Шетелдік автокөліктерді заңдастыру міндеттелуде

Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру міндетін жүктеген болатын. Қазір бұл үшін мемлекеттік органдар барлық қажетті заңнамалық және ұйымдастырушылық шараларды қабылдауда. Экологиялық және Салық кодекстеріне түзетулер әзірленді. Азаматтар бастапқы тіркеу үшін 200-250 мың теңге көлемінде ғана алым төлейтін болады. Заңдастыру кезінде утиль алым төленбейді. “Кодекстерге түзетулер келесі жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді, сондықтан заңдастыру келесі жылдан бастап жүргізілетін болады. Осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген автокөліктердің тізімі жасалды. Кейінірек әкелінген автокөліктер заңдастыруға жатпайды және жалпы негізде тіркеледі. Бүгінгі таңда ІІМ және басқа да мемлекеттік органдар автокөліктерді заңдастыруды барынша қарапайым және түсінікті ету тәсілдерін әзірлеуде. Автокөліктерді заңдастыру үшін полицияға онлайн-өтініш беру мүмкіндігі пысықталуда. Полициямен байланыс орталықтарының жұмысы ұйымдастырылады. Тіркелген көліктерге қарапайым ақ нөмірлер беріледі, полиция қандай да бір шектеулер қоймайды. Еуразиялық экономикалық одақтың тауары болып табылмайтын автокөліктер кедендік баждарды төлеуі тиіс. Бұл үшін Қаржы министрлігі азаматтарға қолайлы кедендік декларациялау тетіктерін әзірлеуде. Заңдастыруды өткізудің барлық шарттары әзірленгеннен кейін Үкіметтің тиісті қаулысы қабылданатын болады. Айта кету керек, заңдастыруға “қылмыстық” және кедендік бақылаудан өтпеген автокөліктер кірмейді. Автокөліктердің шығарылған жылына және экологиялық санаттарына қарай талаптар жоқ. Қалған талаптар бойынша шешім қазір ұлттық және халықаралық заңнаманы ескере отырып қабылдануда. Сондай-ақ жол ережесін бұзудың кейбір түрлері бойынша жауапкершілікті күшейту болғанымен, полиция шетелдік автокөліктер бойынша ешқандай арнайы рейдтік іс-шаралар жүргізбейтінін де хабарлағымыз келеді. Сақтандыру немесе автокөлік иелерін қудалау мәселелері бойынша әлеуметтік желілерде түрлі ақпарат таралуда. Сондықтан сіздерді тек қана мемлекеттік органдардың ресми ақпаратына сенуге шақырамыз! Қазір үкімет үшін Мемлекет басшысының автокөліктерді заңдастыру жөніндегі тапсырмасын орындау басым міндет болып табылады. Полиция жол қозғалысын қадағалау кезінде шетелдік автокөліктерді заңдастыру қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағдарланатын болады. Сонымен қатар барлық автокөлік иелерінен жол қозғалысы ережелері мен жолдардағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз”, – деді ведомствода.

Полицейлер Түркістан қаласының студенттеріне есірткінің зияны туралы айтты

Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жастар арасында нашақорлықтың таралуының алдын алу жұмыстарын жүргізу аясында, көпсалалы колледж студенттерімен кездесті. Іс-шараға Түркістан облысы ПД ЕҚҚІҚБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл Дәурен Сартаев, нарколог-дәрігер Ақан Сайдуллаев, оқу орнының активі мен студенттері қатысты.

Негізгі мақсаты - жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, адамгершілік құндылықтар мен құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға тарту және есірткіге қарсы тұрақты ұстанымды қалыптастыру.

Кездесуді ұйымдастырушылар жастармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, есірткі мен психотроптық заттарды тұтынудың зияны, олардың адам денсаулығына қандай қауіп төндіретіні туралы айтты. Тәртіп сақшылары студенттерді есірткінің заңсыз айналымы саласындағы ҚР заңнамасымен таныстырып, есірткі заттарын заңсыз сақтау және өткізу жағдайындағы қылмыстық жауапкершілік барын ескертті. Сонымен қатар есірткіні қолданудың салдары туралы бейнероликтер көрсетіліп, есірткіге қарсы тақырып бойынша буклеттер таратылды.

Соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ жастар "Есірткіге жол жоқ!" тақырыбында өткізілген кездесу үшін алғыс айтып, салауатты өмір салтын ұстанатындарын атап өтті.

Полиция подполковнигі Дәурен Сартаев, нашақорлықтың алдын алу мен оған қарсы тұруға бағытталған мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді. Тәртіп сақшылары жастарды жаман әдеттерден бас тартуға және есірткі мен психотроптық заттарды пайдаланбауға шақырады.

Түркістан: Жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып кеткен

Түркістан облысында көлік басқарған жасөспірім жол апатын жасап, жаяу жүргіншіні қағып кетті.

16.09.2022 жылы сағат 09:00 шамасында Ордабасы АПБ-ға Қайнар ауылы көшелерінің бірінде жол апаты орын алғаны туралы хабарлама түсті. Ақпарат алысымен оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты.

Полицейлер тексеру кезінде, «LADA 211440» маркалы көлік жүргізушісі, яғни жасөспірім жігіт Шымкент бағытына қарай бара жатып, басқару жүйесін игере алмай, жол шетіне шығып кеткенін анықтады. Осы сәтте жүргізуші жаяу жүргіншілер жолында (тротуар) кетіп бара жатқан жасөспірім қызды қағып кетіп, жол апаты орын алған.

Нәтижесінде кәмелет жасына толмаған қыз жедел жәрдеммен орталық ауруханаға жеткізілу барысында қайтыс болған. Ал жасөспірім көлік жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен. Белгілі болғандай, жасөспірім жігіт әкесінің үйде жоқтығын пайдаланып, көлігін рұқсатсыз мініп кеткен.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы ретте Түркістан облысының полицейлері барша көлік жүргізушілеріне ескертеді, әрдайым жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар! Бұл өзіңіздің де өзгенің қауіпсіздігі үшін маңызды! Сондай-ақ көлік басқаруға арналған куәлігіңіз болмаса, темір тұлпар тізгіндеуге болмайтынын естен шығармаңыз.

Құрметті жүргізуші: жолда жүргенде жылдамдықты асырмай, бағдаршамның түсіне баса мән беріп, жол ережесіне мұқият болыңыз!

Түркістан: Аң аулау ережесін бұзған...

Түркістан облысының полицейлері аң аулау ережесін бұзудың 80-нен астам жайты анықтады.

Жыл сайын Түркістан облысы ПД табиғатты қорғау тобының полиция инспекторлары, браконьерлікпен күрес, экологиялық қылмыстар мен табиғат қорғау заңнамасын бұзушыларды анықтауға, олардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған түрлі жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізуде.

Сонымен қатар полицейлер рейдтік іс-шаралар кезінде заңсыз айналымнан тіркелмеген 16 дана аңшы мылтығын тәркілеп алды. Сондай-ақ аң аулау ережелерін бұзудың 80-нен астам дерегін анықтады. Оның ішінде 32 құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабының 1-бөлігі "Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, қалғандарына ескерту берілді.

Мәселен мүдделі органдармен бірлесіп жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында, жыл басынан бері браконьерлікке байланысты 2 экологиялық қылмыс тіркелген.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға табиғатты және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР заңнамасын қатаң сақтауды ұсынады. Егер де, сіз, осындай құқық бұзушылықтарға тап болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.

Қазығұрт: Ауласына сора еккен

Түркістан облысының полицейлері сора еккен тұрғынды анықтады.

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның бірі есірткі өсірумен айналысады деген хабарлама келіп түсті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Хабарлама түскен сәттен бастап тәртіп сақшылары, бірден жедел-іздестіру шарасына кірісті. Осылайша ақпарат көздері арқылы күдікті тұрғынның жеке-басы мен мекенжайы анықталды.

Полицейлер күдікті ер адамның үйіне тінту жүргізу кезінде, 9 түп есірткі өсімдігін тәркіледі. Өз кезегінде тұрғын, аталған есірткіге ұқсас өсімдікті өсіргенін толығымен мойындады. Сондай-ақ айғақты зат ретінде алынған өсімдіктерге сот-сараптамалық зерттеу тағайындалды. Сараптама нәтижесімен алынған түптер «сора» есірткі заты болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері заңсыз, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді еккені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Оған қоса тәртіп сақшылары есірткінің қоғам дерті екендігін ұмытпай, оны өсіріп, қолданып, тасымалдағандармен күресуді күшейтуде.

Сондықтан Сіз, есірткі бойынша қандай да бір ақпараттарды білсеңіз, бірден полицияға хабарласыңыз. Бұл өз кезегінде есірткіге байланысты қылмыстардың азаюы мен жолын кесуге септігін тигізеді.

Қазақстандағы икемді жұмыспен қамту шарттары заңнамалық түрде бекітілетін болады

ҚазақстандаӘлеуметтіккодексжобасышеңберіндехалықтыикемдіжәнеплатформалықжұмыспенқамтудыңжаңатүрлеріүшінжағдайларжәнежұмыскерлердіәлеуметтікқорғаушараларызаңнамалықдеңгейдеқалыптастырылып, бекітілетінболады.

Әлеуметтіккодекстіңжобасындахалықтыңжекелегеносалсанаттарынажұмыспенқамтуғажәрдемдесусаясатынанбарлықеңбеккеқабілеттіазаматтардыңнәтижеліжұмыспенқамтылуыүшінтеңбастапқыжағдайларжасауғакөшукөзделеді.

Бірінші. Платформалықжұмыспенқамтудықосаалғанда, құқықтықөрістежұмыспенқамтудыңикемдінысандарынбекіту. Жұмысберушілертарапынантеріспайдалануғажолбермеумақсатындаеңбектіұйымдастырудыңміндеттішарттарыбекітілетінжәнежұмыспенқамтудыңикемдінысандарыүшіннысаналытоптарайқындалатынболады.

Екінші. Жұмыссипатынақарамастан, жұмыскерлердіңеңбекқұқықтарынтолыққорғаудықамтамасызету, атапайтқанда, платформалықжұмыспенқамту, бірлескенжұмыс (біржұмысорнындажұмысістейтінекіадам), жылжымалыкесте, төрткүндікжұмысаптасыжәнебасқалар.

Үшінші. Онлайн-платформаларменстандарттыжариятүрдегішартарқылыинтернет-платформаларнегізіндежұмысістейтінадамдардытанудыңжәнеәлеуметтікаударымдардың (Бірыңғайжинақтаушызейнетақықорына, мемлекеттікәлеуметтіксақтандыруқорынажәнеәлеуметтікмедициналықсақтандыруқорына) болуынанықтаудыңқарапайымрәсіміненгізу.

Төртінші. Табысқасалынатынтөмендетілгенсалықтықжүктеменікөздейтінбіріккентөлемдіенгізуесебіненсалықтарды, зейнетақыжәнеәлеуметтікаударымдардытөлеутетігінбарыншаоңайлатуұсынылады. Бұлреттебірыңғайжиынтықтөлемдіалыптастаудажоспарлануда.

Бесінші. Жұмыстанайырылу (жоғалғанкірістің 40-тан 45%-ғадейін), жүктілікжәнебосанукезіндекірістенайырылу (100%) тәуекелдерітуындағанжағдайдақызметкерлердіәлеуметтіксақтандыружүйесінентөленетінжоғарытөлемдерменқамтукөзделеді, сондай-ақбалакүтімібойыншаәлеуметтіктөлемдердіңұзақтығы 1 жастан 1,5 жасқадейінұлғаяды.

Аталғаншаралареңбекқатынастарынжеңілдетілгенресімдеуменжаңаынталандыруларесебінененгізудіңбіріншікезеңініңөзінде-аққызметінресмилендіругежәнекемінде 300 мыңбейресмижұмыспенқамтылғанадамдыәлеуметтікқорғаудықамтамасызетугемүмкіндікбереді.

Барлықосыжаңаенгізілімдердіңмақсатыеңбекететінқазақстандықтардыәлеуметтіксақтандыружәнезейнетақыменқамсыздандыружүйесінеқосуарқылыолардыәлеуметтікқорғаудықамтамасызетуекенінатапөтуқажет.

САРЫАҒАШ: ҰЛТАРАҒЫНЫҢ АСТЫНА ЕСІРКТІ ЖАСЫРҒАН...

Ұлтарағының астына есірткі жасырған шетелдік ұсталды.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдікті ұстады.

Нақтырақ айтсақ, Қазақстанның «Жібек-жолы» шекара бекетінен Өзбекстан Республикасына өтпекші болған шетелдік жас жігітке «Джайма» атты қызметтік ит белгі беріп тоқтатқан.

Полиция қызметкерлері ақпарат түсісімен оқиға орнына жетті. Шетелдікті тінту кезінде, оның аяқ киімінің ұлтарағының астынан есірткі затына ұқсас зат табылып, нәтижесінде ол «гашиш» болып шықты.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін, қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

СОЗАҚ: МАЛ ҰРАЛАҒАН АУЫЛДАСТАР

Полицейлер мал ұрлығына қатысы бар 2 ауылдасты анықтады.

Созақ аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғындар арызданып, жайылымдағы ірі қара малдарын, яғни сиырларын белгісіз біреудің жымқырғанын жеткізді. Тұрғындарға 300 000 теңге шығын келтірілген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді.

Орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында, ауданның тәжірибелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары оқиға орнын мұқият тексеріп, көрген-білген куәлардан жауап алды. Сонымен қатар іске белсене кіріскен созақтық сақшылар, мал сататын орындарды да шолып шықты. Осылайша жүргізілген тиянақты істің нәтижесінде, мал ұрлығына қатысы бар 2 күдікті ер адам ұсталды. Олар жергілікті тұрғындар болып шықты.

Белгілі болғандай, күдіктілер түнгі уақытта жайылымда жайылып жүрген сиырларды көріп оңай жолмен пайда табу мақсатында ұрлық қылмысын жасаған. Сондай-ақ сезіктілер қолды қылған үй жануарларын мал базарға сатып, ақшасын өз қажеттеріне жұмсаған.

Бүгінде полицелер күдіктілердің бұдан басқа да мал ұрлықтарына қатысы бар-жоғын анықтауда. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері мал иелеріне қырағылық танытуға кеңес береді.