Түлкібас: жазғы демалыс лагерлерінде профилактикалық іс-шаралар өтті

Маусым айынан бастап балалардың жазғы демалысы басталды. "Балалар жылына орай" жасөспірімдер демалыс орындарына, лагерьлерге көптеп жіберілуде. Ал олардың қауіпсіздігі қашанда полицейлердің бақылауында.

Осыған орай Түлкібас АПБ қызметкерлері сауықтыру лагерінің әкімдіктері мен психологтармен бірлесіп жаздық сауықтыру лагерлерінде демалып жатқан 1550 жасөспіріммен профилактикалық шара жүргізді. Олардың ішкі тәртіпті қатаң сақтап, суға шомылу, тауға өрмелеу ережелерін бұзбау керектігі түсіндіріліп, спорт алаңдарындағы қауіпсіздік нұсқаулықтарымен егжей-тегжейлі таныстырылды.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары балаларға сауықтыру лагерінде бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, бір-бірін балағаттамау, заңға қайшы әрекеттерге бармау керектігін қатаң ескертті.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

КЕЛЕС: «ТРАМАДОЛ» - ЖАСТАР ЕСІРТКІСІНЕ АЙНАЛЫП БАРАДЫ

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Келес ауданы әкімдігі жанындағы ведомствоаралық құқық бұзушылық профилактикасы комиссиясының хаттамалық тапсырмасы негізінде, нашақорлыққа қарсы комиссия шеңберінде ауыр психатроптық дәрі болып табылатын - трамадол дәрісінің кері әсері және адам ағзасына тигізетін зардаптары туралы жергілікті тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шараларды атқаруды тапсырды. 

Берілген тапсырма аясында аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауылдың беделді ақсақалдары, мешіт имамдары және құрылымдық мекемелердің қызметкерлерінен тұратын арнайы жұмысшы топ құрылып, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізеді. 

Айта кетейік, аудан басшысы ағымдағы жылдың 9 маусымында Алпамыс батыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездескен болатын. Кездесуде Қауыншы елді мекенінің тұрғыны трамадол дәрісінің кесіренен талай отбасы ойран болып, болашағынан айырылып жатқанын айтып, мәселені назарға алуын сұранған болатын.

Трамадол дәрісі дәріханаларда рецепт бойынша сатылуы тиіс. Өкінішке қарай, бұл дәрінің заңсыз қолда сататындар қатары кездесуде. Соның кесірінен аталған зиянды препаратқа тәуелділік шамадан тыс артқан.

Аудан тұрғындарынан сұранарымыз, бұл жағдайдың алдын алмасақ түбі ұлттық қасіретке алып келуі әбден мүмкін. Тек түсіндіру жұмыстарын жүргізумен толық нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан аталған зиянды препаратты қолданған немесе сатып жатқан азаматтар жайлы ақпаратты білсеңіз шұғыл түрде 102 нөміріне хабарласып, ел денсаулығы үшін өз үлесіңізді қосыңыз.

ШАРДАРА ПРОКУРАТУРАСЫ ТҮСІНДІРЕДІ!

Соңғы кезде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жекелеген тұлғалар тарапынан облыс аумағында заңсыз митингілер, шерулер және басқа науқандарға қатысуға шақырулар жиі таралуда.

Осыған байланысты, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті, құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында, «Прокуратура туралы» Заңның 32-бабынбасшылыққа алып,

 

ТҮСІНДІРЕМІН:

 

Митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа Заңмен (бұдан әрі - Заң) реттеледі.

Бұл заң елде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізуді демократияландырып, жеңілдетті.

Нақты айтқанда, жиналыстар, митингілер мен пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін хабарлама жасау тәртібі қарастырылған.

Оларды өткізу туралы хабарлама белгіленген күнге дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жергілікті атқарушы органға жазбаша нысанда беріледі.

Онда бейбіт жиналыстың мақсаты мен нысаны, ұйымдастырушылар мен қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты адамдардың деректері көрсетіледі (Заңның 10-бабы).

Аталған хабарламаны жергілікті атқарушы орган оны тіркеген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қарауға тиіс (Заңның 11-бабы). Осы 3 күн өткеннен кейін жауап болмаған жағдайда, ұйымдастырушы берілген хабарламаға сәйкес бейбіт жиналыс өткізуге құқылы.

Демонстрациялар мен шерулер келісу тәртібімен өткізіледі.

Ол үшін ұйымдастырушы оның өткізілетін күніне дейін 10 жұмыс күн бұрын өтініш беруге, ал жергілікті атқарушы орган ол бойынша 7 жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті (Заңның 12, 13-баптары).

Ұйымдастырушы өтініште қатысушылардың жүру бағытын, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауды, медициналық көмекті ұйымдастыруды, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу шараларын көрсетеді (Заңның 12-бабы).

Өтінішті қарау қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы орган ұйымдастырушыға демонстрация немесе шеру өткізу келісілгені не оны өткізуден бас тартқаны туралы хабарлайды (Заңның 13-бабы).

Заң бойынша бейбіт жиналыстар қатаң түрде арнайы жерлерде және қалалық, аудандық мәслихаттармен белгілеген маршрут бойынша ұйымдастырылуы және өткізілуі тиіс.

Алайда ұйымдастырушылар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы жергілікті атқарушы органдарға тиісті хабарламалар мен өтініштер бермеген немесе олар бойынша келісуден бас тартылған.

Тиісінше, Заңды (3-баптың 3-тармағын) бұза отырып жүргізілетін бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және оған қатысу құқыққа қайшы болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (25 тәулікке дейін қамауға алу).

Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен қатар жүретін болса, Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туындайды, ол айыппұл не 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жазаны көздейді.

Бұдан басқа, «Сovid-19» коронавирустық инфекциясының пандемиясына байланысты адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге салынған шектеулер әлі де қолданыста екендігін еске саламыз.

Оны сақтамағаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК-нің 425-бабы – Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзу – 30-дан 200 АЕК-ке дейін айыппұл) және қылмыстық (ҚК-нің 304-бабы – санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына, ауру жұқтыруына әкеп соққан бұзу – 2 мың АЕК мөлшеріндегі айыппұлдан бастап 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін) жауаптылық көзделген.

Аудан прокуратурасы азаматтарды қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырады.

Құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтың жолын кеседі, сондай-ақ оларға жол бермеу жөнінде заңда көзделген шараларды қолданады.

Түркістанда көлікті бақылау саласындағы кемшіліктер баяндалды

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен 2021 жылдың 14 қазан - 24 қараша аралығында облыстық Көліктік бақылау инспекциясы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау жұмыстарының қорытындысы баяндалды.

 

Іс-шараға Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары С.Асылбек, облыстық көліктік бақылау инмспекциясы басшысының орынбасары Ғ.Байсеитов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ш.Сүттібаев және «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның облыстық филиал өкілдері мен департамент, инспекция, басқарма қызметкерлері қатысты.

 

Жиында Сәбит Әсетұлы сөз алып, талдау барысында ұсынылған ақпаратты зерделеу нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тоқталды.

 

Жүргізілген талдау барысында әкімшілік тәжірибенің реттілігі сақталмауына байланысты тәуекелдер, сонымен қатар, жүк көліктерінің салмағы мен көлемін өлшеу барысында бірқатар кемшіліктер жіберілетіні байқалғандығы атап өтілді.

 

Жиын соңында аталған кемшіліктерді жою мақсатында талдау қорытындысы талқыланып, енгізілген ұсыныстардың орындалуын қатаң бақылау қажеттілігі ескертілді.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Өмірде де, қызметте де жолдары түйіскен жас полицейлер

Елімізде құқық қорғау саласын өз қалауымен таңдап, Қазақстан полициясына адал қызмет етемін деп келетін патриот жастардың саны артып келеді. Бүгінгі біздің тақырыбымызға арқау болып отырған кейіпкерлеріміз ТО ПД Созақ АПБ Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Данияр Ыбраш пен Созақ АПБ Көші-қон қызметі тобының Халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты Назым Мадиомар. Олар қызметте де, өмірде де жолдары бір арнаға тоғысып, жұптары жарасқан жас отбасы. Екеуі де ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясын үздік бітірген, білікті маман. Данияр аталған оқу орнында 2015-2019, ал Назым 2016-2020 жылдар аралығында білім алған.

Содан оқуды ойдағыдай тәмамдаған соң лейтенант шенін алған жас мамандар құқық қорғау саласындағы алғашқы қызметін Созақ аудандық полиция бөлімінде бастады. Және осы бөлімде қызмет ете жүріп, екі аға лейтенант некелерін қидырып, шаңырақ көтерді. Қазіргі таңда жас полицейлер өмірінің мәніне айналған құқық қорғау саласында күні-түні жұмыс істеп, жалпы қоғам үшін маңызды міндеттерді орындап жүр.

-«Созақ АПБ-да қызмет атқарып жүріп, бір күнде жас полицейлер жанұясына айналып шыға келдік. Әрине саламыз бір болған соң уақытымыздың көп бөлігі жұмыста өтеді. Полицияның қызметі қандай екенін екеумізде жақсы білетіндіктен, қандай жағдай болса да бір-бірімізге түсіністікпен қараймыз. Себебі қазір біз жастық отымыз жалындап, полиция жұмысының жандануына дем береміз, тәжірибемізді жетілдіреміз деп келген ынталы жастармыз. Барлығы еңбекпен келетініне иланып, мүмкіндігінше полицейлердің ел алдындағы дәрежесін бұдан да жоғары биікке көтеруге, моралдық, физикалық күшімізді пайдаланып, барынша тырысып жатырмыз»,-дейді аға лейтенанттар.

Міне солай ерлі-зайыпты полицейлердің бірі азаматтардың қоғамда қауіпсіз өмір сүруін бақылап жүрсе, ал екіншісі азаматтардың заңды түрде құжаттануын қадағалап, өз қызметтерін адал атқаруда. Айта кететін бір жайт Данияр академияда біршама спорттық жетістіктерге қол жеткізіп, тіпті «Әскери самбо» күрес түрінен спорт шебері де атанған екен. Қазіргі таңда қолы жұмыстан босай қалса, физикалық қабілетін шыңдап, дайындығын да пысықтап отырады. Ендеше мамандық таңдаудан да, жар таңдаудан да қателеспеген жас отбасының шаңырағына бақыт, алдағы қызмет жолдарына сарқылмас күш-жігер мен сәттілік тілейміз!

Созақта «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

ҚазақстанРеспубликасының 14.06.2022 жылғынұсқауынасәйкес, 2022 жылдың 27 -29 маусымаралығындаТүркістаноблысы, СозақауданыкөлеміндеТүнгіқаладағыбалаларалдыналуіс-шарасыөтуде.

Аталғаншараныңнегізгімақсатыкәмелеттікжасқатолмағанжасөспірімдерарасындағықұқықбұзушылықтарменоларғақатыстықылмыстыңалдыналуболыптабылады.

Іс- шараныңкезіндеСозақАПБ-ніңқызметкерлеріСозақауданорталығындакәмелеттікжасқатолмағандаршоғырланатынғимараттарға, ойын-сауықорталықтарынарейдтікіс-шарабарысында:

*ҚРӘҚБтК-нің 442 бабы 1 бөлігібойыншакәмелетжасынатолмағандардыңтүнгіуақыттазаңдыөкілдерініңеріпжүруінсізсағат 22:00-денкейінойын-сауықмекемелеріндеболғаныүшінзаңдыөкілдеріне 3 АЕКмөлшеріндеайыппұлсалынатындығыескертілді.

* ҚРӘКБтК-нің 442 бабы 2 бөлігібойыншакәмелетжасынатолмағандардыңзаңдыөкілдерініңеріпжүруінсізтұрғынжайдантысжердесағат 23:00-денкейінболуынабайланысты 15 әкімшілікқұқықбұзушылықанықталып, заңдыөкілдерінеескертужасалды.

* ҚРӘҚБтК-нің 127-бабы 1 бөлігібойыншакәмелеткетолмағанадамдытәрбиелеужәнеоғанбілімберу, оныңқұқықтарыменмүдделерінқорғаужөніндегіміндеттердіорындамауынабайланыстыәкімшілікхаттаматолтырылып, іс-құжаттарсотқажолданды.

* ҚРӘҚБтК-нің 200 бабы 3 бөлігібойыншаҚазақстанРеспубликасызаңнамасыныңалкогольөнімінөткізужөніндегіталаптарынбұзылуынабайланыстыжекетұлғағаәкімшілікхаттаматолтырылып, іс-құжаттарсотқажолданды.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Түркістанда «Заңсыз келуші-2022» жедел-профилактикалық шарасы өтуде

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, Қазығұрт ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен 2022 жылдың маусым айының 27-і мен шілде айының 04-і күндері аралығында «Заңсыз келуші» профилактикалық шарасы жүргізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты -көші-қон заңнамасын сақтау бойынша шетелдіктер мен қабылдаушы адамдар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, заңсыз көші-қон арналарымен оларды ұйымдастырушыларды анықтау. Сонымен қатар Қазақстан Республикасына келіп кетуі мен республикада болу ережелерін сақтау болып табылады.

Осы профилактикалық шараның 1 күнінде Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-тармағына сәйкес «Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы» 1 азаматқа, Қазақстан Республикасы аумағында заңсыз жұмыс жасауға рұқсат қағазын алмай жұмыс істеп жүрген 11 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен хаттама толтырылып, 2 азамат ҚР аумағынан аластатылды.

Сонымен қатар шетел азаматының заңсыз еңбек күшін пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы «Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту» бойынша 1 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы профилактикалық шаралар полицейлер тарапынан әлі де жалғасын таба бермек.

«Жолда қабылдау акциясы» - Бәйдібекте

Қазақстан Республикасы ІІМ- нің тапсырмасына сәйкес республикалық " Жолда қабылдау" акциясы аясында 2022 жылдың 17-18 маусым күндері Бәйдібек АПБ- ның ұйымдастыруымен Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі 93/1 мекен жайында орналасқан азаматтарды қабылдау бөлмесінде «Жолда қабылдау» акциясы өткізілуде.

Акция барысында Бәйдібек АПБ-ның бастығы, полиция полковнигі Руслан Ендібаев, Бәйдібек АПБ ӘПБ бастығы, полиция майоры Мейірбек Мырзабаев қатысып, азаматтарды қабылдап, сұрақтарына жауап берді.

Жалпы акция аясында 20-дан аса азамат жүгініп, азаматтар тарапынан көшелерде жол белгілерін қою, мектептердің алдына және оқушылар өтетін көшелерде жасанды жол кедергілерін орнату, айыппұлдар өндіру жөнінде сұрақтар қойылып, бөлім бастығы мен  орынбасарлары  тарапынан жауаптар беріліп, алдағы уақытта орындалатын бірқатар мәселелер бөлім басшысының бақылауына алынды.