Түркістан облысының Үйлестіру кеңесінде көші-қон мәселелері қаралды

2022 жылғы 5 шілдеде Түркістан облысының прокуроры М.Алихановтың төрағалығымен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.Күн тәртібінде Республика аумағында көші-қон жағдайын реттейтін заңнамалардың қолдану заңдылығы, сондай-ақ уәкілетті органдардың қызметінің тиімділігі қаралды.Барлығына белгілі, екі жылға созылған пандемия кезінде шекара арқылы шетел азаматтарының еркін өтуі уақытша шектелген.Шектеу шаралары алынған соң, ағымдағы жылдың 5 айында Түркістан облысына келген 15 мыңнан астам еңбекші мигранттарға жұмыс істеуге рұқсат берілген.Прокурорлармен бұл саладағы бір қатар кемшіліктер мен шешімін таппай жатқан проблемалар анықталды.Негізгі заңдылықты бұзушылықтар шетелдіктерді тіркеу, олардың келіп-кетуіне бақылаудың болмауы, жалған құжаттарды пайдаланумен байланысты болуда.Еңбек мигранттарының ағынына тиісті бақылаудың болмауынан және қажетті шаралардың қолданылмауынан, бюджетке тиісті түсімдерді өндіруге, сонымен қатар аймақтағы жұмыссыздықты төмендетуге кері әсерін береді (аймақта 40 мыңнан астам жұмыссыз тіркелген).Еңбек мигранттарының қызметінен салыққа 400 млн. астам теңге кіріс болмаған.Көш-қон полиция қызметкерлерімен (ішкі істер органдары сотқа жүгінуі тиіс), қылмыс жасаған шетелдіктерді шығару жіберу мәселесі қаралмаған.Соңғы 3 жылда (2020-2022жж.) 300-ден астам шетелдік қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін Республика аумағынан шығарылуы керек еді.Отырыста, проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары туралы ұсыныстар талқыланды.Үйлестіру кеңесінде барлық уәкілетті органдардың қатысуларында жұмысшы тобын құру, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер енгізуге ұсыныс әзірлеу туралы шешім қабылданды.

«Әскердегі қызмет - әрбір азаматтың қасиетті борышы және міндеті!»

Соңғыуақыттаәлеуметтікжелілердеазаматтардыәскериқызметкешақырукезіндегіпроблемалықмәселелербелсендіталқылануда.

Біздіңеліміздіқорғауәрбіразаматтыңқасиеттіборышыжәнеконституциялықміндетіболыптабылатынын (Конституцияның 36-бабы) жұртшылыққажеткіземіз.

ЖылсайынҚазақстанПрезидентіазаматтардыңшақыруынжариялайды.

Оныұйымдастыружергіліктіатқарушыоргандарғажүктелгенжәне «Әскериқызметжәнеәскериқызметшілердіңмәртебесітуралы» Заңға (бұданәріЗаң) сәйкесжүзегеасырылады.

Әскергешақырудыкейінгеқалдыруғанемесешақыруданбосатуғақұқығыжоқ 18-27 жасаралығындағыазаматтаршақыруғажатады (Заңның 31-бабы).

Әскериқызметкешақырылуғажататыназаматтаржергіліктіәскерибасқаруорганыныңшақыруқағазыбойыншашақырукомиссиясынакелугеміндетті.

Шақыруқағазыназаматтыңжекеөзінетапсырумүмкінболмағанжағдайдаоныңкелуінқамтамасызетутиістіішкіістерорганынажүктеледі (Заңның 30-бабы).

Әскериміндеттіорындауданжалтарғанадамдардыіздестірудідеішкіістероргандарыжүзегеасырады (Заңның 17-б. 3-т.).

Бұлретте, әскериқызметтенжалтаруҚылмыстықкодекстің 387-бабыбойыншақылмыстықжауаптылыққаәкепсоғады, онда 1000 АЕК-кедейінгіайыппұлданбастап 3 жылғадейінгімерзімгебасбостандығынанайыруғадейінжазакөзделген.

Мамандар баяндалғандыескереотырып, азаматтардысаналыболуға, алжұртшылықтыжүргізіліпжатқаншақырунауқанынатүсіністікпенқарауғашақырады. 

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

 

ТӨЛЕБИ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА!

Аудан көлемінде жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен “Жарық-жол” КММ тарапынан жол белгілері, бағдаршам, түнгі жарық, жол кедергілері және бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілуде, атап айтқанда төмендегі жұмыстар атқарылуда биыл 2022 жылы:

- 526 дана жол белгілері орнатылады

- Ленгір қаласындағы 5 көшеге 13,4 шқ құрайтын көктемгі жол сызығы сызылды күз мезгілінде бұл жұмыстар 2-ші рет жүргізілетін болады.

- 1140 м2 жаяу жүргіншілер өткелін (зебра) сызу жұмыстары жүргізіледі.

- Ленгер қаласы Төлеби-Қапал батыр көшелерінің қиылысы және Бірінші Мамыр елді мекеніндегі Үшетай, Д.Қонаев көшелерінің қиылысына бағдаршамдар орнатылатын болады.

- Ленгер қаласы бойынша 5 көшеге және 13 елді мекенге жалпы 39,5шқ түнгі жарық бағаналарын орнату жұмыстары жүргізіледі.

- Ауданда - 67 мектептің алдына және аудандық полиция бөлімінің ұйғарымы негізінде 29 мекен-жайға жол кедергілері орнатылды, жыл соңына дейін бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.

- Жалпы 23 мекен-жайға 46 бейнебақылау камерасы орнатылды. (Ленгер қаласында-33, Киелітас ауылдық округінде-9, Алатау ауылдық округінде-2, Бірінші Мамыр ауылдық округінде-2) Нысан 2021 жылы басталып 2022жылы 31ші желтоқсанына дейін толығымен іске қосылатын болады.

Шардарада деструктивті діни ағымдардың алдын алу шаралары өтті

2022 жылдың шілде айының 04 - ші жұлдызы күні ауданда дін саласындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында "Деструктивті діни ағымдардың алдын алу тақырыбында кездесу өтті. Оған «Ұлтық сараптамалық талдау орталығы» мамандары, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маман А. Данияров қатысты.  Кездесуде А. Данияров:  «Кез келген діни ағымның пайда болуында саяси астар бар. Тарихқа үңілсек, Ислам дініндегі ағымдардың бәрі белгілі бір саяси оқиға негізінде пайда болды. Ал сол ағымдарға жастардың еріп кетуінің негізі деп көптеген факторларды атауға болады. Жастық шақтың өзін негізгі фактор десек, қателеспейміз,- деді.

 

«Жалпы айтсақ, діннің атын жамылған жат ағымдардың топтардың мүшелері діни сауаты төмен, әлеуметтік тұрмысы нашар жастарымызды өз қармақтарына түсіру үшін өздерін ақиқат жолындағы шынайы діндарлар етіп көрсетіп, Отанына, отбасына және ата - бабамыз ғасырлар бойы дәріптеген дәстүрлі дінімізге, қалыптасқан салт - дәстүрімізге күдік келтіріп, қарсы қояды. Тіпті, өздерінің істеген істерін және сөйлеген насихат сөздерін дәлелдеу мақсатында Қасиетті Құран мен хадистерден мысал келтіріп, жастардың санасын улап, жат идеологиясын тарататынын» тілге тиек етті.

 

Деструктивті діни ағымдар барлық тарихи кезеңдерде қоғамды ыдыратушы құрал ретінде өз белсенділігін жоғалтпаған. Саяси мүдделер мен қаржыны мақсат еткен діни ағымдар бүгінде технологияның жетістіктері арқылы прозелитистік әрекеттерін жаһандық деңгейде жүзеге асыруға қол жеткізді. Халықаралық экстремистік ұйымдар қажетті қаржылық және адам ресурстарымен жабдықталған, трансұлттық деңгейде қанатын кең жайған дербес жүйеге айналып отыр. Жаһандану кезеңінде ғаламтор және әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланып, дүниенің әр жерінде тұрақтылықтың бұзылуына әрекеттенген мұндай топтар дін атын бүркеніп, өздерін шариғаттың заңдарына негізделген мемлекет құрушы күштер ретінде жарнамалауда.

Деструктивті ұйымдар жүргізіп жатқан қызмет шынайы діннің қағидалары мен ұстанымдарына толығымен қайшы келеді. Сондықтан мұндай ұйымдардың әрекеттерідінге, діндарлар қауымына және жалпы адамзатқа қарсы жүргізіліп жатқан қылмыс ретінде бағаланады.

Деструктивті діни ағымдар өз қатарын мейлінше көп адаммен толықтыруға асығады. Сол үшін мұндай ұйымдардың өкілдері арбау жұмыстарында өтірік айту, мәліметті бұрмалап жеткізу, арнайы психологиялық айла-тәсілдер қолдану секілді жолдармен неофиттердің санасына ықпал етеді. Теріс пиғылды ұйымдар қоғамға өздерін діни, емдік, сауықтыру, мәдени, саяси немесе білім беру орталықтары ретінде көрсетуге әрекеттеніп, жақтастарының санын көбейтуге тырысады.

Адам санасын улайтын деструктивті ұйымдардың басты қаупі – бұл ортаға сенім білідіріп келген адамның дербес ойлана алу, сын көзбен қарау, өз бетінше шешім шығара алу, қалаған өмір салтын таңдау қабілеттеріне шектеу қойылады. Яғни азаматтың жеке бас бостандығы мен құқықтарына қол сұғу орын алады.

Кез келген діни ағымның деструктивтілігі оның мақсаттарынан және ісәрекетінің нәтижесінен аңғарылады. Теріс пиғылды ағымның арбауына түскен адамның жеке өмірінің деңгейі, сондай-ақ оның әлеуметтік, физикалық, экономикалық, рухани және моральдық жағдайы бұзылады. Соның салдарынан отбасы мен қоғам зардап шегіп, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келеді. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен елдегі діни саланы реттеу мәселелері Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Елімізде экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимылға қатысты біршама тәжірибе мен біліктілік базасы жинақталды. Ол ең алдымен алдын алу шараларын жүргізу, халықтың діниқұқықтық сауаттылығын арттыру, түрлі радикалды идеологиялардың ықпалына төтеп беретін иммунитетті қалыптастыру жұмыстарынан тұрады.

Бұл орайда дәстүрлі діни-рухани құндылықтардың ұлттың болашағын құруда ықпалды фактор екенін ұмытпауымыз қажет. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен руханияты, өмірлік ұстанымдары мен салт-дәстүрлері, ойлары мен көзқарасы, дүниетанымы осы діннің құндылықтарымен сабақтаса қалыптасты. Жаһандық деңгейде әрекет ететін деструктивті ағымдардың ықпалымен күресте қоғамдаұлттық және діни-рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау арқылы ғана бізбүгінгі қоғамды және келешек ұрпақты жат идеологиялардың кері әсерінен қорғауды қамтамасыз ете аламыз.

 «AQ-QARA.KZ»- ақпарат

 

 

Сайрамда бейнебақылау камералары іске қосылды!

 Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің аумағындағы тасжолдарға орнатылған 6 дана «Сергек» бейнебақылау камералар жүйесі іске қосылды. Жүйе жылдамдықты асыру, бағдаршамның тыйым салынған түсiнен өту, сондай-ақ, көліктің күндізгі жарық шамы жағылмаған, қауіпсіздік белдігі тағылмаған жағдайлар сияқты заң бұзушылықтарды анықтайды. Бейнекамералардағы бүкіл ақпарат бірден Түркістан облысы Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасындағы базаға түседі. Бұл полиция үшін жағдайды бағалау және қажет болған жағдайда жедел шараларды қолдануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жолда жүру ережелерінің сақталуын қадағалау мақсатында 15 бейнебақылау камералары орнатылып, іске қосылды.

Жолда жүргенде және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде халық құқық қорғау органдарымен тізе қосып белсенді әрекет еткенде ғана үлкен жетістікке қол жеткізуге болады.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Сайрам: Тергеушінің шешіміне адамның тағдыры тәуелді

Сайрам ауданы полиция басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі полиция аға лейтанты Жиенбек Бағдат Талғатұлы 1996 жылдың 4 тамызында Сарыағаш ауданындағы Жаңа талап ауылында дүниеге келген. №19 А.Оразбаева атындағы орта мектепті бітірген соң, сол жылы ҚР ІІМ-нің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына түседі. Оқу орнын 2018 жылы лейтенант шенімен бітіріп, еңбек жолын Сайрам АПБ-ның тергеу бөлімінде тергеуші болып бастайды.

Ұжымында алғырлығымен көзге түскен жас тергеуші арада көп уақыт өтпей, өзінің білікті маман екендігін көрсетіп, оған ауыр санатты істерді тергеу сеніп тапсырылады. Биыл осы салада аянбай қызмет етіп келе жатқанына төрт жыл болды. Сауаттылық пен төзімділікті талап ететін тергеу қызметі шыдамды әрі зерек болуды үйретті. Жас та болса тәжірибелі тергеуші өте маңызды қызметтің ортасында жүріп, бірқатар қылмыстар бойынша тергеу амалдарын жүргізіп келеді.

Жыл басынан ауыр санатты 122, аса ауыр санатты 3 қылмыстық істі сотқа жолдап, әріптестері арасында жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

2021 жылдың ортасында Сайрам ауданында орын алып, 2022 жылдың басына дейін жалғасқан шығын сомасы 289 млн-ды құрайтын ауыр санатты көп эпизодты алаяқтық қылмысы полиция аға лейтенантының өндірісіне түседі. Аталған қылмысқа қысқаша тоқталсақ, өткен жылдың ортасында Сайрам ауданының тұрғындары аудандық полиция басқармасына келіп, «Жусан» банкінде белгісіз тұлғалар өздерінің қатысуынсыз несие рәсімдеп, алаяқтық жасағаны туралы арызданған. Күн өткен сайын арызданушылардың саны артып, 2022 жылдың басында 113 адамға жеткен. Осындай ауыр санатты күрделі қылмыстық істі тергеп-тексеріп, сотқа жолдаған. Қазіргі таңда іс сотта қаралуда.

Жалпы тергеушілер қызмет бабында жағымсыз жағдайлармен жиі бетпе-бет келіп жатады. Осындайда эмоционалдық тұрғыда ұстамды және салқынқанды болу қажет.

«Тергеуші болу үшін темірдей төзім, сабырлылық, ұсақ детальдарға мән беріп, уақытпен санаспай жұмыс істей білу керек», - дейді Бағдат Жиенбек.

Полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілерге қатысты құқық бұзушылықтарды анықтауда

Түркістан облысы аумағында полиция қызметкерлері жолдарда апаттық жағдайларды төмендету, жол қозғалысы ережелерін бұзу жолаушылар тасымалымен ұдайы айналысатын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті сақтау мақсатында «Автобус» профилактикалық шарасын ұйымдастырды.

Осы тұрғыда Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудандағы көшелерге рейдтік шара жүргізді. Бұл іс-шара кезінде қоғамдық 5 автокөлік, «Тайота Альфард» маркалы қоғамдық көліктер және балаларды балабақшаға таситын кіші автобустар тексерілді. Оларға «Автобус» шарасын түсіндіріп, заңға қайшы келетін көліктің құжаттары тексеріліп, орын алған құқық бұзушылықтар анықталды.

Мәселен, қауіпсіздік белбеуін тақпағаны үшін 2 жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігімен «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», көлігіне қосалқы бөлшек қосқаны үшін, яғни заңсыз талапқа сай келмейтін орындық қосқаны үшін 1 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігімен «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері жүйелі түрде өткізіп жатқан бұл алдын алу шаралары жол-көлік оқиғаларының жолын кесіп, санын азайтады деп сенеміз.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Қазығұрт: Қару сақтау ережесі сақталмаған

Түркістан облысында «Қару» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілді. Шараның басты мақсаты - заңсыз айналымдағы атыс қаруларын анықтау және тіркеуде тұрған қарулармен жасалатын қылмыстардың алдын-алу.

Осы шара кезінде Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 300-ден астам қора иелеріне және қаруы бар азаматтардың тұрғын үйлеріне арнайы барды. Тәртіп сақшылары тұрғындарға профилактикалық шараның маңыздылығын, жүргізілу себебін түсіндірді. Қаруды сақтау ережесі мен қаруға рұқсат алу куәлігінің мерзімдеріне тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар шара кезінде анықталған құқық бұзушылық бойынша 3 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы 1-бөлігі «Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзуына» байланысты хаттама толтырылды.

Бұндай шаралардың маңыздылығы сол халықтық қауіпсіздігі мен қылмыстардың алдын алу.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат