік жүгі ауыр екенін түсінемін. Сенім білдіргендердің үмітін ақтауға жұмыс жасай беремін!»-деп атап өтті.

Бізде өз кезегімізде, өзіңдей талантты қызбен мақтанатынымызды жеткізіп, бұдан да биік шыңдарды бағындыратыныңа сенім білдіреміз.

Айта кетейік, Наманган қаласында өткен белбеу күресінен Қазақстан құрамасы 5 алтын, 2 күміс және 8 қола медальға қол жеткізіп, сәтті өнер көрсетті.

САЙРАМ: ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ - БАСТЫ МІНДЕТ

Сапалы білім алудың педагог тарапынан оқытуымен қатар, құрастырушы бөліктері ретінде ол жастардың дұрыс бағыттағы жүріс-тұрысы, алдағы буынның тәрбиелік мәні бар тәжірибемен бөлісу, олардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу.

Бұл тұрғыда, бүгін Сайрам ауданының прокуроры Даулет Тлемисовтың бастамасымен Ақсукент ауылында орналасқан №93 Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінде білім алып жатқан және №94, С.Базарбаев атындағы №61 НОМ, Сұраншы батыр атындағы №97 ЖОМ-ның 300-ге жуық жасөспірім ұл-қыздарымен семинар кеңес өткізілді.

Аталған іс-шараға аудан прокуроры, аудандық полиция басқармасының және адами әлеуетті дамыту бөлімі басшылары мен жауапты қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен педагог-психологтар қатысып, жасөспірімдермен ашық диалог құрды.

Алғашқы сөзді аудан прокуроры Дәулет Бекбашұлы бастап, Президенттің Жолдауында жастарға қатысты айтылған іс-шаралардың жүзеге асыру барысын түсіндіріп, сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалған құқық бұзушылықтар мен қоғамда белең алған өзге де қылмыстар, бұдан бөлек, қоғамға жат қылықтар төңірегінде ерекше тоқталып, жиналған қауымға әрбір құқық бұзушылық үшін Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, тиісті жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.

Аудан аумағында ұрып-соғу, ұрлық, алаяқтықпен алдау әрекеттеріне барған жасөспірімдер туралы мысалдарды келтіріп, осы тектес жағдайлардан аулақ болуын және ондай іс-әрекеттер бойынша құқық қорғау органдарына дер кезінде хабар беруді, түнгі уақытта сағат 22:00-ден кейін ата-анасыз жүруге, мектептегі сабақтарды себепсіз өткізуге болмайтыны, жалпы қазіргі таңда мемлекет тарапынан жасалып жатқан барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, білім мен ғылымды, өнер мен спортты ұштастыра отырып, өзін дамыту жолында еңбек ету қажеттілігі жөнінде түсіндірме берді.

Сондай-ақ, аудан прокурорына жасөспірім балалар тарапынан көкейінде жүрген бірнеше сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауаптар берілді.

Алдағы кезеңде мұндай іс-шаралар барлық ауыл округтерінде өткізілу жоспарланып, тиісті кесте түзілген.

Түркістан: «Дінсіз қоғам болмайды» тақырыбында жиын өтті

Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" мамандары №4 С.Сейфуллин атындағы мектеп лицейінің оқушыларымен кездесті. Жиынға  «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-сінің теолог маманы Дүйсен Асхат және Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу қатысты. Мамандар оқушыларға  дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын-алуға бағытталған АТЖ өткізілді. Тәуелсіздіктің басты құндылығы тұрақтылық. Оны ешбір игілікпен салыстыруға да, алмастыруға да болмайды. Оның баянды болуы үшін қадірін бағалай білуіміз керек,-деді Дүйсен Асхат. Әлем жаратылысының негізі – махаббаттан, рақымшылық пен ынтымақтан тұрады. Жаратушы Құдай шексіз рақымымен бұл ғаламды жаратқанда, барлық жаратылыстың ішіне сүйіспеншілік пен мейірім-шапағаттың тұқымын сепкен. Сондықтан он сегіз мың ғаламның да, жер бетіндегі жанды-жансыздың да арасында ғаламат бір үндестік, татулық, өзара қарым-қатынас бар және ол сақталған. Табиғат заңдылықтары осы татулықтың негізінде тепе-теңдігін сақтап тұр. Алайда соңғы ғасырларда сол тепе-теңдікке, бірлік пен ынтымаққа адамзат кері әсерін тигізіп, әлемдегі тыныштықты өз қолдарымен бұзуда. Жер бетінде соңғы кезеңдерде орын алған қанды оқиғаларды айтуға ауыз бармайды. Бірлігі кетіп, берекесі қашқан елдердің миллиондаған тұрғындары босқын болып, бас сауғалауда. Қазақ мұндайды «бір күнгі ұрыстың қырық күнгі кесірі бар»  деп,  дөп басып айтқан. Тәуелсіз мемлекетіміз үшін де  бейбітшілік пен саяси тұрақтылықтың маңызы зор. Еліміздегі бірлік пен татулықтың нәтижесінде халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналдық. Сондықтан татулық пен келісім – Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарынан. Әлемге әйгілі философ Анри Бергсон дін жайында: «Өткен тарихта және заманымызда ғылымды, пәлсапаны білмейтін қоғамды кездестіруге болады. Бірақ, дінсіз қоғам болмайды», – деген екен. Демек адамзат тарихында діни санасы болмаған халық жоқ. Адамның пайда болуынан бері өмір сүріп келе жатқан діннің халық өмірінде өзіндік мәні зор. Қашанда дін мен қоғам бір-бірінен ажырамайтын ерекше құбылыстар болып келеді. Дін – қоғамдық құбылыс, ал қоғам – мемлекеттің негізі дейді ғалымдарымыз. Қоғамда конфессияаралық келісімді нығайту, діндер сұхбаттастығын қамтамасыз ету, діни мәмілегерлікті (толеранттылық) дамыту – Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының шешуші басымдықтарының бірі. Осы басымдықтардың жүзеге асуының нәтижесінде Қазақстанда қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ететін діндердің өзара әрекеттесуінің тұрақты үлгісі қалыптасты. Сонымен қатар Қазақстанда дінге сенушілердің құқығы, дінді ұстану немесе ұстанбау еркіндігі, рухани бірлікті нығайтуға қажетті жағдайлар қамтамасыз етілуде. Еліміздегі діни тұрақтылық нығайып, қарапайым халықтың діни наным сеніміне шектеу қойылмай, әрбір дін өкілдері зайырлы елдің заңнамасына сай өз қызметтерін жасауда. Қазақстан Республикасы діни бірлестіктер қызметінің қорғалуын да қамтамасыз етіп келеді. Тіпті, конфессиялардың өз қызметтерін жүзеге асыру үшін де қолайлы жағдайлар жасалған. Тәуелсіздік жылдарында керемет жаңа мешіттер мен шіркеулер салынды,-деп қорытты ол өз баяндамасын. Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу болса, теологиялық білім алудың артықшылықтары туралы сөз етті. Қоғамның қай саласында болмасын, сұраныс ұсынысты тудырады. Өкінішке қарай, тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары халықтың дінге деген сұранысын тиісті деңгейде қанағаттандыратын оқу орындарының болмауы салдарынан көптеген жастарымыз діни ілім аламын деп шетел асып кетті. Мұның соңы елімізде деструктивті діни ағымдардың пайда болуына әкеп соқты. Мамандар діни білімнің негізін өз елімізде қалаған тиімді екендігін дәлелдеген. Себебі мектепті енді тәмамдаған жас түлек өмірдің ақ пен қарасын ажырата алмай жатып, деструктивті ағымдардың жетегінде кетіп қалуы әбден мүмкін. Анығын айтқанда басқа елдің көзқарасы осындай қадамдарға баруға әсер етеді. Сондықтан діни білім міндетті түрде өз елінің мәдениетімен, дүниетанымымен, салт-дәстүрімен бірге берілуі керек. Кейін білімін әрі қарай жетілдіру, тәжірибе алмасу үшін ғана шетелге баруға болады,- деді.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы «исламтану» мамандығы бойынша 3 жыл білім беретін медреселер ашты. Қазіргі таңда мамандары сұранысқа ие. Жыл сайын түлектердің де саны артуда.ҚМДБ-ға тікелей бағыныштағы 9 медресе бағдарламалары білім стандарттарына сай жасалған. Оларды бітірушілер мемлекеттік үлгідегі «исламтанушы» деген диплом алып шығады. Яғни мешіт, медреселерде қызмет жасауға мүмкіндігі болады.







Төлеби: 3 миллион теңгеге шығын келтірді

Тұрғынның сеніп тапсырған мүлкін жаратып, 3 миллион теңгеден астам шығын келтірген күдіктіні полицейлер анықтады.

Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның жеке мал шаруашылығындағы қоймасынан 6 тонна бидай, 6 тонна арпа мен 750 дана жоңышқаны жұмысшысы сатып жіберген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан таражға салу» бойынша тіркелді.

Тәртіп сақшылары хабарлама алысымен тез арада оқиға орнына шығып, тексерудің нәтижесінде күдіктіні жергілікті мекенжайынан анықтады.

Полицейлер тексеру барысында, жәбірленуші ауызша келісім арқылы малдарына қарауға жас жігітті жұмысқа алған. Содан жас жігітке мүлкін сеніп тапсырып, өзі үйіне кеткен. Ал таңертең шаруашылыққа келгенінде, қоймадағы сеніп тапсырған мал азығының ұрланғанын көреді.

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде полиция қызметкерлері тұрғындарға барынша қырағы болып, өздерінің бағалы мал-мүліктерін кез келген таныс емес адамдарға сеніп тапсыруға болмайтынын ескертеді.

 

АРЫСТЫҚ КЕЛІНШЕК АЛАЯҚТЫҒЫ ҮШІН ҰСТАЛДЫ

Мемлекеттен миллион теңге жәрдемақы алып беремін деп, алаяқтық жасаған келіншек анықталды.

Арыс АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны туралы шағым түсірді. Тұрғынның айтуынша, оның үйіне бейтаныс адам келіп, босануға байланысты мемлекеттен берілетін жәрдемақыны еселеп алып беретінін ұсынған. Өзін мемлекеттік қызметкер ретінде ұстаған келіншек қызметі үшін 450 мың теңгені санап алған. Бар ақшасын санап берген жәбірленуші уәденің орындалуын 6 ай күткен. Ақыры алданғанын түсініп, ақшасын қайтарып алу мақсатында полицияға арызданған.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде жәбірленушіге мемлекеттен миллион теңге жәрдемақы алып беремін деп, алаяқтық жасаған күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын, яғни жас келіншек болып шықты.

Тексеру кезінде күдікті әйелдің бұдан басқа осындай 2 алаяқтық жайтына қатысы бары расталды. Жалпы тұрғындарға келтірілген шығын 1,5 миллион теңгеге жуық.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және әртүрлі жәрдемақы алуға немесе жұмысқа орналасуға күмәнді қызметтер ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.

Діннің жастардың санасы мен дүниетанымына әсері

Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Ал жастар болса қоғамның негізгі қозғаушы күші. Жастардың дінге деген көзқарасы, түсінігі тәрбиеден басталады. Дінге деген көзқарас әр кезеңде әр қоғамда сан алуан болып келген. Ал діни ұстанымдар негізінде қалыптасқан сенім жастардың қоршаған ортамен, басқа адамдармен санасы мен дүниетанымы бойынша қалыптасады.               

Барлық тарихи кезеңдерде жастар қоғамның ең ұтқыр, оқуға, жаңалық енгізуге және реформаларға бейім бөлігі ретінде сипатталғанын бәріміз білеміз. Қазіргі таңда тек білімді, ой-санасы терең, ақыл-ойы дамыған және кәсіби дайындалған жастар ғана сапалық, серпінді және инновациялық дамудың маңызды шарты мен кепілі болатынын, еліміздің болашағын қамтамасыз ете алатынын ешкімге дәлелдеп жатудың қажеті жоқ.

Бүгінде Қазақстандағы 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың үлес салмағы 4,5 миллионнан астам адамды құрайды. Олардың 700 мыңнан астамы – студенттер.

Қазіргі заман жастарына басты қауіп қатер деструктивті діни ағымдар тарапынан болуда. Себебі, діни ағымдар өз қатарына адамдарды, әсіресе жастарды баулап алу үшін, жастардың психологиялық, психикалық жай күйін бақылап, талдау жасау арқылы  қолдарындағы бар мүмкіндікті пайдаланып, ғаламтор желісінде сапалы түрде ақпараттық материалдар жариялайды7

Қазір барлық адамзаттың ғаламтор желісін қолдануы заңдылық. Әсіресе, жастар үлкен буын өкілдеріне қарағанда ғаламтордың мүмкіндіктерін жетік меңгерген. Сондықтан, олардың осындай амалдар арқылы өзіне тартатын деструктивті ағымдардың әсеріне ұшырау қауіпі жоғары.

Сонымен қатар жастардың діни идентификацисының қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі – діни дүниетанымның, сананың қалыптасуы болып табылады.

Діни экстремизм мен терроризмнің кеңінен таралуы осы жағдайдан пайда болып жатады. Олар өмірде әлеуметтік тұрғыда қандай жағдайға ұмтылу керектігін, сол бағдарламаланған мақсаттарды қандай тиімді жолмен іске асыру қажеттілігін, неге қуанып неден қашу керектігін шешеді. Тәжірибесіз жас діни ойындар мен соғыстардың «ойыншысы мен орындаушысына» қалай айналып кеткенін өзі де түсінбей, сезінбей қалады.

Қазіргі таңда қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Діннің қоғамдық қатынастарға, қоғам санасының діни компонентін қалыптастыруға ықпал ету әсері күшейіп, кеңейе түсуде. Халықтың әртүрлі топтар өкілдерінің рухани, соның ішінде діни өмір салтына деген қызығушылығы артуда.

Экстремизм мен терроризм идеологтары дінді пайдаланып, діни риториканың ерекше әдістерін қолдана отырып, халықтың белгілі бір топтарының ой-санасына теріс ықпал ете білді. Көп жағдайда әлеуметтік белсенділігімен ерекшеленетін, идеологиялық ықпалға тез түсетін қоғамның ерекше тобы саналатын жастар теріс пиғылды діни насихаттық қызмет үшін ыңғайлы нысанаға айналды. Жас ерекшеліктеріне қарай ізденгіш және білуге құмар болып келетін жастар қылмыс әлемінің, соның ішінде шетелдік және халықаралық субъектілердің тарапынан айлакерлікпен жасалған идеологиялық тұзаққа жиі түсетін болды.

Имамдар, дін қызметкерлері және жалпы дін саласындағы беделді азаматтар жастарды рухани-адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеуде елеулі рөл атқарады. Алайда қазіргі уақытта діни білім беру жүйесі бүгінгі күннің талаптарына және жастардың рухани сұраныстарына толық сәйкес келеді деп айта алмаймыз. Кейбір имамдардың ой-пікірлерінің тайыздығын, жастарға үлгі болатын мінез-құлықтарының жоқтығын көріп қынжыламыз. Зәру сұрақтарға жауапты діннен іздеген жастар оларды мешіттерден, дін қызметкерлерінен әрдайым таба бермейді. Кейде жастардың мешітке кіргенде діни қауымның кейбір өкілдерінің пайдакүнем, тәкаппар мінездерін көретіні жасырын емес. Сондай сәттерде, әрине, жастар діни экстремизм идеологтарының қолына оңай түсуі мүмкін, мұндай жағдайлар бұған дейін де орын алған.

Діни ұрандарды жамылып, қолынан кінәсіз жандардың қаны тамған лаңкестер шын мәнінде қаһарман емес. Бетперденің және «мужахид» имиджінің артында адамдарға билік жасау­ды көксеген, баюдың ең арсыз мүдделерін көздеген, махаббат пен имандылықтан жұрдай жүрексіз, кейде тіпті психикасы бұзылған субъект жасырынып тұрады.

Біздің қазақ мәдениеті басқа мәдениеттерден көп қырлылығымен және біртұтастығымен ерекшеленеді. Бұл дегеніміз, біздің ата-бабаларымыздың дін мәселелерінде ақ-қараны айыра білсе де, дінді арнайы салаға немесе өмірдің міндетті бөлігіне айналдырмағанын аңғартады.

Кез келген дін, соның ішінде ислам да адамның білім алуына шектеу қоймайды. Ислам діні ешқашан басқа сенімдерге немесе қоғамның құндылықтары мен дәстүрлеріне қарсы шыққан емес. Қазақтар дінді сыртқы атрибутика ережелері мен шартты жоралар жиынтығы ретінде емес, этникалық мәдениет пен халықтың философиясымен табиғи байланысы бар әмбебап діни ілім ретінде қабылдады.

Бүгінгі жас ұрпақ жастық шақ пен алтын уақытты дұрыс бағалап, білім алуға, кәсіптің белгілі бір саласын игеруге барынша күш жұмсауы қажет. Жастар заманауи техникалық байланыс құралдарының барлық түрін игеріп шығуы тиіс. Діни тұрғыдан алғанда әркімнің өз халқының дәстүрлерін біліп, сақтап, құрметтегені абзал.

 

Б.Өтеген 

Түркістан облысы дін істері басқармасы

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы