Түркістан: Алаяқтық қылмысының 7 жайтына қатысы бар әйел анықталды

Түркістан полицейлері алаяқтық жасаған жұмыссыз әйелді қамауға алды. Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оны жақын таныс емес азаматша алдап кеткен. Яғни алаяқ, кәсіпкерлік үшін мемлекет тарапынан қайтарымсыз 5 миллион теңге алып беремін деп сендірген. Осы қызметі үшін жәбірленушіден 200 мың теңге ақша алған. Алайда арадан жарты жыл уақыт өтсе де, сенген адамы не жәрдемақы алып бермеген, не алған ақшасын қайтармаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдіктіні ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде күдікті орта жастағы әйел тұрғылықты мекенжайынан анықталды. Ол жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, орта жастағы әйел оңай жолмен ақша табу мақсатында, мемлекеттен қайтарымсыз несие әперемін деп, бірнеше тұрғынды алдап үлгерген. Сезіктінің жалпы 7 жайт алаяқтық қылмысына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеге жуық. Ол қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Жетісай: Жол қауіпсіздігі мәселесі журналистермен талқыланды

«Қауіпсіз жол жүрісі апталығы» акциясы бойынша Жетісай ауданының полицейлері ауқымды іс-шаралар атқаруда. Мысалы тәртіп сақшыларының күнделікті рейдік-профилактикалық іс-шараларынан бөлек, Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді.

Келелі кездесуде жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша төртінші билік өкілдерімен бірлесіп, жұмыс атқару талқыланды. Яғни халық арасында, оның ішінде автокөлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережесін қатаң сақтап, балалардың қауіпсіздігін басты орынға қоюды түсіндіруде жұмыла қызмет ету қажеттігі айтылды.

Өз кезегінде журналистер полицейлерге ұсыныс-пікірлері мен сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу орнады. Сондай-ақ аудан тәртіп сақшыларының жұмысына оң бағаларын беріп, алдағы уақытта бірге қарқынды қызмет жасайтындықтарын жеткізді.

Одан басқа жетісайлық полиция қызметкерлері «Сіздің жолаушыңыз-бала!» тақырыбымен ата-аналар арасында жиналыс өткізді. Онда әрбір ата-анаға үйде ұл-қызына жол қозғалысы ережесін ұғындыру, жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтау керектігі бойынша сұхбат өрбіді.

Ақпарат ретінде айта кетсек, жалпы Жетісай ауданында 2022 жылдың 10-айында полицейлермен 47 744 оқушыға қауіпсіздік сабақтары өтті. Жасөспірімдер арасындағы түрлі келеңсіз оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында, «Жасөспірім және түнгі қаладағы балалар» профилактикалық шарасы ұйыымдастырылды.

Шымкент қаласында орналасқан кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 4 жасөспірім орналастырылды. Ата-ана құқығынан айыру дерегі бойынша аудандық әкімшілік жанынан құрылған комиссияға 12 іс құжат жолданды.

 

Түркістан облысының полицейлері кезекті мас жүргізушіні анықтады

Ордабасы ауданының патрульдік полиция қызметкерлері қызмет атқару барысында, жол ережесін бұзған "Шевролет" маркалы көлік жүргізушісін тоқтатты. Тексеру кезінде автокөлік жүргізушісінің ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабын «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бұзғаны үшін 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

Алайда жол қозғалысы ережелерін бұзғанына қарамастан, ер адам мас күйінде рульге қайта отырған. Медициналық куәландыруға оның мас болғанын растады. Бұл жайт ҚР ҚК 346-бабы бойынша «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» тіркелді.

Полицейлер жүргізушіге қатысты жинақталған материалдарды заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберді. Нәтижесінде, сот үкімімен жергілікті тұрғынға бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жолаушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға, ең бастысы – ішімдік ішіп көлік жүргізбеуге шақырады. Бұндай әрекеттің соңы орны толмас зардаптарға әкелуі мүмкін.

 

 

ШЫМКЕНТТЕГІ АБАЙ АУДАНЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫНҒА «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АЯСЫНДА ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Шымкент қаласында кезекті «Заң керуені» акциясы Абай ауданында өтті. Республикалық акция шеңберінде Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары Нұржан Сейдалиев, Абай ауданының прокуроры Жасұлан Әділбайұлы, аудан әкімі Бұхарбай Парманов және көшпелі мобильді топ өкілдері тұрғындардың мәселесін тыңдап, құқықтық және заңгерлік кеңестерін берді.

– Бүгін халықпен тікелей кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелерді азаматтардың өз аузынан естіп жатырмыз. Тұрғындар жерді заңдастыру, әлеуметтік төлем, құрылыс, қоғамдық көлік және тағы да басқа салаларға қатысты өзекті мәселелерін жеткізуде. Заңсыздықтар орын алып жатқан болса, осында жиналған құзырлы органдар мен мемлекеттік мекеме өкілдерімен бірлесе мәселені шұғыл шешуге мүмкіндік бар. Кейбір азаматтарға заң талаптары жөнінде түсіндіріліп, құқықтық кеңестер беріліп жатыр, - деді қала прокурорының бірінші орынбасары.

«Заң керуені» акциясы 4 қараша күні өз мәресіне жеткен болатын. Абай ауданында акция барысында 500-ге жуық тұрғынға заңгерлік, құқықтың кеңес беріліпті. Осы іс-шара барысында шешімін таппаған мәселелер Шымкент қаласы прократурасының бақылауына алынып, зерделеу жұмысы жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылады.

Сонымен қатар Шымкент қаласы прокуротурасында азаматтарды қабылдау орталығы тұрақты түрде жұмыс істейді. Кез келген азамат осы орталыққа барып, кезекші прокурорға өзінің талап-тілектері мен шағымын жеткізе алады. Қала прокуроры мен орынбасарлары бекітілген кесте негізінде азаматтарды күнделікті қабылдауға дайын.

Сондай-ақ, шара Әл-Фараби ауданының да аумағында өткен болатын. Әл-Фарабиауданыаумағындамемлекеттікқұзырлыорганөкілдеріненбесжұмысшытопқұрылып, шалғайелдімекендердіңбарлығынқамтып, бүгінорталыққаойысты.

 

“ЗАҢ КЕРУЕНІ” ШЫМКЕНТТЕ ӨТТІ

ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен өтіп жатқан «Заң керуені» Шымкентке кеп тоқтады. Қарашаның бірінен басталған акция бүгін Түркістан сарайында жалғасты.

Акцияға қала әкімі Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов, қалалық құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, қала әкімінің орынбасарлары мен әкімдіктің салалық басқарма басшылары атсалысып, азаматтардың талап-тілегі мен арыздарын тыңдады.
Мұндағы мақсат - жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту.
“Шымкент қаласының прокуратурасында азаматтарды қабылдау орталығы бар және онда кезекші прокурорлар азаматтарды кез келген уақытта қабылдайды. Дегенмен, біз азаматтарға өз аяғымызбен барып, шалғай елді мекендерде тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап жатырмыз”, – деді Ғабит Мұқанов.
Акцияның алғашқы күнінде сұрақтары мен арыздарын айтып келгендердің басым көпшілігі әлеуметтік мәселелерді қозғаған.
Айтып өтейік, «Заң керуені» Шымкентте қараша айының 4-іне дейін жалғасады.
Тұрғындар тарапынан жер телімдерін заңдастыру, жер телімдерінің нысаналы мақсатын ауыстыру, тұрғын үйге кезекке тұру, баспананы жалға алу, бизнес бастауға грант алу мүмкіндігі, арнайы әлеуметтік көмек түрлеріне жазылу, жылыту маусымындағы жылу жүйелерінің сапасы секілді басқа да өзекті мәселелері көтерілді. Денсаулық саласы мен білім беру мекемелеріне жұмысқа тұру жөнінде де сұрақтар аз болған жоқ.
Барлығының шешілу жолы заң шеңберінде қаралып, мәселелер тиісті сала мамандарының талқылауымен жан-жақты саралана отырып хаттамаға енгізілді.
Өзектілігін жоймаған тұрғын үй кезегі мен жер телімін заңдастыру мәселесін қозғап келген тұрғындарға шешім реті мен заңдылығы түсіндірілді.
Естеріңізге салайық, қала әкімінің азаматтарды бірыңғай қабылдауы жүйелі түрде, әр айдың алғашқы сәрсенбісінде өтуде.
Дәл осы сәтте Шымкент қалалық прокуратурасының прокурорлары да арнайы ашық есік күнін ұйымдастырып, “Заңдылық керуені” акциясы аясында жеке қабылдауға келген тұрғындар сұрағына тұщымды жауаптар беріп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Барлық мәселе заң шеңберінде қаралып, тиісті сала мамандарының талқылауымен жан-жақты шешілу жолдары айтылып, хаттамаға енгізілді.
Өзектілігін жоймаған тұрғын үй кезегі мен жер телімін заңдастыру мәселесін қозғап келген тұрғындарға шешім реті мен заңдылығы түсіндірілді.

Отырар: Таныстарының атынан жасырын несие алған

Отырар аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды.Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның атынан белгісіз біреу банктердің бірінен несие алған. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңге. Бұл туралы жәбірленуші арадан 1 айдай уақыт өткен соң банктен несиеңізді төлеңіз деп хабар келгенде бірақ біледі. Содан тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұрады.                                                                                  

               Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында отырарлық полицейлер қажетті іс-шараларды жүргізді. Жинақталған ақпарат нәтижесінде, осы қылмысқа қатысты күдікті анықталды. Ол жәбірленушінің танысы, жергілікті тұрғын жас әйел болып шықты. 

               Анықталғандай, күдікті келіншек жәбірленушіні жұмысқа кіргізіп беремін деп, оның құжаттарын суретке түсіріп алған. Содан жәбірленушінің жеке мәліметтерін пайдаланып, атынан тауарлық несие шығарған. Бұдан бөлек аталмыш әйелдің тағы 2 жайт алаяқтық қылмысына қатыстылығы анықталды.              Онда күдікті әріптесі мен туысының құжаттарын түрлі сылтаумен алып, олардың аттарынан әрқайсысына 1 миллион теңгеден несие алған. Күдікті әйел қомақты қаражатты өз пайдасына жұмсап жібереді.

               Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің басқа да осындай алаяқтық қылмысына қатысы бар-жоғы анықталуда.

               Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өзіңізге қатысты жеке, құпия сандарды ешкімге бермеңіздер деп ескертеді. Банктік кәртішкелеріңізбен жеке куәлігіңізге, жалпы құжаттарыңызға ұқыпты болыңыздар.

Облыстың бас полицейі М.Қабденов спортшы полицейлерді марапаттап, жас мамандарға шендерін табыстады

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, облыстың спортшы полицейлерін қабылдап, марапаттау рәсімін өткізді. Жалпы тәртіп сақшылары қылмыспен күресіп қана қоймай, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, түрлі спорттық жарыстарда топ жарып жүр.

Сондықтан мәжіліс залында өткізілген шарада бағы мен бабы келісіп, Анталия қаласында (Түркия) өткен ересектер арасындағы «Әмбебап жекпе-жек» спорт түрінен Әлем кубогінде 90 келі салмақ дәрежесінде күресіп, жүлделі ІІ-орында иеленіп, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына қол жеткізген полиция капитаны Жәнібек Жақыпбекұлы медаль, кубок, арнайы сертификатпен марапатталды.

Сондай-ақ Өскемен қаласында Полиция департаменттері қызметкерлерінің арасында самбо күресінен ҚР ІІМ спартакиадасында 58 келі салмақ дәрежесінде ІІ-орын иеленгені үшін полиция капитаны Мұхтар Маратұлы медаль, грамотамен марапатталды. 88 келі салмақ дәрежесінде ІІІ-орынды полиция аға лейтенанты Еркеғали Серғалиұлы иеленсе, ал 98 келі салмақ дәрежесінде ІІІ-орынды полиция аға лейтенанты Ернат Керімханұлы қанжығалады. Аталмыш спортшыларды қабылдаған генерал М.Қабденов өзінің алғысын білдіріп, қызметкерлердің жұмысына сәттілік тіледі.

Одан бөлек іс-шара кезінде ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес орта басшы құрамының алғашқы полиция лейтенанты арнаулы атақтары берілді. Олар Сауықбек Асабаев, Елдос Мұхтарұлы, Нұрсұлтан Ақышбекұлы, Гүлбану Жабаева, Талғат Жаңабай, Ыбырай Жұмабек, Гүлбаршын Мұхаметқалиева, Нұрболсын Орымбаевтарға шендері салтанатты түрде табысталды.