САРЫАҒАШ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Түркістан облысы полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде.

Естеріңізге сала кетсек, Түркістан облысының аумағында ағымдағы жылдың 20 шілде мен 19 тамыз аралығында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұндағы басты мақсат - жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау және жолын кесу, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, облыс жолдарында апаттылықты төмендету болып табылады.

Жалпы іс-шара барысында сарыағаштық полицейлер аудан көлемінде жол жүрісі бойынша мас халде көлік жүргізу, жолдың қарама-қарсы бағытына шығып, басып озу, жалған қағидаларын бұзу нөмірімен автокөлік басқару сынды құқықбұзушылықтың алдын алуда. Сондай-ақ 2 тәулік ішінде республикалық маңызы бар тас жолда күшейтілген түрде нәтижелі жұмыстар атқарылды. Мұндай іс-шаралар тәртіп сақшылары тарапынан алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

ТҮРКІСТАН: САЯБАҚТАҒЫ МҮЛІКТІ СЫНДЫРҒАН...

Саябақтағы мүліктерді сындырған үш жасөспірімнің әрекеті бейнекамераға түскен

Түркістан қалалық Полиция басқармасына "Жасыл Түркістан" мекемесінің қызметкерінен, белгісіз біреулер саябақтағы 1 дана қоқыс жәшігі мен 3 орындықты сындырып кеткені жайлы шағым келіп түсті. Ақпарат алысымен полицейлер шұғыл әрекет етті. Бірінші кезекте кінәлілерді анықтау үшін учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды.

Жедел-іздестіру шаралары атқарылды. Жан-жақты сұрастырылып, бейнебақылау камералары жіті тексерілді. Соның нәтижесінде саябақта теріс әрекет жасағандардың әрекеті жазылған бейнежазба анықталды. Осылайша жас жігіттер тұрғылықты мекенжайларынан анықталды. Олар бір-бірімен көрші тұратын, жасөспірімдер болып шықты.

Анықталғандай, құқық бұзушы үш жасөспірім таңғы 04:55 шамасында қыдырып жүріп, қызық үшін өрескел әрекетке барған. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабымен «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Әрбіріміз қаламыздың тазалығына, әдемілігіне жанашырлық танытып, аулалар алдындағы демалатын орындықтар, көшелерге қойылған қоқыс жәшіктерін сындыруға жол бермеуіміз керек.

Сіздің ойланбай жасаған теріс әрекетіңіз үшін қылмыстық жауапкершілік барын естен шығармаңыз. Сондай-ақ темекі тұқылын, пісте қалдықтарын бейберекет шашпау қажет. Көше тазалығына жауапты азаматтардың да жұмысын бағалаңыз!

 

 

САРЫАҒАШ: 110 ӘКІМШІЛІК ХАТТАМА ТҮЗІЛДІ

Жүргiзушiлер арасында келiк тәртiбiн арттыру, жол келiк окигаларын төмендету және жол жүрісі кағидаларын бұзудың алдын мақсатында Республика көлемiнде алу Ұйымдастырылған «Кауiпсiз жол» жедел профилактикалык іс шарасын еткізу жайлы Сарыағаш ауданы полиция белiмi бастыгынын бұйрығы шыгарылып, осы багытта жұмыстар 2022 жылдың шілде айынын 19 күнiнен бастап жумыстар атқарылуда. Аудан аумағында «Қауiпсiз жол» Республикалық жедел профилактикалык іс шарасы жүргiзiлiп жатканы жайлы әлеуметтiк желiлерге және ауданнын хабарландыру берiлдi. баспасөз кызметтерi аркылы аудан тұрғындарына

Осы багытта аткарылган жумыстар барысында Сарыағаш ауданы аумағында жол келiк окигалары орын алмаган, iс-шара барысында жалпы 110 әкімшілік хаттама тузiлген. Онын iшiнде автокелiктi мас халде баскарганы үшiн 2 дерек анықталып. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608 бабымен әкімшілік хаттама түзiлдi. Сонымен катар автокөлiктi баскару кезiнде жолдын карсы багытына шыгып, жолда жүру ережелерiн өрескел түрде бузган 2 тұлға аныкталып, оларга Казакстан Республикасы ӘҚБтК-нiн 596 бабы з белігімен әкiмшiлiк хаттамалар рәсiмделіп, кукык бузушылык жасаган тулгаларга катысты занды процессуалдык шешім кабылдау ушiн әкiмшiлiк iс-кужаттары Сарыагаш ауданынын әкiмшiлiк кукык бузушылыктар мамандандырылған әкiмшiлiк сотына жолдануда. жөніндегі

Іс шара барысында аудан аумағында жол кептелiсi жиi орын алатын, жол келiк окигаларына кауiптi аймактарды аныктау, ол жерлерге жол белгiлерiн орнату максатында ұсыныстар Сарыагаш ауданынын автожолдар бөлiмiне жолдануда.

Ауданаумагында <<Kayinciзжол>> Республикалык жедел профилактикалык іс шарасына Сарыағаш ауданы полиция белiмiнiн жеке курамы жумылдырылып, жол келiк окигаларын болдырмау және жол жүрiсi кагидаларын алдын алу максатында кушейтілген тәртiпте жұмыстар аткарылуда.

Түркістан: 2022 жылдың 6 айында жол-көлік оқиғаларының саны 4,7%-ға төмендеген

«Жолдағы қауіпсіздік басты орында!» бүгін осы тақырыпта Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен тікелей эфирде сүбелі сұқбат жүргізілді. Іс-шара тізгінін Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Абдужаппарова алды. Спикер ретінде Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Бегімхан Ахметов пен Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекциясы бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Данабек Мырзабеков қатысты.

Сұқбат барысында Түркістан облысы полицейлерімен атқарылып жатқан жұмыс нәтижесі баяндалып, профилактикалық әңгіме өрбіді. Жалпы Түркістан облысы аумағындағы республикалық, облыстық маңызы бар және жергілікті автожолдарында, облыс орталығы мен елді мекендердің көшелерінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жұмыстар ұдайы түрде жүргізіліп келеді.

Атқарылған жұмыстар мен қабылданған шаралардың нәтижесінде, 2022 жылдың 6 айында жол-көлік оқиғаларының саны 4,7%-ға, қаза болғандар 3,1%-ға төмендеген болса, жарақат алғандардың саны 1,4%-ға өскен. Алғашқы сөзді алған Б.Ахметов: «Түркістан облысы жолдарында жол қозғалысын реттеу шаралары полицейлердің күн тәртібінен түскен емес. Заманауи техникалық құралдар, бейнебақылау камераларымен жабдықтау жұмыстары жолға қойылды.

Мұның өзі жүгенсіз жүргізушілерді анықтауда тәртіп сақшыларына таптырмас көмекші болуда. Сондай-ақ «Қауіпсіз жол», «Абайлаңыз, балалар!» секілді жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жұмыстар жасалуда. Өздеріңізге белгілі, бізде жол-көлік оқиғаларына және оның ауырлығына тікелей әсер ететін 7 басым бағыт бар, олар бойынша жыл басынан бері 49 000 астам құқық бұзушылықтар анықталды.

Сонымен қатар кей жағдайларда қараусыз жүрген үй жануарлары да жол апатының себепшісі болып жатады. Мысалы 2022 жылдың 6 айында облыс жолдарында тұрғындардың бос жіберген малдарының салдарынан 23 адам жарақат алып, 6 адам қаза болған. 3635 мал иелері Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 408-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды»-деп атап өтті.

Ал жол-техникалық инспекциясы бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Д.Мырзабеков: «2022 жылдың І, ІІ-тоқсанында Түркістан облысы Полиция департаменті мен автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалдау бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе көшелерде тексеріс-зерделеу жұмыстарын жүргізуде.

Мәселен осындай жұмыстардың нәтижесінде, Түркістан қаласында жол инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстар дайындалып, жазбаша ұйғарымдармен орындау үшін жергілікті әкімдікке жолданды. Оның ішінде қосымша 7 бағдаршам нысанын орнату қажеттілігі анықталып, ұсыныс берілген. Қалаішілік орталық көшелерге 100 дана аялдама павильонын орнату жоспарланып, осы аялдамалардың эскиз жобасы әзірленді. Қазіргі уақытта, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

796 дана жол белгілерін орнату жоспарланып, 2022 жылдың 5 айында, полиция тарапынан берілген нұсқамаға сәйкес, 565 дана жол белгілерін ауыстыру, жаңарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 2022 жылдың ерте көктемінде Түркістан қаласындағы 34 мектептің 32-сі алдындағы жүргіншілер өткелдері қайта сызылып жаңартылды.

Теміржол вокзалы әуежай маңындағы жүргіншілер өткелі де қайта сызылды. Түркістан қаласының 9 орталық көшелеріндегі шаң басып көрінуі нашарлаған жол таңбалары, арнайы техникаларды жұмылдыра отырып, шаң тозаңнан тазартылып сүртілді»-деп атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті. Осылайша сұқбат барысында облыс көлемінде атқарылып жатқан тындырымды тірліктер айтылды.

Өз кезегінде желі қолданушылары да жазбаша түрде 50-ден астам сауалдарын жолдап, көкейтесті сұрақтарына жауап алды. Полиция мен халық арасындағы кері байланысты нығайтып, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында өткізілген бұл шара алдағы уақытта да түрлі тақырыптарда жалғасын табатын болады.

 

Түркістан: Жол белгілері жаңартылуда

Түркістан қаласы - облыс орталығы болғалы бері, киелі өңірде ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, соңғы үлгідегі бейнебақылау камералары қойылып, жол белгілері жаңалануда, тіпті кейбір көшелерге қажеттілігіне қарай жаңа таңбалар қойылуда.

Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлері, облыс әкімдігінің тікелей қолдауымен және мүдделі органдармен бірлесіп, жол қауіпсіздігін жақсарту, жол инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде жол жүрісін реттеудің және бақылаудың зияткерлік жүйелерін енгізу бойынша бірқатар профилактикалық іс-шаралар іске асырылуда.

Жол-көлік оқиғаларын алдын алудың негізгі факторларының бірі - жол белгілері мен сызықтардың (разметка) тиісті Ережелер мен стандарттарға сәйкес келуін қамтамасыз ету болып табылады. Осы бағытта Түркістан ҚПБ Әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен тексеру жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктер зерделенді.

Нәтижесінде ҚР 2014 жылғы «Жол жүрісі туралы» Заңының талаптарына сәйкес, Түркістан қаласы Ататүрік көшесіне 3,27 аялдауға тыйым салатын жол белгісін орнатып, жол таңбаларын сызу керектігі бойынша акт түзілді. Аталған кемшілікті жою мақсатында, Түркістан қаласының «жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» мекемесіне жазбаша түрде нұсқама беріліп, 1 тәулік ішінде жол белгісі сызылған.

Яғни жолдың жүру бөлігіне жол таңбасын сызып, екі жақтама 4 дана жол белгілері орнатылды. Осылайша жол қозғалысына қауіп төндіретін кемшілік жойылды. Бейбіт күнде жол бойында болатын апаттардың алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз іске асырыла бермек.

Мақтаарал: Мас халде көлік айдағаны үшін 7 жылға көлік айдай алмайды

Тәртіп сақшыларына елдегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауда үлкен міндеттер жүктеледі. Олардың барлық жұмысы еліміздегі тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күреске, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталады.

Азаматтардың қауіпсіздігі барынша қамтамасыз етіліп, халықтың тыныштығы сақталуы үшін олар күндіз-түні жүйелі жұмыс жүргізеді. Мәселен Мақтаарал ауданының полицейлері түнгі қауіпсіздікті сақтау мақсатында рейдтік шара жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері Алғабас ауылына баратын тас жолдың бойында алдыңғы айнасы сынып, сызат пайда болған «Ауди» маркалы автокөлікті тоқтатты.

Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында, оның жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Полицейлер оның мас күйіне күмән келтіріп, оған медициналық сараптама тағайындады. Зерттеу қорытындысына сәйкес, жүргізушінің алкогольдік масаң күйде екені анықталды.

Тәртіп сақшылары аталған деректі ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеп, аудандық сотқа жолдады.

Мақтаарал аудандық сотының шешіміне сәйкес, жүргізуші кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Ерлік жасау әркімнің қолынан келе бермейді. Дегенмен Түркістан өңірінде өз басын қауіпке тігіп, өзгенің өмірін қорғап қалған азаматтар бар. Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бейбіт күннің батырларын қабылдап, құрмет көрсетті.

— Бүгін біз шын мәнінде нағыз патриот, батыл азаматтармен жүздесіп отырмыз. Сіздер қазіргі жастар үшін үлгісіздер. Олар отаншылдықтың не екенін сіздерден үйренеді.

Жалпы Түркістан облысында патриоттар өте көп. Арыс апаты мен Мақтааралдағы су тасқынында облысымыздың ерікті жастары, патриоттары күндіз-түні елге қызмет етті. Оны ел жақсы біледі. Бұның бәрі өңір тұрғындарының мықтылығын, елге жанашырлығын көрсетеді. Сіздер тұрғындарды өрттен, апаттан құтқарып, ерлік жасадыңыздар. Бейбіт күннің батыры атанып жүрсіздер. Қасиетті байрағымызды оттан алып шыққан бауырымызға да рахмет. Осындай азаматтарды елге танытып, насихаттауымыз керек. Біз сіздермен мақтанамыз, — деді Өмірзақ Шөкеев.

Батылдық пен батырлықтың үлгісін көрсеткен Түркістан облысының азаматтарын облыс әкімі "Түркістан облысына сіңірген еңбегі" үшін төсбелгісімен марапаттады. Олардың бірі —күні кеше ғана ерлігінің арқасында елге танылған Қансейіт Мұхаммед. Оның отаншыл болмысын күллі ел көрді. Сайрам аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері Ақсукент ауылында орналасқан әрі өзі жұмыс істейтін ғимаратта болған өрт кезінде шатыр үстіндегі Мемлекеттік Туды оттан алып шыққан болатын.

Хайруллаев Аян Рысбекұлы — Жетісай аудандық полиция бөлімінің миграция бөлімшесінің басшысы. Ол төнген қауіпке қарамай, бейтаныс кейуананы өрттің ортасынан аман алып шыққан.

Нұрғали Керімбеков — Кентау қаласы, №12 Өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты. Өз ісінің шебері су құбырына құлап кеткен 2 жастағы баланы құтқарып алды.

Батырлардың бірі Рысбек Мейірбек Нұржігітұлы — Қазығұрт ауданының тұрғыны. Ол әжетханаға түсіп кеткен 1 жастағы баланы құтқарып алып шығып, елді сүйіндірді.

Батыл азаматтар өңір басшысының ілтипатына ризашылық білдіріп, қоғамның дамуына қызмет етуге дайын екендерін жеткізді.

ТӨЛЕБИ: СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ!

Төлебиаудандықполициябөлімінің, кәмелеткетолмағандардыңістеріжөніндегіучаскелікполицияинспекторларқұрамы, балалардыңжазғыдемалысташомылуорындарынажиібаратынынескереотырып, ауданкөлеміндежәнежақынорналасқаншомылуорындарындатүсіндірмежұмыстарынжүргізді.

Мектепкедейінгіжәнемектепжасындағыкішкентайбалаларшомылукезіндеүнеміүлкендердіңқарауындаболуытиіс. Үлкенірекжастағыжеткіншекбалалар, өздерісуайдынынашомылуғабарғанкездеде, суғатүсугерұқсатетілген, қауіпсіздігісақталған, суастындағытереңой-шұқырларыжоқ, қаттысуағысы, иірімінемесетолқыныжоқжерлердешомылуықажет.

Құрметтіата-аналар, балалардыңқауіпсіздігінқамтамасызетумақсатында, алдыналушараларыменескертулергемұқиятболудысұраймыз!