Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту бойынша қабылданып жатқан шараларды халыққа таныстыру мақсатында ағымдағы жылдың 13-21 маусым күндері аралығында, облыс аумағында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ!» республикалық акциясы басталды.
Акцияға ішкі істер органдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, прокуратура, үкіметтік емес ұйымдар, білім беру, денсаулық сақтау органдары мен еріктілер жұмылдырылуда. Аталған тиісті мамандармен:
- Дағдарыс орталықтарының және ҮЕҰ базасында білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің мамандарын тарта отырып, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы мәселелер бойынша сенім телефонының «Қауырт желісінің» жұмысы ұйымдастырылады.
- Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында елді мекендерде тиісті баннерлермен қамтылған арнайы автобустарда жергілікті полиция қызметі басшылығының азаматтарды жеке қабылдау жолымен мобильдік акциялар ұйымдастырылады.
- Кәсіпорындарда және ұйымдарда отбасылық құңдылықтарды насихаттау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу жөніндегі қоғамдық іс-шаралар (брифингтер, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер және т.б.) ұйымдастырылады.
- Азаматтар көп жиналатын орындарда көрсетілген тақырыпқа билбордтар мен плакаттар орналастырылып, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі жаднамалар мен буклеттер тарату ұйымдастырылады.
«AQ-QARA.KZ»- ақпарат