Сейсенбі, 24 Қаңтар 2023 22:04

ҚАЗЫҒҰРТ: КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ - АЗАМАТТАРДЫҢ ТҰРМЫСЫН ЖАҚСАРТАДЫ

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алып, кәсібін дөңгелетіп отырғандар қатары Алтынтөбе ауылы округінде артып келеді.

Өткен жылдың өзінде мемлекеттік гранттар беру қағидасына сәйкес құрылған комиссияның оң қорытындысын алған 11 азамат 200 АЕК (1 млн 225 мың тг) көлеменде қайтарымсыз грант ұтып алып, өз кәсібін ашуға таптырмас мүмкіндік алған.Талдап айтатын болсақ, оның алтауы жастар болса, 5 азамат әлеуметтік осал топқа жатқызылғандар. Барлығы жұмыссыз азаматтар.

Іске асқан жобаларға келетін болсақ, 2022 жылы қайтарымсыз грантқа қол жеткізген мал шаруашылығы, химиялық тазалау, тігін цехы, есік терезе цехы, нан өнімдерін өндіру, көлік жөндеу орталығы дәнекерлеу және тағы басқа халыққа қызмет көрсету бағытындағы кәсіптерді өрлетіп, өздері және жақындарын жұмыспен қамтып отыр.

Биылғы жылы аталған бағытта жұмыстар бұл ауыл округте жалғасын табады деп жоспарлануда.

Оқылды 269 рет