Шымкентте жыл басынан бері 70 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

Елімізде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды дер кезінде анықтау мақсатында «Қорғау-Қауіпті жүргізуші» бағдарламасы іске қосылып, өз нәтижесін беріп жатыр. Осы ретте Шымкент қаласының полицейлері жаңа бағдарлама арқылы құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алып келеді.

Мәселен, 2023 жылдың қаңтар айынан бастап, «Сергек Қорғау - қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен миллионды қала - Шымкентте 68776 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде, жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген – 11, автокөлік терезесін күңгірттеп алған – 434, тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 429 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды. Қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 86, бағдаршамның тыйым салынған түсіне (сигналына) өтіп кеткен – 393, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 276, мас халде көлік басқарған – 245, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 158 жүргізуші белгілі болды. Сондай-ақ, басқару құқығынан айырылған – 17, өзге де құқық бұзушылықтар бойынша – 66727 хаттама толтырылып, 1579 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.

«Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен жыл басынан 886-дан астам жол қозғалысы ережесін бұзған 286 жүргізуші ұсталды.

Айта кететін жайт, жол қозғалысы кезінде ережені ескермейтін жүргізушілер үлкен қауіп төндіреді.

Ойланбастан жасалған сәтсіз тәуекелдің соңы орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Осындай апаттың алдын алу барысында «Қорғау» қосымшасы тәртіп сақшыларының жұмысын жеделдетті. Яғни, автоматтандырылған жүйенің көмегімен қауіпті жүргізушіні тез арада анықтауға мүмкіндік туды.

Десек те, әр азамат жол ережесін мұқият сақтауы қажет. Жол қателіктерді кешірмейді!

 

Шымкент: «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметінің мәліметінше, Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының инспекторлары қала аумағында браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Шара аясында тәртіп сақшылары табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған алдын алу жұмыстарын жүргізді.

Осылайша мегаполисте он бес тәулік ішінде заңсыз құс, аң аулаушылармен жасалған 26 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Атап айтқанда,

- ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) – 7;

- ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) – 1;

- ҚР ӘҚБтК-нің 386-бабы (Жасыл екпелерді күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу– 2;

- ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы (Азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу) – 16.

Тәртіп сақшылары аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын ескертеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «қорықшы-инспекторлардың құқықтарын қорғау және браконьерлікке қарсы жазаны күшейту мақсатында заңнаманы қайта қарау қажет» деп тапсырма берген еді. Соның аясында заң күшейтілді. Жұмыстар жүргізілуде.

Шымкент: «Жүк көліктері» іс-шарасы барысында 1000-ға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі мәлімдеді. Мәлімдемеде, Шымкент ҚПД ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 15-ақпанынан бастап «Жүк көліктері» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатқаны жазылған.

Мақсаты - қала аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Осы орайда, Шымкент қаласы бойынша іс-шараның 29 тәулігінде 990 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 17 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.

Атап айтқанда:

- ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (Техникалық байқаудан өтпеу) – 32;

- ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігі (Жүк тасымалдау қағидаларын сақтамау) – 39;

- ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы (Бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кету) – 1;

- ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы (Жол белгілерімен немесе жолдын жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау) – 173;

- ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы (Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру) – 411;

- өзге де құқық бұзушылықтар бойынша –310.

Қала аумағында басталған «Жүк көліктері» жедел-профилактикалық іс-шарасы 15-наурызға дейін жалғасады.

 

Тілге тиек етейік, жыл сайын жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары орташа жөндеуден өтеді. Алайда аyыр жүк көліктері жолнен жолда ақаулар пайда болады. Талдау көрсеткендей, 60% автожолдардың қирауы ауыр жүк көліктерінің көбеюіне байланысты.

Отырарда жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған жиын өтті

Отырар ААӘДБ-не қарасты Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында "Қауіпсіз жол жүріс апталығы" акциясы барысында оқушылардың қауіпсіздігін және жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мектеп оқушылармен Отырар АПБ-нің бастығы полиция подполковнигі Е.Усербаевпен кездесу болды.

Отырарда қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған жиын өтті

Отырар ауданында ұстаздарға қаржылық қауіпсіздік негіздері және қаржы пирамидаларының алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бүгінде қоғамда өзекті мәселеге айналған алаяқтықтан сақтанудың жолдарын түсіндіріп, қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған жиынды аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Дархан Ембай ашып, жүргізіп отырды.

Сарыағаш: Шекарадан шетелдікті заңсыз өткізген ер адам қамауға алынды

Сарыағаш ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірге жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған екі күдіктіні, яғни 1 шетелдіктің шекарадан заңсыз өтуіне көмектескен Қазақстан Республикасының тұрғынын ұстады.

Белгілі болғандай, ол Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына шекараны кесіп өтуге тырысқан Өзбекстан азаматы болып шықты. Құқық бұзушылар аудандық полиция бөліміне одан әрі тексеру үшін жеткізілді.

Белгілі болғандай күдікті ер адам осы қызметі үшін шетелдік азаматтан 300 000 теңгеден ақша алған.

Осыған орай тәртіп сақшылары заңды белшесінен басып, пайда тауып жүрген күдікті ұстап, оған ҚР ҚК-нің 394-бабы "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ шетел азаматының шекарадан заңсыз өткені үшін ҚР ҚК-нің 392-бабы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту" бойынша іс қозғалып, қос азамат қамауға алынды.