Сәрсенбі, 15 Қазан 2025 13:35

Сауран ауданында өзін-өзі жұмыспен қамту деңгейін арттыру мақсатында әлеуметтік дүкендер тегін пайдалануға берілді

Түркістан облысының Сауран ауданында аз қамтылған отбасыларды қолдау және жергілікті өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамытуға бағытталған ерекше әлеуметтік жоба іске қосылды. Жергілікті билік бастамасымен қолға алынған «Әлеуметтік бақша» жобасы аясында жаңа әлеуметтік дүкендер тегін пайдалануға беріледі.

Жобаның басты мақсаты – әлеуметтік осал топтарды қолдау және жергілікті өзін-өзі жұмыспен қамту деңгейін арттыру. Дүкендер әлеуметтік осал топтардың өкілдеріне тегін ұсынылады. Енді зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және басқа да мұқтаж жандар өздері өсірген немесе дайындаған өнімдерін сата алады. Дүкен сөрелерінде жаңа піскен көкөністер, жемістер, жидектер, үйде дайындалған тағамдар, сүт өнімдері және басқа да табиғи өнімдер бар.

Бұл бастаманы Түркістан облысының әкімі Нұралыхан Көшеров та қолдап, жұмыс сапары барысында жаңа сауда орындарын аралап, тұрғындармен сөйлесіп, өнім түрлерімен және сауда шарттарымен танысты. Ол мұндай жобалардың ауылдық өңірлердің тұрақты дамуы үшін маңыздылығын атап өтті. – Бұл – жай ғана сауда орны емес, өмірдің қиын жағдайларына қарамастан өз еңбегімен табыс табуға ұмтылатын адамдарды қолдайтын алаң. Жоба облыстың басқа аудандарына да үлгі болады, – деді өңір басшысы.

Сонымен қатар тұрғындарға қолжетімді бағамен ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылған арнайы жәрмеңке де ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде Сауран ауданының шаруашылықтары өндірген экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды. Мемлекеттік грант алған жас кәсіпкерлердің өнімдері де саудаға шығарылды. Бұл жастарды кәсіпкерлікке тартуға ықпал етіп қана қоймай, жергілікті нарықты сапалы отандық өнімдермен қамтамасыз етудің бір жолы болып табылады. Жаңа жоба жергілікті халық пен билік тарапынан жоғары бағаланып, алдағы уақытта облыстың басқа аудандарына таралуы мүмкін.

Адамдардың әл-ауқаты мен тұрмыстық жағдайына қамқор болу – елдік міндет. Осы орайда, Сауран ауданында жоғарыда аталған ерекше жоба – «Әлеуметтік бақша» бастамасы қолға алынғалы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленуде. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың ұсынысымен іске асып жатқан бұл әлеуметтік жоба – тұрмысы төмен, көпбалалы отбасылар мен өзге де әлеуметтік осал топтарға азаматтарға нақты көмек көрсетуге бағытталғанын жоғарыда атап өттік. Қоғамда қайырымдылық пен жанашырлық секілді асыл құндылықтарды дәріптейтін бұл жоба, ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігіне жан бітіріп, үміт отын жаққан ізгілікті іске айналып келеді.

Жоба аясында биыл ауданның бірнеше ауылдық округінде арнайы жер телімдері бөлініп, сол алқаптарға картоп, сәбіз, пияз, қызанақ, қияр сынды күнделікті тұтынуға қажетті бақша дақылдары егілді. Басты ерекшелігі – егілген өнімдер ешбір коммерциялық мақсатты көздеместен, тегін түрде әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға үлестіріледі. Жуырда осы жобаның пилоттық үлгісі ретінде Шорнақ ауылында жиналған өнімдер мұқтаж тұрғындарға ақысыз негізде таратылғанын айта кетейік. Қоғамды ұйыстырған іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков қатысып, жобаның маңыздылығына тоқталған болатын.

«– Бұл бастама – тек өнім тарату ғана емес, ең алдымен, қоғамның ең осал тобына деген шынайы жанашырлықтың белгісі. Қайырымдылық пен қамқорлықты бірлесе жүзеге асырсақ, әлеуметтік әділдік пен ынтымақты қоғам қалыптасады», – деді шара барысында сөз алған азаматтар. Жоба аясында жергілікті еріктілер де белсенділік танытып, көктемгі егіс маусымында еңбекке араласты. Бұл өз кезегінде ауыл жастарын пайдалы іске жұмылдырып, оларды еңбекке баулуға, табиғатпен етене байланыста болуына ықпал етуде.

Алдағы жылы «Әлеуметтік бақша» жобасының ауқымы кеңейіп, оған қамтылатын ауылдар саны көбеймек. Әкімдік тарапынан қолдау жалғасып, қосымша жер телімдері бөлініп, жаңа технологиялар енгізіледі деген жоспар бар. «- Бұл – тек бау-бақша емес, бұл – қамқорлықпен көмкерілген алқап. Бұл – әлеуметтік жауапкершіліктің нақты көрінісі. Ең бастысы, бұл жоба – бірлік пен берекенің бастауы», - дейді ауыл азаматтары.

«Әлеуметтік бақша» жобасының артықшылығы – ауылдық өңірдегі тұрғындардың өз өнімдерін нарыққа шығаруға тегін мүмкіндік алуында. Бұл бастама арқылы аз қамтылған отбасылар өз ісін бастап, табысын арттыра алады. Сонымен қатар жобаның тағы бір маңыздылығы – ауыл тұрғындарының әлеуметтік белсенділігін арттыру және жергілікті экономикаға серпін беру.Жобаның іске қосылуы жергілікті халық арасында зор қолдау тапты. Көптеген тұрғындар әлеуметтік дүкендердің ашылуы арқылы өз өнімдерін сатуға мүмкіндік алғанын ерекше бағалады. Сондай-ақ, жәрмеңке барысында ұсынылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы жоғары бағаланып, жергілікті экономика мен кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға септігін тигізетіні айтылды.

Биылғы жылы «Әлеуметтік бақша» жобасы Сауран ауданында пилоттық негізде іске қосылды. Алдағы уақытта жобаның тәжірибесі облыстың басқа аудандарына таралады деп жоспарлануда. Бұл өз кезегінде Түркістан облысындағы әлеуметтік осал топтарды қолдау жүйесін нығайтып, ауылдық аймақтардағы өзін-өзі жұмыспен қамту деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Жоба аясында әлеуметтік дүкендер мен жәрмеңкелер тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Әрбір жаңа дүкен – ауылдық экономикаға қосылған үлес, ал тұрғындарға ұсынылатын өнімдер – сапалы және қолжетімді болуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар бұл бастама жастарды кәсіпкерлікке тартудың тиімді жолы болып отыр.

Сауран ауданындағы «Әлеуметтік бақша» жобасы – өңірдегі аз қамтылған отбасыларға арналған тиімді әлеуметтік бастамалардың бірі. Жоба тұрғындарға өз өнімін нарыққа шығарып, экономикалық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамытуға және жергілікті экономикаға қолдау көрсетуге ықпал етеді. Жалпы, әлеуметтік осал топтарды қолдау, өз өнімін сату мүмкіндігін беру және ауылдық жерлерде өзін-өзі жұмыспен қамтуды арттыру бағытындағы шаралар Түркістан облысының әлеуметтік саясатындағы басты басымдықтардың бірі болып отыр. «Әлеуметтік бақша» жобасы тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, ауылдық экономика мен кәсіпкерлікті дамытуға жаңа серпін беретін маңызды бастама ретінде бағалануда.

Елімізде шағын және орта бизнеске экономиканың драйвері ретінде мемлекеттік тұрғыдан басымдық беріліп келеді. Сауран ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны  7 мыңға  жетіп, соңғы 2,5 жылда олардың саны 5 мыңға өсті. Осы салада 8 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, өткен кезеңмен салыстырғанда 1,5%-ға артты.

Ауыл­дарды дамыту бойынша алға қой­ған жоспарлар көп, соған байланыс­ты біраз жұмыс атқарылып жатыр. Қазір ауыл-аймақтарды дамыту барлық қолданыстағы бағдарламалық құжаттар шеңберінде жүзеге асырылады. Мәселен, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін Үкімет ауылдық аумақ­тарды дамытудың 2023-2027 жыл­дарға арналған тұжырымдамасы бар. Тұжырымдама ауылдық аумақ­тар­дың географиялық ерекшеліктері мен бәсе­ке­лестік артықшылықтарын ескере отырып, олардың әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық әлеуетін арттыруға бағыт­тал­ған. Тұжырымдаманың аясында ауыл тұрғындарының табысы мен тұрмыс сапасын арттыру бойынша түрлі шаралар қарастырылған. Құжаттағы басты назар «Ауыл – ел бесігі» жобасы арқылы даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауылдық елді мекенді кешенді жаңғыртуда болып отыр. Бұл – жалпы ауылдардың 90%-ға жуығы. Мұндай елді мекендер адамдардың жұмыс істеуі мен тұруы үшін қолайлы жағдайлар жасау есебінен экономикалық өсудің жаңа нүктелеріне айналады.

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін агроөнеркәсіптік өндірісті жандандыру, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту жолымен шешу жоспарда тұр. Осылайша, шағын шаруашылықтарды біріктіру және ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыру фермерлерге тұқым, тыңайтқыш, жем, агро­техникалық және ветеринариялық қызметтер шығындарын қысқартуға, жер учаскелерін, ауыл шаруашылығы техникасын, ирригациялық және дре­наж­дық жүйелерді бірлесіп пайдалану есебінен өндірілген өнім көлемін арттыруға, сондай-ақ өндірілген тауарларды делдалдарсыз тұрақты өткізуге мүмкіндік береді.

Сауран ауданында ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін агроөнеркәсіптік өндірісті жандандыру, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту жолымен шешу жоспарда тұр. Осылайша, шағын шаруашылықтарды біріктіру және ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыру фермерлерге тұқым, тыңайтқыш, жем, агро­техникалық және ветеринариялық қызметтер шығындарын қысқартуға, жер учаскелерін, ауыл шаруашылығы техникасын, ирригациялық және дре­наж­дық жүйелерді бірлесіп пайдалану есебінен өндірілген өнім көлемін арттыруға, сондай-ақ өндірілген тауарларды делдалдарсыз тұрақты өткізуге мүмкіндік береді. Жалпы, мұндай тәсіл бизнес-ортаны дамытуға және ауылда нарықтық, көліктік және логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыруға ық­пал етеді. Сонымен қатар қызмет ба­ғыт­­тарын кеңейту есебінен жаңа жұмыс орын­­дары пайда болады, осылайша ауыл­дан жас кадрлардың кетуі азаяды.

Жалпы, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Сауран ауданы көлемінде 2030 жылға дейін жалпы құны 209,3 млрд. теңгені құрайтын 254 инвестициялық жобаны іске асырып, 4 162 жаңа жұмыс орнын құру көзделуде. Ауыл шаруашылық саласына инвестициялық құны 116,1 млрд теңге құрайтын 68 ірі жобаны іске асыру жоспарланған. Ал, өнеркәсіп саласында 53,1 млрд теңгені құрайтын, 85 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Сонымен қатар, 2024 жылы ауданның жалпы өңірлік өнімі 78,7 млрд. теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 100,6%-ға артқан. Өңірлік өнімнің 75%-ы - ауыл шаруашылығы, 11,6%-ы - өнеркәсіп, 10,3%-ы - құрылыс және 3,1%-ы сауда саласының үлесінде.

Сауран ауданында ауылшаруашылығы саласында 2025 жылдың басынан бері 6,8 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 102 млрд теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Осы мақсатта өңірде биыл құны 16,4 млрд теңгені құрайтын 13 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ.

«Ауданға қарасты Шаға ауылдық окугінде келесі жылы «Eco-Chiken» ЖШС жұмысын бастамақ. Ет бағытындағы құс фермасының жоба құны 2,5 млрд теңгеге бағаланып отыр. Өндіріс орны толық іске қосылған соң тек облыс көлемінде ғана емес, еліміздің түкпір-түкпіріне құс етін эспорттауға мүмкіндік туады. Сонымен қатар, «Ақ Сауран» ЖШС-ң құны 1,5 млрд теңгені құрайтын 700 гектар аумаққа жаңбырлатын суару қондырғысын орнату жобасы да жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Бұдан бөлек, бірнеше ірі мал бордақылау алаңдары мен жылыжай кешендері өңірдегі ауылшаруашылығы саласының дамуына өзіндік үлесін қосарына күмән жоқ»- деді өңір басшысы.

Сонымен қатар, өңірлік өнім көлемін артыру мақсатында, ауданның 2030 жылға дейін 3 бағыт бойынша даму жоспары әзірленген. Жоспарға сәйкес, аталған мерзімге дейін жалпы құны 209,3 млрд теңгені құрайтын 254 инвестициялық жобаны іске асырып, 4 162 жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Ал, 2025 жылдың соңына дейін медициналық жиhаз, тұрмыстық химиялық өнімдер, құрылыс материалдарын, тамақ өнімдерін шығару және басқа да тауарлар өндіретін 30 өндірістік орын ашылады. Салынатын инвестиция көлемі 100 млрд.теңгені құрап, 1 500 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

 «WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 79 рет