«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде ауданның басқару органдарының, азаматтық қорғау қызметтері мен азаматтық қорғау құрылымдарының, объектілерінің іс-әрекеттері» тақырыбында өткізілген оқу-жаттығу барысында мемлекеттік мекемелерде, барлық үлгідегі жалпы білім беретін мектептер мен орта кәсіптік оқу орындарында, мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мекемелерінде, халық көп шоғырланатын жерлерде, көп қабатты тұрғын үйлерде жалпы аудандық дабыл қағылып, сейсмикалық жаттығулар өткізілді. Аудан әкімі Азизхан Исмаилов жаттығу барысына қатысып, бақылауға алып, нақты тапсырмаларын берді.
Сонымен қатар, мұндай сейсмикалық жаттығулар Бәйдібек ауданында да өткізілгенін айта кеткен жөн. Бұл жерде негізгі мақсат та сол, табиғи және техногендік төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда ауданның басқару органдарының, азаматтық қорғау қызметтері мен азаматтық қорғау құрылымдарының, объектілерінің іс-әрекеттерін тексеріп көру, дайындығын пысықтау.
Сейсмикалық оқу-жаттығудың маңызы неде десеңіздер – азаматтардың орын алған төтенше жағдайларға әрекет етуге дайындық деңгейін арттыру, сонымен қоса авариялық-құтқару қызметкерлерінің өзара іс-қимыл деңгейі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезіндегі олардың жұмысын пысықтау болып саналады.
Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл Ережелері
Жер сілкінісінің алғашқы дүмпуі кезінде:
газды, су мен электр қуатын сөндіріңіз. Егер жер сілкінісінің күші аз болса, онда оны тұрған жеріңізде күткен абзал. Одан едәуір күштірек жер сілкінісі кезінде (дүмпу күші бес және одан да жоғары баллды құраса), егер сіз ғимараттың екінші және одан жоғарғы қабаттарында болсаңыз, ғимараттан шығыңыз. Ішкі қабырғаның, бұрыштың, есік жақтауының қауіпсіз жеріне тұрыңыз, ваннаға жата қалыңыз. Кереуеттің немесе стөлдің астына кіріңіз - олар сізді құлауы мүмкін заттардан және сынықтардан қорғайды. Терезе мен ауыр жиһаздан алыс тұрыңыз. Лифтіні пайдаланбаңыз.
Егер сіз көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр беруші желіден ашық алаңға қарай алыстаңыз, үзілген электр сымдарына жақындамаңыз. Ғимарат жанынан жүгірмеңіз және оларға кірмеңіз.
Егер сіз автомобильде болсаңыз, дүмпулер тоқтағанға дейін автомобильден шықпай ашық алаңда қала беріңіз.
Есте сақтаңыз: жер сілкінісі кезінде адам өлімінің сирек кездесетін себебі болып жер қабатының қозғалысы табылады. Жер сілкінісі кезіндегі қайғылы оқиғалардың басты себептері болып табылатындар:
• ғимараттың жекелеген бөліктерінің сынуы
• сынған шынылардың құлауы
• үзілген электр сымдары
• пәтердегі ауыр заттардың құлауы
• өрт
Жер сілкінісінен кейін:
Қажет жандарға медициналық көмек көрсетіңіз.
Қатерге шалдыққандарды қоқыстан арылтыңыз, егер ол үшін қосымша жасақтауды талап етпесе.
Радиоқабылдағышты қосыңыз.
Мүмкіндігіңізше су құбыры мен газды тоқтатыңыз және энергия жабдықтаушыны сөндіріңіз.
Ашық отты пайдаланбаңыз.
Жер сілкінісі кезінде өзіңіз болған ғимараттан шығар алдында абай болыңыз.
Радионы қосулы күйінде ұстаңыз, қызметтердің белгілерін тыңдаңыз.
Анық зардап шеккен ғимаратқа жақындамаңыз және оған кірмеңіз. Қайталама дүмпуге дайын болыңыз, мұндай жағдайларда едәуір қауіпті болып жер сілкінісінен кейінгі алғашқы екі-үш сағат табылады, дегенмен олар бірнеше тәулік, апта және тіпті ай өткеннен кейін де болуы мүмкін. Бірінші жер сілкінісінен көп уақыт өткен сайын, соғұрлым қайталану ықтималдығы аз.
Крэш-синдром деп аталатын ұзақ уақыттағы жанжу синдромы - ең қауіпті жарақаттардың бірі. Ауыр заттардың: құырылыс жиынтықтарының сынықтары, сынған ағаштардың діңгектері, массивті жиһаз бен сол тектес заттардың адамның қолы немесе аяғына ұзақ уақыт бойы жаншуы кезінде - аяқ-қолдардағы қан айналымы тоқтап қалады. Бұл адам ағзасындағы зат алмасуының бұзылуына әкеледі. Крэш-синдромның салдары ампутациямен көп жағдайда байланысты.
Зардап шеккен адамда ұзақ уақыттағы жаншу синдромы бар екенін анықтаған уақытта, зардап шеккенді қарап шығыңыз; ауруды басатын дәрмек беріңіз; жаншылған жерінен жоғары бұрау қойыңыз; кеңістікті босатып алып, оны жылытыңыз. Есте сақтаңыз, бір минутты да жоғалтпау керек. Адамды ауруханаға дереу жеткізіңіз.
Ғимараттың құлауы
Аяқасты ғимараттың толық немесе жекелеген құлауы - бұл ғимаратты жобалау кезінде кеткен қателіктер, құрылыс жұмыстарын жүргізген уақыттағы жобадан алшақтау, ғимаратты немесе оның бөліктерін эксплуатациялау кезіндегі монтаж ережелерін бұзу салдарынан туындаған төтенше жағдайлар, сонымен қатар табиғи немесе техногенді төтенше жағдайлардың салдары.
Құлауға көп жағдайда террорлық акт салдары болып табылатын жарылыстар, тұрмыстық газ құбырларының қате эксплуатациялануы, отты қауіпті пайдалану, ғимарат ішінде жеңіл жанатын және жарылыс қауіпі бар заттарды сақтау да септігін тигізеді.
Кенеттен құлау ғимараттың ұзақ уақыт бойында қатардан шығуына, өрттің тұтануына, коммуналдық-энергетикалық желілердің істен шығуына, қоқыстардың жиналуына, адамдардың жарақаттануы мен өліміне әкеліп соғады.
Алдын-алу іс-шаралары
Ғимараттың кенеттен құлауы кезінде әрекет ету жоспарын алдын-ала ойластырыңыз және олармен өз отбасыңыздың барлық мұшелерін таныстырыңыз. Оларға кенеттен құлау жағдайында әрекет ету тәртібі мен алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін түсіндіріңіз.
Міндетті түрде жинақталған медициналық қобдишаңыз бен өрт сөндіргішіңіз болсын және қолжетімді жерде сақтаңыз. Улыхимикаттары, оңай өртенуші сұйықтықтар мен өзге де қауіпті заттарды сенімді жерде ұстаңыз. Пәтерге газ баллондарын қажет болмаған жағдайда кіргізбеңіз. Электр қуаты көзінің орнын, газ бен су құбырларының магистральді батырмаларын, электр көзін, газ бен токты кенеттен тоқтата біліңіз.
Газдың аз мөлшерде болсын таралуы кезінде оның пәтерге кіруіне тосқауыл қойыңыз, ғимаратты тексеріңіз және телефон нөмірі арқылы "Қалалық газ" 104 қызметіне хабарлаңыз. Оттың ашық көздерін, электр сөндіргіштерді және электр тұрмыстық құралдарын газды толық желденуіне дейін пайдалануға қатаң тыйым салынады.
Ғимараттың дәліздерін, саты алаңын, апатты және өрт жолдарын бөгде заттармен бекімеңіз. Ыңғайлы жерде құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, қалта шамы мен қосалқы батареяларын ұстаңыз.
Ғимараттың кенеттен құлауы кезінде қалай әрекет ету керек
Жарылысты естігенде немесе ғимарат өз тұрақтылығын жоғалтатынын байқағанда, құжаттарды, ақшаны және бірінші кезекте қажетті заттарды ала отырып, оны тез арада тастап кетуге тырысыңыз. Үй-жайдан шығып, баспалдақпен түсіп, лифтті пайдаланбаңыз, өйткені ол кез келген уақытта істен шығұы мүмкін. Эвакуация кезінде үрей, есіктердегі қысымның алдын алып, балконнан және терезеден бірінші қабаттан жоғары секіретіндерді, сондай-ақ әйнектелген терезелер арқылы тоқтатыңыз. Көшеде тұрып, ғимараттардың жанында тұрмаңыз, ашық кеңістікке өтіңіз. Егер сіз ғимаратта болсаңыз және одан кету мүмкіндігі болмаса, онда ең қауіпсіз орынды алыңыз: күрделі ішкі қабырғалардың ойықтары, күрделі ішкі қабырғалардың бұрыштары, каркас арқалықтарының астында. Егер балалар сізбен бірге болса, оларды өзіңізбен тосқауыл болып жабыңыз. Қажет болған жағдайда өзіңіздің шығу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін пәтер есігін ашыңыз. Үрейленбеңіз және тыныштықты сақтаңыздар, қатысушыларға қолдау көрсетіңіз. Терезеден, электр құралдарынан алыс ұстаңыз, дереу суды, электрді және газды өшіріңіз. Егер өрт пайда болса, бірден оны өшіруге тырысыңыз. Телефонды тек құқықтық тәртіп органдарының өкілдерін (102 тел.), өрт сөндірушілерді (101 тел.), дәрігерлерді (103 тел.), құтқарушыларды (112 тел.) шақыру үшін пайдаланыңыз. Балконға шықпаңыз. Сіріңкені пайдаланбаңыз, себебі газдың шығу қаупі болуы мүмкін.
Үйінді кезінде қалай әрекет ету қажет?
Терең демалыңыз, дағбырға бой алдырмаңыз, ең маңыздысына ойыңызды жинақтаңыз, кез-келген жолмен тірі қалуға тырысыңыз, көмектің міндетті түрде келетініне сеніңіз. Мүмкіндігінше өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз. Болған жағдайға икемделуге тырысыңыз және жан-жағыңызға қараңыз, мүмкін жолын іздестіріңіз. Сіз қайда екеніңізді, өзге адамдар қасыңызда бар-жоғын анықтауға тырысыңыз: тыңдаңыз, дыбыс білдіріңіз. Адам энергиясын бекерге шығындамаған жағдайда шөл мен аштыққа ұзақ уақыт бойы шыдауы мүмкін екенін есте сақтаңыз. Қалтаңыздан немесе жақын арадан жарық немесе дыбыс сигналдарын беруші (мысалы, қалта шамы, айна, сонымен қатар құбырды немесе қабырғаны ұруға мүмкіндік беретін металл заттар, сол арқылы назар аудару) заттарды іздестіріп көріңіз. Егер жалғыз шығу жолы болып тар тесік табылса - сол арқылы өтіңіз. Ол үшін бұлшықеттеріңізді босаңсытыңыз және шынтағыңызды денеңізге бүркеп қимылдаңыз.
Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас-қағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалысы. Жер қыртысының траекториялық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. Жер сілкінісінің барысында үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар тоғандар мен басқа да ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесіне зиян келіп, байланыс бұзылыды. Тау жыныстарынан тау құлайды, адамдарды үрей билейді.
Жер сілкінісінің жойқын күшінің әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қаупі бар. Бұл аумақта 6 млн. халық тұрады. 27 қала, 400 ден астам елді мекен бар. Еліміздің қырық процентке жуық өндірістік потенциалы осы аумаққа шоғырланған.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмо қауіпті аймақта тұр. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының отыз проценті шоғырланып, тұрғын үй қорының отыз бестен аса проценті орналасқан. Республика халқының қырық проценті тұрады. Жер сілкінісі қауіпті аумақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өндірісті өнеркәсіп орындары, жасанды су қоймалары, жарылыс қаупі бар және улы материалдар қоймасы орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген обьектілердің кейбіреуінің бұзылуы оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін.
Жер сілкінісі кезіндегі міндеттер
Жер сілкінген сәтте сіздің ой-әрекетіңіз бен іс-қимылыңызға 5-10 секунд қана уақытыңыз бар. Осы сәтте үрейге еркіндік беріп, абдырып-сасып қателессеңіз, арты бақытсыздыққа әкелуі ықтимал. Өзіңізді де, өзгелерді де үрейлендірмеңіз.
Үйдің ішінде:
Сілкініс кезінде далаға жүгіріп шығуда немесе жер сілкінісінің яғни үйдің ішінде кетуді пәтердің қай қабатта орналасуына байланысты шешуге тиіссіз. Егер сіз көп қабатты үйдің бірінші немесе екінші қабатында тұратын болсаңыз, далаға шығуға мүмкіндігіңіз бар. Далаға қашып шыққаннан кейін үйден аулақ тұрған жөн. Үшінші және одан жоғары қабаттардан қашып шығу қауіпті екенін естен шығармаңыз. Сілкініс кезінде қауіпті және қауіпсіз жерлерді анық білген жөн.
Қауіпсіз жерлер:
Үйде (ғимараттың ішінде)
1)Босаға есік жақтауы
2)Ішкі бұрыш
3)Мықты қабырға
4)Бел ағаш
5)Ванна, тоңазытқыш
6)Парта,стол,кереует
Далада:
1)Ашық алаң
2)Биік ғимараттардан аулақ болу
3)Биік ағаштардан аулақ болу
Қауіпті жерлер:
1)Терезе жақтағы бұрыш
1)Биік ғимараттар
2)Биік ағаштар
3)Баспалдақ
4)Лифт
5)Жиһаздар
6)Шам жағу қауіпті
7) Соңғы қатардағы шеткі бөлмелер
Далада:
1)Биік ғимараттар
2)Биік ағаштар
3)Электр жүйелері
4)Жер асты өткелі
Сілкініс басталысымен үй ішіндегі қауіпсіз деген орындарға тез жетуге тырысыңыз. Ішкі қабырғаның қауіпсіз тұсында үйдің ішкі бұрышында, есік жақтауларының ортасында, тіреуіш ашалардың жанына тұрасыз (шкаф іші кереует). Терезелер мен ауыр жиһаздардан алыс тұрыңыз.
- лифтті пайдаланбаңыз.
- есіктен далаға шыққан уақытта жанталасып, бір- біріңізге кедергі жасамауға тырысыңыздар.
- үйлерден электр бағаналардан аулақ тұрыңыз, электр сымына жақындамаңыз.
- сілкініс кезінде үйге кірмеңіз.
Автомобиль ішінде:
- сілкініс басталған сәтте жүріп келе жатқан автомобильді ашық жерге тоқтатқан дұрыс.
- жолаушылар асып-саспай байыпты түрде транспорт ішінде отырып, жер сілкінісінің басылуын күткен жөн.
Келешекте болуы ықтимал күшті сілкіністердің құпияларымен жеке таныс болған жөн. Жер асты дүмпуінің болу себептерін, анық қай жерде болып, қалай таралатындығының қандай қосымша әрекеттерінің өзі де көптеген мәліметтер оқып -білу қажет. Екіншіден, тұрған халықтың апаттан сақтану дайындығы дәрежесі жоғары болуы тиіс. Тек осы шарттар орындалған жағдайда ғана зілзала апаттар адам өмірі мен халық байлығына айтарлықтай шығын келтірмейді.
Жер сілкінісі туралы түсінік
Жер сілкінісі – геологиялық құбылыс. Олар – кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады. Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар,ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады.Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады. Жер сілкінісінің басты себептері ретінде жер қыртысы платформаларының қозғалысы мен қимылдауын айтуға болады. Мұндай қозғалыстар орын алған аймақ жер сілкінісінің ошағы деп аталады. Ал жер сілкінісі ошағының жер бетіндегі нүктесі эпицентрі болып саналады.
Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарда үрей пайда болады. Сондай – ақ жер сілкінісімен бірге өрт пайда болады. Геологиялық ортаның экологиясы бұзылады, қопарылма сырғыма, сел тасқыны, т.б.шаруашылыққа қосымша залал әкеледі.
Жер сілкінісінің жіктелуі
Пайда болу тегіне қарай жерсілкіну жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді. Жанартаулық жерсілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған. Денудациялық жерсілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен карст үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.Тектоникалық жерсілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Мұндай жерсілкіну — Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым қанаттары ығыстырушы жазықтық бойынша бір-бірімен салыстырғанда, лездік жылдамдықпен ығысуына байланысты, босанып шыққан энергия серпімді тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар түрінде жан-жаққа таралады.
Сейсмикалық толқындар таралуына қарай қума, көлденең және беттік толқындар болып жіктеледі. Сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тау жыныстарының құрамына, құрылымына және физикалық жағдайына байланысты болады. Қума толқындардың таралу жылдамдығы 5 – 6 км/с, көлденең толқындардікі 3 – 4 км/с. Сейсмикалық толқындар туындатушы жарылымдардың ұзындығы бірнеше км-ден (1966 жылғы Ташкент жерсілкінуінде – 8 км) жүздеген км-ге (1960 жылғы Чилидегі жерсілкіну) дейін жетеді. Ал 1957 жылғы Гоби Алтайындағы жерсілкінуде жалпы ұзындығы 700 км-дей жарылымдар жүйесі пайда болған. Жер қыртысында немесе мантияның жоғары бөлігіндегі тау жыныстарының лездік қозғалысқа келуінен жер асты соққысы туындаған орынды жерсілкіну ошағы, ошақтың тереңдіктегі орнын гипоцентр, Жер бетіндегі проекциясында орналасқан ауданды эпицентр деп атайды.
Жер сілкіну. Жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай:
Жер бетіне жақын (тереңдігі 10 км-ге дейін),
орташа немесе қалыпты тереңдіктегі (10 – 60 км),
аралық (60 – 300 км) және терең фокусты (300 км-ден терең) болып бөлінеді.
Ең көп тарағаны жақын және орташа (Ашғабадта жерсілкінудің тереңдігі 15 — 20 км, Ташкентте 5 — 10 км, Спитакта 10 — 15 км болған) тереңдіктегі жерсілкінулер. Терең фокусты жерсілкіну өте аз тараған(Қиыр Шығыста, Тынық мұхиттың жағалауындағы жерсілкінудің гипоцентрі 600 — 700 км тереңдікке жеткен). Жерсілкіну гипоцентрі теңіз бен мұхиттардың астында да орналасады. Оларды теңіз сілкінуі деп атайды. Бұл құбылыстардың нәтижесінде цунами пайда болады.
Жер сілкіну ұзақтығы, таралу мөлшері, оны өлшеу құралдары
Жерсілкіну ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше айға (кейде жылға) дейін созылады. Механикалық кернеу күшінің біртіндеп шығуына байланысты, жер асты дүмпулері қайталанып отырады. Әдетте, алғашқы күшті дүмпуден кейін, әлсіз дүмпулер тізбегі жалғасады. Оларды афтершоктар деп, ал дүмпу білінген уақыттың барлығын жерсілкіну кезеңі деп атайды. Афтершоктар негізгі дүмпуден соң 3 – 4 жыл бойы жалғасуы мүмкін. Мысалы, 1887 ж. Алматыдағы (Верный) жерсілкіну кезінде 600 дүмпу болғаны тіркелген. Жерсілкіну кезінде орташа есеппен 1×1024 – 1×1025 эрг энергия бөлінеді. Мысалы, Ашғабадта болған жерсілкінудің энергиясы – 1×1023 эрг, Моңғолиядағы Гоби Алтайында — 1×1024эрг, Чилиде — 1×1024 эрг, Ташкентте — 1×1020 эрг, Кемин жотасында (Алматы) — 4×1024 эрг.
Жер сілкінісі мен жер асты дүмпулерін ріткейтін аппаратты сейсмограф деп атайды. Сейсмографтардың бұрынғы түрлері қағаз таспасы бар қондырғылар болатын. Қазіргі кезде ондай аппараттармен бірге электронды сейсмографтар да қолданылады. Соңғысының қағаз таспасы болмайды. Қағаз таспамен жұмыс істейтін сейсмографтардың екі түрі болады: вертикальды (тігінен болған) тербелістер мен толқындарды, қозғалыстарды тіркейді. ал екінші түрі горизонтальды (көлденеңінен, жазығынан) тербелістер мен толқындарды, қозғалыстарды тіркейді. Екеуінің де өте сезімтал тілшелері болады. Сол тілшелері қағаз таспаған із (белгі) қалдырып отырады.
Тектометр — Ресейде (Сахалиндік өнертапқыштың туындысы. Жапонияда патенттелген) жасалған құрал. Жаңа құрылғыны ойлап тапқан Евгений Васин есімді адам. Тектометрдің көлемі өте ықшам әрі салмағы да жеңіл (1 кг). Бар болғаны бір қобдишаға сыйып кетеді. Кішкентай болғанына қарамастан маңыздылығы өте зор. Ол болайын деп жатқан жер сілкінісінің қаупін 40 сағат алдын ескерте алады.
Әр түрлі балдағы жер сілкіністерінің төмендегі белгілерінің адамдардың мінез–құлқы мен іс қимылына, сілкістердің мүмкін болатын әсеріне, құрылыстар мен ғимараттардың жағдайына, жер қабатындағы табиғи құбылыстарға, жер қабатындағы және жер бетіндегі судың жағдайының өзгеру белгілеріне назар аудару керек.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат»