Сенбі, 06 Мамыр 2023 00:46

Түркістан облысы: қос мереке қарсаңында төтеншеліктер де марапатталды

Түркістан облысы ТЖД салтанатты іс-шара өткізілді. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Бақытжан Жақсылықұлы Запаров жеке құрамға ҚР Төтенше жағдайлар министрінің құттықтауын жеткізіп, төтенше жағдайларды жою және адамдарды құтқару жолында аянбай еңбек етіп, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосып жүрген өрт сөндірушілерге адал қызметтері үшін алғысын білдірді, мерекемен құттықтады.

Іс-шара барысында Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін нығайтуға және дамытуға қосқан үлестері үшін, Қазақстан Республикасының тыныс-тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жетістіктері үшін және Ұлы Жеңістің және Отан қорғаушылар күніне орай ведомстволық марапаттар және, қызметкерлерге арнаулы атақтар табысталды! Сонымен қатар құрметті де ардақты ардагерлерімізді бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтап, оларға ұзақ өмір, зор денсаулық және бақыт тілейміз.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің атқаратын негізгі қызметі төмендегідей екі салаға бөлінеді. Олар:

Авариялық-құтқару жұмыстары

Авариялық-құтқару жұмыстары - адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды іздестіру және құтқару, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдай аймағындағы және әскери іс-қимылдарды жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау, оларға тән қауіпті факторлардың әсер етуін оқшаулау және басу немесе ең төменгі ықтимал деңгейге дейін жеткізу жөніндегі іс-қимылдар.

Азаматтық қорғаныс

Азаматтық қорғаныс – Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнінде бейбіт уақытта және соғыс уақытында жүргізілетін жалпымемлекеттік іс-шаралар кешенін іске асыруға арналған азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат»

Оқылды 264 рет