ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСІ САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Сарыағаш ауданы кәсіпкерлерінің жекелеген күрделі және жүйелі мәселелерін шешу жолдарын талқылау мақсатында, бизнес өкілдерімен жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың, заң қадағалау және құқық қорғау органдарының өкілдерімен Өңірлік кеңестің отырысы өтті.

Кездесу кеден мәселесімен басталды. Кәсіпкерлер кеденде бірнеше күн заттың тұрып қалуына шағым айтты.

«Кеден бекетінен өткізетін жүзім өнімдеріне кедендік төлем-1,2$ (564 теңге) мөлшерінде бекітілген. Ал нарықтық бағасы әртүрлі, тұрақты болмайды. Мысалы, бір тауарды бір ай бұрын мың теңгеге сатып алынса, сол тауар қазір 200 теңгеге сатып алынады. Бірақ кеден төлемінің жоғары шартты бағасымен төленеді. Бұл ретте, қаншалықты 200 теңгеге алынған тауардың кеден төлемі мың теңгеге алынған тауардың төлемімен бірдей болады», – деп атап өтті жеке кәсіпкер Бауыржан Исахов.

Өңірлік кеңестің төрағасы бұл мәселені жіті бақылауда ұстайтынын жеткізді.

«Палата өз тұрғысынан кеден бекетіне барып зерделенген мәселелерді шешу үшін арнайы кездесу ұйымдастырыңыздар», – деді Нұралы Әбішов.

Қапланбек кеден бекеті басшысы орынбасарының айтуынша кедендік құнды анықтаудың 6 әдісі бар.

«Осыған байланысты бағасы анықталады. Төленетін соманы жүйе өзі айқындайды», –  деді Қымбат Жүнісов.

Бірлескен шараның күн тәртібінде шағын және орта бизнес субъектілерін алаңдатқан өзекті  сұрақтар тыңдалып,  кәсіпкерлерге қысым көрсету, жұмыс барысына заңсыз араласу, әкімшілік кедергілер келтіру, негізсіз әуре-сарсаңға салу әрекеттерін болдырмау мәселелері қаралды.

Кездесу соңы балабақша жүргізіп отырған кәсіпкерлердің сұрақтарымен жалғасты.

«Балабақшалардың жұмыс уақыты 10,5 сағат болып бекітілген. Бірақ қазіргі таңда Адами әлеуетті дамыту басқармасы тарапынан қаулының жобасында балалардың 9 сағаттық тұруын ұсынды, кәсіпкерлер атынан келіспейтінімізді жеткіземіз», – деп атап өтті «Нұр Мереке Бала бақшасы» ЖШС директоры Назым Жұмағұлова.

Білім басқармасының өкілі балабақшалар түгел есептік құжаттарын өткізбегендіктен ақысы төленбей отырғандығын жеткізді.

«50 шақты балабақша әлі күнге дейін есептік құжаттарын өткізбеді. Толық өткізген соң төлеп бастаймыз», – деді Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Дәулет Ақатов.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы бұл мәселенің шешілмей келе жатқанына наразылығын білдірді.

«Неліктен ең төмен баға Түркістан облысында? Неге ұсыныс берілмейді, неше жылдан бері шешілмей келе жатыр. Жылдан жылға қарыз тек ұлғайып жатыр. Кәсіпкерлер қызметкерлеріне жалақы төлеуі керек, коммуналдық төлемдері бар. Уақытылы төленбегенінен бөлек, биылдан бастап төлемдерді қысқартып отырсыздар», –  деді Орынбасар Қабыштаев.

Сарыағаштық кәсіпкерлер тарапынан көтерілген ұсыныстар мен өтініштер тиісті мекемелердің назарына  алынып, бизнес өкілдеріне құқықтық көмектер көрсетілді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСІ КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Келес ауданындағы кәсіпкерлердің жекелеген күрделі және жүйелік мәселелерін шешу жолдарын талқылау мақсатында бизнес өкілдерімен жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың, заң қадағалау және құқық қорғау органдарының өкілдерімен Өңірлік кеңестің отырысы өтті.

Жиынға Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің төрағасы Орынбасар Кабиштаев, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев және Келес ауданының бизнес өкілдері қатысты.

Келелі бас қосуды Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің төрағасы Нұралы Әбішов ашып, жиынның мақсаты жайлы айтып өтті.

- Бүгінгі жиынның басты мақсаты – сіздердің мәселелеріңізді тыңдау және оларды шешуге жәрдемдесу. Толыққанды шешу мақсатында арнайы бүгінгі жиынға Түркістан облысы прокурорының орынбасары Жомарт Нұрғалиұлын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Арынбаевты және де басқармалар, қаржы институттардың өкілдерін шақырдық, - деп атап өтті Нұралы Әбішов.

Кездесуде кәсіпкерлердің құқығын қорғау, бизнеспен айналысу үшін қолайлы жағдай жасау және әртүрлі әкімшілік кедергілерді жою мәселелері талқыланды. Кәсіпкерлер тарапынан қойылған сауалдардың дені егілген бау-бақшаға, ірі қара малға, балық шаруашылығына берілетін несие алу шарттары, ауылшаруашылығына бөлінетін субсидиялар, мемлекеттің қолдайтын бағдарламаларына байланысты болды.

Кеңес соңында өңірдегі ірі кәсіпорын басшылары Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдеріне өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын жолдап, ой-пікірлерін ортаға салды. Тілге тиек етейік, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында оның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Қазақстанда кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мен қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді жедел әрі жүйелі шешу үшін, сондай-ақ көпшілікке таныстыру мақсатында құрылған. Кеңес төрағасы – Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы.Кеңестің негізгі міндеттері:1) кәсіпкерлер құқығын және кәсіпкерлік қызметтің бостандығын қорғау;2) мемлекеттік органдар мен мекемелерге кәсіпкерлер құқығын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту туралы ұсыныстар беру;3) Ұлттық палатаның мүшелерін қорғау үшін мемлекеттік органдарға ұсыныстар дайындау және жолдау, ресми хат алмасуды жүргізу, олардың құқығы мен заңдық мүддесін таныту;4) орталық және жергілікті мемлекеттік басқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, жеке кәсіпкерлік субъектілері, Ұлттық палата жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына қоғамның түрлі тіршілік әрекеті салаларында ұсыныстар дайындау және көмек көрсетуге бағытталған өзге де іс-шараларды қабылдау арқылы жәрдемдесу:кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолында жұмылдыру;кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттестігін күшейту;кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезіндегі жемқорлыққа қарсы тәжірибені қалыптастыру;ресурстарды бөлу және инфрақұрылымға қол жеткізу механизмдерін жетілдіру;кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты өзге де мәселелерКеңес құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Бас прокурорының орынбасары, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, ҚР мемлекеттік қызмет істері агентігінің төрағасының орынбасары, мемлекеттік органдар басшылары, қоғам қайраткерлері, бизнес-қоғамдастық пен БАҚ өкілдері кіреді.

Айта кетейік, 2022 жылғы 26 қаңтарда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында да Қайырбек Сүлейменовтің төрағалығымен Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес өтті. Оған мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері қатысты. Кеңесте «Атамекен» ҰКП Кеңесінің 2022 жылғы жұмыс қорытындысы және жер қойнауын пайдалану саласындағы кәсіпкерлердің (Шығыс Қазақстан облысынан «ПМК Құрылыс» ЖШС өтініші) қаралды.

 Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің 2022 жылы атқарған жұмыс қорытындысы туралы.

2022 жылы Кеңес жұмысы кәсіпкерлердің құқығын бұзуға, сондай-ақ түйткілді мәселелерді көпшілікпен талқылауға бағытталды.

Кеңестің жұмысы, ең алдымен, экономикалық немесе заңды құралдары мен қорғаныс мүмкіндіктері жоқ ең осал шағын және орта бизнес субъектілерін қорғауға бағытталған. Орта есеппен жылына Кеңесте қаралған мәселелердің шамамен 85%-ы шағын кәсіпкерлікпен байланысты. Бұл бағытқа басымдық берілген.  Бұл тұрғыда кеңес ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың шағын бизнесті қолдау, қорғау және дамытуға бағытталған саясатының жолында жұмыс істейді.

Бизнесті қорғау экожүйесі шеңберінде Кеңес жұмысы прокуратура органдары, соттар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеу қызметтері және басқа да құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылда құрылды.

Қарастырылып отырған мәселелердің қорытындысы бойынша енгізілген ұсынымдар тұжырымдамалық сипаттағы ұсыныстарды да қамтыды. Атап айтқанда, қолданыстағы заңнаманы немесе құқық қолдану практикасын өзгерту, мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ заңдылықты бұзудың нақты фактілеріне тексеру жүргізу және жекелеген кәсіпкерлердің бұзылған құқығын қалпына келтіру, кәсіпкерлік қызмет бостандығы туралы заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту жөніндегі ұсыныстар.

Кәсіпкерлердің құқығын сақтау және қорғауға мониторинг жүргізу мақсатында Қостанай облысына барып, онда бизнес субъектілері және облыстық және аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдармен кездесулер өткізілді.

Кеңестің шешімдері ҚР Президенті Әкімшілігі  және Үкіметіне жолданды, бұл кеңестің ұсынымдарын қарауға қатысатын лауазымды тұлғалар шеңберін кеңейтуге мүмкіндік берді, кәсіпкерлердің проблемаларын жедел және тиімді шешуге ықпал етті.

 Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бастамаларын қолдау мақсатында былтыр  Президент Әкімшілігіне тексерулер мен профилактикалық бақылау және барып қадағалау жүргізуге мораторийді ұзарту қажеттілігіне қатысты Кеңестің ұсынымдары шығарылды. Қаржы, ұлттық экономика және әділет министрліктері 2022 жылғы қаңтарда болған оқиғалар салдарынан зардап шеккен ведомстволық бағынысты мекемелердің бизнес субъектілеріне залалды өтеуді ұйымдастыруға қатысты ұсыныстарды қолдады. Кеңестің ұсынымдарын қарау нәтижелері бойынша кеден ісі саласындағы өзін-өзі реттеу институтын дамыту бөлігінде ЕАЭО Кеден кодексіне өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізілді. Сауда және интеграция министрлігі кеңестің ұсынымдарын орындау үшін ЕЭК Кеңесінің отырысында одақтың құқықтық актілері мен техникалық регламенттеріне түзетулер қабылдауға бастамашылық жасады.

 2023 жылы Кеңес жұмысы ҰКП съезінің шешімі және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес құрылатын болады.

 Жер қойнауын пайдалану саласындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау туралы

Кеңесте пайдалы қазбалар кен орындарын бөлу кезінде мемлекеттік органдардың қызметі заңнаманы сақтай отырып құрылмайтыны, бизнестің, бүкіл қоғамның да мүддесн  қозғайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері де орын алатыны атап өтілді.

Қайырбек Сүлейменов мәселені қарау алдында мемлекет кәсіпкерлерді әртүрлі жобаларға тарта отырып, жосықсыз ойын жүргізіп жатқанын, яғни кез келген уақытта өз шешімін жоя алатынын атап өтті. Жобаны Үкіметтің қаулысымен бекітілген Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу де оның жүзеге асуына кепілдік бермейді.

Мемлекеттің кәсіпкер қызметіне алаңдамауы келесі мысалдане аңғаруға болады. Шығыс Қазақстан облысынан келген «ПМК Құрылыс» ЖШС құқығы өрескел бұзылған. Компания мемлекеттік орман қоры жерлері және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумағында орналасқан бетонит саз кен орнын игерумен айналысады. Бұл жоба Үкімет қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізілген.

Кәсіпкер мемлекетке сеніп, жобаға төрттен бір миллиард теңгеден астам қаржы активтерін инвестициялады. Нарықта өнімді құру, өткізу және ілгерілету үшін қажетті өндірістік инфрақұрылымды дайындады, ал мемлекет оны осы учаскеде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығынан айырды.

«Жер қойнауын пайдалану саласындағы құқықтық регламенттің жеткіліксіздігі өңірдегі кәсіпкерлік қызметтің дамуына теріс әсер етеді. Сонымен қатар, мемлекеттің жер қойнауын пайдалану саласындағы міндеттемелерін орындаудағы жауапсыздығы кәсіпкерлік субъектілеріне зиян келтіреді және елдегі инвестициялық қызметтің дамуын шектейді», – деп қорытындылады Қайырбек Сүлейменов.

Кеңес барысында мемлекеттік органдарға ұсынымдар айтылды.

Атап айтқанда, экология және табиғи ресурстар министрлігіне облыстың орман шаруашылығы басқармасы лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінің негізділігіне қызметтік тексеру жүргізу; ал орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда шаруашылық қызметті жүзеге асыру құқығына қорытындылар беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ұсынылды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінің заңдылығына құқықтық баға беру ұсынылды.

Кеңес отырысының материалдары Мемлекет басшысының жер қойнауын пайдалану саласында тәртіп орнату туралы тапсырмасын орындау кезінде есепке алу үшін Үкімет Аппараты мен Бас прокуратураға жіберілетін болады.

 

 

АРЫСТА 62 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

«Túrkistan» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ «Бір терезе» қағидасы аясында Арыс қаласына 62 жобаны қаржыландырды. Бүгінде әкімдік жанындағы Кәсіпкерлік мектебі ғимаратында орналасқан кеңседе кәсіп бастаушы немесе дамытушы тұрғындарға «Бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетіліп келеді. («Бір терезе» қағидасы – мемлекеттік қызмет көрсетуде құжаттарды жинау мен дайындауда азаматтардың аз қатысуын және қызмет көрсетушілермен тікелей байланысын шектеуді көздейтін орталықтандырылған мемлекеттік қызмет көрсету нысаны болып табылады).

Аталған орталықтың негізгі қызметтері:
– Кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау шаралары мен қаржыландыру көздеріне уақтылы қол жеткізуіне көмек көрсету;
– Жобаларды сүйемелдеу кезінде кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайлар жасау;
– Бизнес жоспарды құру, құжаттарды жедел жинау және қаржы институттарына тапсыру, сондай-ақ, жобалардың іске асуына мониторинг жүргізу;
– Жер учаскесіне мемлекеттік актіні қайта рәсімдеу;
– Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту;
– Жер учаскесінің мерзімін ұзарту, сатып алу;
– Құрылысқа рұқсат беретін хабарлама алу;
– Техникалық паспортты дайындау;
– Сәулет-жоспарлау тапсырмалары;
– Электр энергия желілеріне, газ, су желілеріне қосудың техникалық шарттарын алу.

Жалпы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша орталықтағы консалтинг және жобаларды сүйемелдеу бөлімінде 1 223 кеңес беріліп, 96 бизнес-жоспар әзірленді. Нәтижесінде, 62 жоба тиісті қаржы институттары арқылы 298,4 млн теңге сомасымен қаржыландырылды. Ал енді оларға тоқтала өтсек:

• «Бизнестің жол картасы–2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында орталық көмегімен мақұлдау алған жобалар саны – 4:
– 2-5 миллион теңгеге дейін грант алу байқауы бойынша – 1 жоба;
– Екінші деңгейлі банк арқылы жеңілдетілген несие алу бойынша – 3 жоба;
• Көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыру бойынша – 5жоба;
• Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсы бойынша – 14 жоба;
• Субсидия бойынша – 20 жоба;
• Мал басын көбейту және ауыл шаруашылық техникасын алу мақсатында жеңілдетілген несие бойынша – 19 жоба.

Жобалардың экономикалық қызмет түрлерінің басым бағыты ауыл шаруашылығы техникасын алу, мал басын көбейту, егін бойынша және кәсіпті әрі қарай жүргізу болып табылады. Ал екінші деңгейлік банк арқылы айналым қаражатын алушылар, жер алуға конкурсқа қатысушылар санатына жатады.
Сонымен қатар, 2022 жылғы рұқсат құжаттарын рәсімдеу бөлімі бойынша 69 құжат рәсімделіп, заңдастырылды және 735 кеңес берілді.
«Бұл процестер негізінен сенімхат негізінде жүзеге асырылды. Соның ішінде тұрғын үйлік мақсаттағы қызмет саны 40 құжат болса, кәсіпкерлік мақсаттағы қызмет саны 29 құжат. Аталған қызметтердің бәрі де толықтай рәсімделіп тұрғындар мен кәсіпкерлерге берілді», – дейді «TÚRKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ Арыс қалалық бөлім басшысы Айнұр Маратқызы.

ҚАЗЫҒҰРТ: КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ - АЗАМАТТАРДЫҢ ТҰРМЫСЫН ЖАҚСАРТАДЫ

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алып, кәсібін дөңгелетіп отырғандар қатары Алтынтөбе ауылы округінде артып келеді.

Өткен жылдың өзінде мемлекеттік гранттар беру қағидасына сәйкес құрылған комиссияның оң қорытындысын алған 11 азамат 200 АЕК (1 млн 225 мың тг) көлеменде қайтарымсыз грант ұтып алып, өз кәсібін ашуға таптырмас мүмкіндік алған.Талдап айтатын болсақ, оның алтауы жастар болса, 5 азамат әлеуметтік осал топқа жатқызылғандар. Барлығы жұмыссыз азаматтар.

Іске асқан жобаларға келетін болсақ, 2022 жылы қайтарымсыз грантқа қол жеткізген мал шаруашылығы, химиялық тазалау, тігін цехы, есік терезе цехы, нан өнімдерін өндіру, көлік жөндеу орталығы дәнекерлеу және тағы басқа халыққа қызмет көрсету бағытындағы кәсіптерді өрлетіп, өздері және жақындарын жұмыспен қамтып отыр.

Биылғы жылы аталған бағытта жұмыстар бұл ауыл округте жалғасын табады деп жоспарлануда.

ЖЕТІСАЙ: КӘСІПКЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕТІН БОЛДЫ

Бүгін Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округінде орналасқан «Зувайда ана» балабақшасының құрылтайшысы, белгілі кәсіпкер Бахтияр Қозыбаевты қабылдады.

Қабылдау барысында 2019 жылы қолданысқа берілген балабақша қызметкерлеріне қалтасынан жалақы төлеп, қамтамасыз етіп келе жатқанын айтқан кәсіпкер талапқа сай балабақшаға мемлекеттен қолдау көрсетуді өтінді.

Бұған дейін де 2017 жылы өз қаржысы есебінен 150 орындық бөбекжай балабақщасын ашқан кәсіпкер Бахтияр Қозыбаев 2019 жылы тағы бір балабақша ашқан. 30-ға тарта ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, өзге ұлт өкілдерінен 150 бүлдіршінді мектепалды дайындық тобында қазақ тілінде тәрбие беріп келе жатқан бақшада 3 мезгіл ыстық тамақ беріледі. Бала басына 4 мың теңгеден төлемақы төленеді. Балабақша құрылтайшысының шешімімен 14 отбасының балаларынан төлемақы алынбайды екен.

Мемлекеттен қолдау болған жағдайда бүлдіршіндерге спорт залын ашып, күрес мектебін жүргізу, елді мекеннен балалар ойын алаңшасы мен аллея салу жоспарларының бар екенін алға тартқан кәсіпкер жоғары оқу орнында оқып жатқан аталмыш балабақшаның 5 қызметкерінің оқу ақысының 50 пайызын да төлеп отыр екен.

Кәсіпкердің атқарып отырған жұмыстарына оң бағасын берген аудан басшысы тиісті сала басшыларына заң аясында жұмыс жүргізіп, мемлекеттік қолдау бағдарламасына енгізу туралы тапсырмалар берді.

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Жетісай ауданы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс жасауда. Орталықтың негізгі мақсаты кәсіпкерлік субьектілерге және кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін азаматтарға жан-жақты «бір терезе» қағидаты бойынша бизнестік қызметтерді белгіленген тізім бойынша ұсыну болып табылады.

Қызмет көрсету залында мамандар үш бағыты бойынша жұмыс жасайды. Яғни, рұқсат құжаттарын рәсімдеу, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау құралдары мен бағдарламалар бойынша ақпараттық-түсіндіру және жобаларды жетелеу бойынша жұмыс істеп, тегін қызмет көрсетеді.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 2022 жылдың қорытындысы бойынша 95 бизнес жоспар әзірленіп тапсырылса, 96 жобаға сүймелденіп қаржыландырылды.

Сондай-ақ, Мемлекеттік бағдарламалар мен қаржы ұйымдарының несие шарттары, мемлекеттік мекемелерден рұқсат құжаттарын алу бойынша түсіндіріп кеңес беру бойынша – 2205 кеңес беріліп, Мемлекеттік мекемелерден рұқсат құжаттарын алып беру – 221 қызметті құраған.

Сонымен қатар, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытужөніндегі Бизнестің жол картасы-2025» - бағдарламасы аясында 7 жоба қаржыландырылды. Қарапайым заттар экокномикасы бойынша 1 жоба қаржыландырды.

 

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫС БАСШЫЛЫҒЫ МЕН ЖЫЛЫЖАЙ ИЕЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

ТүркістаноблысыныңәкіміДарханСатыбалдыныңтапсырмасыменжылыжайларғакөмеккөрсетумәселесіжан-жақтықарастырылуда. БүгіноблысәкімініңорынбасарыЕрмекКенжеханұлыфермерлерменкездесті. Басқосуғажауаптыбасқармабасшыларыменқаржыұйымдарыныңжетекшілеріқатысты. Соныменбіргежиынғаонлайнқосылғантеміржолтасымалдаушыларыкөтерілгенсұрақтарғажауапберді.

Кездесудежылыжайшаруашылықтарыныңқазіргіжағдайыжәнеоныңөндірісіндамытуғаұсыныстарортағасалынды. Әкімдіктарапынантауарөндірушілердіңмүлкінекелтірілгеннұқсанжөніндеактұсынылғанжағдайдақаржыұйымдарыалдындағыберешектерінің (несиеқаржы) өтеумерзімдерін 1 жылдықмерзімгекейінгешегеружөніндеұсыныстаржолданды.

Іріжылыжайкешендерімұндайжағдайғадайынболғандықтаншығынғаұшырамағаныбелгіліболды. Оныңүстінебизнесісақтандырылғандықтан, шығындардызаңжүзіндеөтеужағықаралған.

Зардапшеккендершағынжылыжайлар. Оларғақаржыұйымдарыарқылыжеңілдетілгеннесиеменқамтамасызетугежұмыстаратқарылуда. Алайдажылыжайлардың 90 % -данастамыныңқұжаттарыжоқнетүгелемесболыпшықты. Яғни, заңаясындақаржылайқолдаужағықиынғатүседі. Бұлтұстаөңірдегіжылыжайлардыжаппайзаңдастырумәселесікөтерілді.

Соныменқатаралдағыуақыттакөміртасумәселесіншешуүшіншаруақожалықтарыноператорларментікелейбайланыстырып, жұмысбастаумәселесіталқыланды. Алайдакөмірөндірушілер, яғнибизнесөкілдерініңдеөзталаптарыбар. Көмірдіңқаражатыалдыналажәнетолықберуілуітиіс. Бұлқарапайымшаруаүшінтымқомақтықаржы. Алдыналасатыпалынғанкөмірқорынсақтайтынқоймақажет.

Оныңүстінеөңіргежеткізіліпжатқанкөмірәлеуметтіксалағабағытталған. Тұрғындарменаурухана, емхана, мектептерменәлеуметтікнысандарғаарналғанарзандатылғанкөмір. Алжылыжайларжекекәсіпкерлерсанатында.

Қаттыжауғанқарданқұлағанжылыжайлардыңбасымбөлігіндеегінегужұмыстарыбасталмаған. Жалпышағынжылыжайлартұтастайфермерлікқолданжасалғанжеңілконструкцияданжасалған. Бүгінде 167 тауарөндірушінің 36 гектаржылыжайықарсалмағынкөтереалмай, жарамсызкүйгетүскен. Осылайша, жекекәсіпкерлерқаржылықшығынғаұшырады.

Облысәкімдігітарапынанжылыжайиелерінеқолдаукөрсетужолдарыжан-жақтызерделеніпжатыр. Барлықтараптардыңұсыныстарысараланғаннанкейінзаңаясындакөмеккөрсетіледі.

ЖЕТІСАЙ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА АУДАНАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының бекіткен кестесіне сәйкес Жетісай ауданында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселері бойынша заңнамалардың тиісті нормаларын» аудан шаруашлары мен жеке азаматтарға түсіндіру, биогумус өнімдерін өндіру және пайдалану жолдарын түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өтті.

Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаев төрағалық еткен жиынға Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы Құралбай Байдалиев, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Мұсахан Даулетов, Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров, ҚР АШМ АӨК МИК Жетісай аудандық аумақтық инспекция басшысы Сейтмухамед Сейтсултанов, ҚР АШМ АӨК МИК «РФДжБӘО» Түркістан облысы Жетісай аудандық филиалының басшысы Қайрат Досаев, аудандық ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Жетісай аудандық аумақтық инспекция басшысы Ж.Маханбетбердиев, ҚР Вермифермерлер кооперацияларын дамыту комитетінің төрағасы Бақытжан Асембеков, «QazVerm» кооперативінің төрағасы Пернебек Тулғанбаев, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Марат Абуов, «ЫРЫС» МҚҰ ЖШС Жетісай аудандық менеджері Алмат Рысқұлов, ауылдық округі әкімдері мен жер мамандары, агроқұрылым басшылары мен биогумус өндіріуші азаматтар қатысты.

Басқосуда ҚР АШМ АӨК МИК Жетісай аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Сейтмухамед Сейтсултанов Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселері бойынша заңнамалардың тиісті нормаларын және карантидік арамшөптермен күресу тәсілдерін түсіндірсе, ҚР АШМ АӨК МИК «РФДжБӘО» Түркістан облысы Жетісай аудандық филиалының басшысы Қайрат Досаев ауыл шаруашылығы зиянкестері мен аса қауіпті зиянкестердің шығуының алдын алу шаралары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы Құралбай Байдалиев болса мемлекет тарапынан асыл тұқымды мал шаруашылығына берілетін жеңілдіктерді сөз етсе, Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров агросектордағы түрлі жеңілдіктердің ауыл шаруашылығы министрі бекіткен ержелері мен заңдылықтары аясында берілетініне түсіндірді.

Жетісай аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Марат Абуов аудандағы ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстарға, ҚР Вермифермерлер кооперацияларын дамыту комитетінің төрағасы Бақытжан Асембеков биогумус өнімдерін өндіру және қалай пайдалану тәсілдеріне тоқталды.

Жиын барысында семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер айтылды.

Жиын соңында аудан тұрғындарына Жеңілдетілген несие бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түркістан: Құрылысшылар мен тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығының отырысы өтті

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі комитет отырысы өтті.
Жиында кәсіпкерлерге «Жайлы мектеп» пилоттық Ұлттық жобасы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жобаның негізгі мақсаты орта білім беру ұйымдарында апаттық жағдайдағы мектептерді, үш ауысымда оқытуды және оқушы орындарының тапшылығын жою болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысымен «Жайлы мектеп» жобасы бекітілді. Түркістан облысында «Жайлы мектеп» пилоттық Ұлттық жобасын жүзеге асыру үшін 173 млр 117 млн 518 000 сомада қаражат бөліну қарастырылған. Облыс бойынша жалпы 63 мектептің (жобалық қуаттылығы 57 300 орын) құрылысын салу жоспарланған. 2023 жылы 29 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, республика бюджетінен 54 641 056 мың теңге бөлінеді, ал 2024 жылы пайдалануға берілуі көзделіп отыр.

Ұлттық жоба бойынша орта білім беру ұйымдарының объектілерін жобалауды – “Samruk-Kazyna Construction” акционерлік қоғамының дирекциясы жүзеге асырады.

Тауарөндірушілердің назарына негізгі талап «Самұрық-Қазына» АҚ Тауар өндірушілерінің тізілімі немесе Отандық тауар өндірушілердің тізілімі (Өнеркәсіптік сертификат негізінде) арқылы жиһазды сатып алу екенін ескереміз.

 

Арыс: Ірі қара мал басын «Іскер» бағдарламасымен көбейтуге болады

Мал шаруашылығы – елімізде ежелден дамып келе жат­қан салалардың бірі. Сонау пат­ша үкіметінің тұсын­да бұл сала халқымыздың негізгі тіршілік көзі болатын. Бүгінгі күні де мал шаруашылығымен айналысу өзектілігін жоғальқан жоқ. Әсіресе Түркістан облысында төрт түлік малды бағып, кәсіп етіп отырғандар көп. Есенкулова Алмакул Шереханқызы сондай жанның бірі. Арыстық кәсіпкер өз ісін жандандырып, өрісін кеңейту үшін несие алған.  «Мал баққанға бітеді» деген баба­ларымыз. Ал бір кездегі мал бағу мен қазіргі бағу арасындағы айырма өте зор. Қазіргі заманның талабы да талға­мы да бөлек. Сондықтан болса керек қазір кәсіпкерлер  көшке ілесіп, оның әдіс-тәсілдерін меңгеріп жатыр.  Заман тала­бына сай ғылыми негізде мал өсіруге және мал шаруашылығын өр­кен­­детуге тырысып бағада. «Алмагүл Шебер»  жауапкершілігі серіктестігі де осы үдерістен шығуға тырысуда. Осы мақсатта жеке кәсіпкер  Есенкулова Алмакул «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының Арыс қалалық бөлімі мамандарының сүйемелдеуімен өз кәсібін кеңейтуге тырысуда. Оған бұл бастамада «Іскер» бағдарламасы көмекке келді. Ол бағдарлама шеңберінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан ірі қара мал (жылқы) басын көбейту мақсатына 6%- бен 84 ай мерзімге несие қаражатына қол жеткізді. Айта кетейік, аталмыш бағдарлама арқылы тікелей кредит беру мөлшері -8000 АЕК-ке дейін; кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдары – қоғамның меншікті капиталының 500 000 теңгеден 25% - ға дейін. Тікелей кредиттеу-жылдық 6% (СЖТМ-жылдық 6% - дан бастап, аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасы мүшелері үшін (ЖК, ШҚ/ФҚ) - жылдық 4% - дан аспайды (СЖТМ-жылдық 4% - дан бастап),

Кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдары-жылдық 2% (СЖТМ – жылдық 2% – дан бастап) (түпкілікті қарыз алушылар үшін номиналды мөлшерлеме-жылдық 6% - дан аспайды, СЖТМ-жылдық 6% - дан бастап), аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасы мүшелері үшін (ЖК, ШҚ/ФҚ) - жылдық 4% - дан аспайды (СЖТМ-жылдық 4% - дан бастап). Жұмыспен қамтудың жол картасы:

 Мемлекеттің қатысуымен микроқаржы ұйымдары – жылдық 2% (СЖТМ – жылдық 2% – дан) (түпкілікті қарыз алушылар үшін номиналды мөлшерлеме – жылдық 6% - дан аспайды, СЖТМ-жылдық 6% - дан аспайды).Тікелей кредит беру, кредиттік серіктестіктер – қоғамның кепілдік саясатына сәйкес. Микроқаржы ұйымдары: қоғамның кепілдік саясатына сәйкес; РИЦ кепілдігімен; қоғамның белгіленген талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.