АРЫС: ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ

Арыс қалалық мәдениет үйінде қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың қатысуымен жастарды кәсіпкерлікке баулу, тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында арнайы жиын өтті.

Еркін форматта өткен шараға бизнеске енді аяқ басқан жастар, оқу бітіргелі отырған студенттер мен қаламыздың ірі кәсіпкерлері қатысты.

Кездесуді ашып берген қала әкімі Гүлжан Мамытқызы мұндай шаралар жас кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын іске асырудағы мүмкіндіктерін кеңейте түсетінін атап өтті.

«Арыс қаласын дамытып,жұмыс орындарын ашып, тұрғындардың әл ауқаты мен тұрмыс жағдайын соған сай көтеру Сіздер секілді жастардың қолында. Мемлекет шағын және орта кәсіптің дамуына көптеген мүмкіндіктер мен жағдайлар жасап отыр. Соны дұрыс пайдалана біліңіздер.», - деді қала әкімі.

Шаһар басшысы жастарға әлеуметтік желілерге үңілмей, бос уақытын тиімді пайдаланып, гидротехник, агроном, инженер сынды сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге шақырды.

«Көптеген кәсіпкерлер жаңа технологияларды меңгерген, түрлі заманауи станоктармен жұмыс жасай алатын оператор, инженер сынды мамандар жетіспейтіндігін айтады. Салдарынан, олар шетелден азаматтарды қыруар қаржы төлеп шақыруға мәжбүр. Сондықтан, қаламыздың жастары озық технологияларды үйреніп, білікті маман болуға ұмтылулары керек», - деді қала басшысы.

Басқосуда бизнестері жемісті дамып, іскер атанған азаматтар қатысып, жас әріптестеріне оны дамытудағы тәжірибелерімен бөлісті.

Соның бірі - Арыс қаласында орналасқан «MEGA-AGAT» зауытының директоры Әлішер Мұратұлы.

АҚШ, Түркия, Қытай сынды алпауыт мемлекеттермен тығыз жұмыс жасайтын зауыт басшысы бизнесті өркендетудегі өз тәжірибесімен бөлісіп, жас кәсіпкерлердің ой-ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Жиында аталған зауыт пен қаламыздағы екі колледж арасында әріптестік жөнінде меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта жастардың таңдаған мамандығына сәйкес,кәсіпорын мен оқу орны арасындағы байланыс нығайып, маман дайындау ісіне бірлесе күш салатын болады.

Шараны қорытындылаған қала басшысы өзінің орынбасарларына жас кәсіпкерлерге бағыт-бағдар беру мақсатында осындай жиындарды тұрақты түрде ұйымдастыруды тапсырды.

 

Түркістан: Кәсіп ашамын десеңіз!

Кәсіп ашуға ниеттеніп жүрсіз бе? Немесе өз ісін дамытатын кез келді ме? Алайда осы мақсатта қаржыңыз болмай тұр ма? Ендеше осы посты оқи отырыңыз. Мұнда кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан және арнайы қорлардан болатын қаржылай қолдау түрлерін атап өтетін боламынз.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Ұлттық жоба бойынша төмендегідей қолдау түрлері көрсетіледі:

-        400 мрп қайтарымсыз гранты(1 380 000тг)

-        Инновациялық Грант (2-5 млн)

-        6% дық Даму қоры арқылы субсидияланатын несие. (Айналым 5-7млн, Инвестиция-20 млн, Мал шаруашылығы-5-6 млн)

-        2.5% Жастар несиесі (5-7млн)

Байқағаныңыздай сізден білім мен әрекет болса, кәсіп ашуға үлкен мүмкіндіктер қарастырылған. Бизнес бойынша кеңес пен сүйемелдеу қызметтерін алу үшін Атамекен Кәсіпкерлер палатасына жүгіне аласыз.

400 АЕК көлеміндегі грантқа usiness.enbek.kzпорталы арқылы өтініш бере аласыздар.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын бағдарламада қатысушыларға 400 АЕК (2022 жылға - 1 225 200 теңге) дейінгі мөлшерде өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

Грант алудың міндетті шарттары: 1) «Бизнес Бастау» жобасы бойынша оқуды аяқтау туралы сертификаттың болуы, өтініш берген сертификатты алған күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде есептеледі;2) үміткердің порталда белгіленген талаптарға сәйкестігіне нәтижелердің болуы;3) комиссияның оң шешімінің болуы.

 

Мемлекеттік грантқа кім үміткер бола алады:

тіркелген жұмыссыздар;

жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін);

бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер.

Бұл ретте үміткер мына әлеуметтік санаттардың бірінен болуы керек:

мүгедектігі бар адамдар;

қандастар;

өңіраралық қоныс аударушылар;

тұрмысы төмен отбасы мүшелері;

көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы/зайыбы);

мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар (жұбайы/зайыбы);

асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатындар;

жастар.

"Үміткердің "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны туралы мерзімі үш жылдан аспайтын сертификаты болуға тиіс. Грант ақшасын қажетті құрал-сайман, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, мал, құс, көшеттер, бұталар мен тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге жұмсауға болады.

Грант тұтынушылық мақсатқа, кредитті өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге берілмейді.

"Халықты жұмыспен қамту орталықтары грантты үміткерлердің өтініштерін қарайтын аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді. Үміткерлер өз бизнес-жобасын комиссия отырыстарында таныстырады. Бұл ретте комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай өлшемшарттар бойынша толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құруға жол ашады. Комиссияның шешімі үміткердің порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.

1,2 млн теңге грант алуға өтінімді қалай беруге болады:

business.enbek.kz порталында тіркелу;

грант алу шарттарына сәйкестігін тексеру;

бизнес-жоспар үлгісін жүктеп, оны толтыру және порталға енгізу;

өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Инновациялық гранттар

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында өтетін байқауға қатысып, бақ сынап көріңіз. Мемлекеттік қолдау шеңберінде инновациялық жобаларға 2 млн-нан 5 млн теңге аралығындағы грантты ұтуға мүмкіндік бар.

Грант алудың басты шарты тың бизнес-идея, инновациялық жоба болуы қажет және жаңа жұмыс орындарын құруға септігі тиюі керек.

Байқауға қатысуға үміткерлердің «Бастау-Бизнес» немесе «Бизнес-мектеп» курстарынан өткенін растайтын, мерзімі екі жылдан аспаған сертификаты, бизнес-жоспары, мемлекеттік грант сомасының 10 пайызынан кем түспейтін тең қаржыландыру мүмкіндігі барын растайтын құжаты болуы міндетті. Қалған құжаттар тізім бойынша анықталады.

Кәсіпкерлер ұтқан грант қаржысын тауарға, қызмет көрсетуге қажетті шикізатты, материалдарды сатып алуға немесе материалдық емес активтер мен технологияларды, кешенді кәсіпкерлік лицензияға құқықтарды алуға (франчайзинг) жұмсай алады. Сондай-ақ зерттеу­лерге, жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығындарды өтеуге арнаса да болады.

«Грант қаражаты екі траншпен бөлінеді. Бірінші транш толық игерілгеннен кейін екіншісі беріледі.

6 пайыздық «Даму» қорының субсидиясы

«Даму Қоры өз бағдарламалары мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, бұқараға мемлекеттен көрсетілетін демеу құралдарын таныстырып келе жатқанына 20 жылдан асты. Бұл қолдау отандық тауар өндірушінің аяғына нық тұрып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мұрындық болып, бұрыннан келе жатқан жұмыс орындарының жабылмай, сақталуына сеп болып келеді. Мемлекеттік және Қордың өз бағдарламалары аясында шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру жеңілдікті негізде жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлердің несиесін субсидиялау төрт бағдарлама бойынша жүзеге асырылады:

-«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы. (7 млрд теңгеге дейін. Субсидияны есептегенде 6%. 5 жылға, салалық шектеусіз, сауданы қоспағанда);

-«Қарапайым заттар экономикасы» (несие сомасына шектеу жоқ, Субсидияны есептегенде 6%, 10 жылға, басымдық берілген жобалар тізіміндегі салалар субсидияланады);

- «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысын қолдау бағдарламасы (құрылыс компанияларының несиелері субсидияланады, несие сомасына шек жоқ. Субсидия көлемі 7%, 3 жылға);

- «Төменкөміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» бағдарламасы (қуат көзін үнемдеу, энерготиімді жобаларды жүзеге асырумен айналысатын, осы салада тәжірибесі мол кәсіпкерлердің несиесі субсидияланады. Несие сомасы 350 млн теңгеге дейін, мерзімі 6 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесінің 10% немесе негізгі қарыздың 40%-ына дейін).

2010 жылдан бастап «Даму» Қоры «БЖК 2020» бағдарламасы аясында шағын кәсіпкерлердің несиесіне кепілдік беру құралын енгізді. Бұл – кәсіпкерлерді қаржылай қолдау құралы болып саналады және банк талап еткен кепілзат жетпеген жағдайда кепіл болады.

Несиеге кепілдік беру құралы:

- «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы. (1 млрд теңгеге дейінгі несиелерге кепілдік беріледі. Несие сомасының 50%-ынан 85%-ына дейін кепілдік беріледі. Кепілдік көлемі мен мерзімі кәсіпкер алатын несие сомасы мен қызмет саласына байланысты салалық шектеусіз, сауданы қоспағанда);

- «Қарапайым заттар экономикасы» (5 млрд теңгеге дейінгі несиелерге кепілдік беріледі. Несие сомасының 30%-ынан 50%-ына дейін кепілдік беріледі. Кепілдік көлемі мен мерзімі кәсіпкер алатын несие сомасы мен қызмет саласына байланысты. басымдық берілген жобалар тізіміндегі салалар);

- «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (несие сомасы 6500 мен 8000 АЕК, қай өңір екеніне қарай. Бұл несие бойынша кепілдік 85%-ға дейін, несиенің мөлшерлемесі 6%);

- «Даму Оптима» бағдарламасы (несие сомасының 85%-ына дейін кепілдік, Кепілдік көлемі мен мерзімі кәсіпкер алатын несие сомасы мен қызмет саласына байланысты. Несие сомасы 180 млн теңгеге дейін, кепілдік үшін комиссия несие бойынша негізгі қарыз қалдығынан 2,5%).

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Фархат Сәрсекеевтің айтуынша Қор сондай-ақ банктер, микроқаржы ұйымдары және лизингтік компаниялар арқылы «Еңбек» бағдарламасы, ҚР Ұлттық қорынан өңдеу өнеркәсібі саласындағы ШОБ қолдау бағдарламалары бойынша, 17 өңірдегі аймақтық бағдарламалар бойынша жеңілдікпен несие беру бағдарламаларының операторы.

Субсидиялау құралы бойынша ТЖ режимі кезеңінде қор 72,4 млрд теңге сомасына 348 жаңа жобаны қолдады және 324 млрд теңге сомасына 2250 жоба бойынша қайта құрылымдау ұсынысын мақұлдады.

Кепілдік беру бойынша 10,2 млрд.теңге сомасына 173 жоба қолдау тапты, берілген кепілдік сомасы 4,3 млрд. теңгені құрайды. Қор кепілдік беру жобалары бойынша 2 637 жоба бойынша 80,2 млрд.теңге несие сомасына қайта құрылымдауды мақұлады, кепілдік сомасы 36,3 млрд. теңге.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкерлер өз өтінімдерін egov.kz және online.damu.kz портал арқылы online жібере алады. Сондай-ақ, онлайн режимде www.damu.kzwww.online.damu.kz веб-сайттарда кеңес алып немесе бірыңғай Call-орталыққа 1408 нөмірі арқылы қоңырау шала алады (қоңырау шалу тегін).

Жастарға арналған 2,5 пайыздық кредитНесие 5-7 жылға беріледі. Ең жоғары сомасы – 5 миллион теңге.Жастарғаарналғанжаңакредит "Аграрлықнесиекорпорациясы" АҚарқылыберіледі. Негізгішарттары:

·        микрокредит мерзімі – 5 жылғадейін (малшаруашылығысаласындағыжобаларүшін– 7 жылғадейін);

·        микрокредиттіңеңжоғарысомасы– 5 миллионтеңгегедейін;

·        сыйақымөлшерлемесі–жылдық 2,5 пайызданаспайды;

·        микрокредит кепілмен қамтамасызетілуішарт. Несие алушыларғамикрокредитберумерзіміұзақтығыныңүштенбіріненаспайтынмерзімгежеңілдіктікезеңберіледі. Несие беру халықтыжұмыспенқамтумәселелеріжөніндегіжергіліктіатқарушыоргандарарқылыжүзегеасырылады. Несиеалатынуақыттаүміткерлердіңжекекәсіпкерретіндемемлекеттіктіркелу мерзімі бес жылдан аспағанболуышарт. Сондай-ақ, жобадамикрокредитберуүшінүміткердіңжасықұжаттардытапсырусәтіндеескерілетініжазылған. Алайда, оныңтәртібіайқындалмаған.Бизнес-жобаларды іріктеу жөніндегіконкурстықкомиссияныңотырысыайына еңкемібірретөткізіледі.Еске салайық, мемлекетбасшысыҚасым Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жылдық 2,5% жеңілдікпен микрокредит беру тетігін іске қосуды тапсырған болатын.

 

 

 

 

 

ТҮРКІСТАН: КӨГАЛДАНДЫРУ, ПОЛИГОНДАРДЫ ЗАҢДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙЕДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, облыстың елді мекендерін, оларға кіреберістері мен автомобиль жолдарының бойларын көгалдандыру жұмыстары тапсырылған болатын. Осы ретте Түркістан облысынан құрылған жұмысшы топ арнайы Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Шардара, Жетісай, Мақтаарал аудандарына жұмыс сапарымен барып, мәжіліс өткізді. Елді мекендерді көгалдандыру, балық шаруашылығын дамыту және қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондарды заңдастыру мен қайта өңдеу салаларында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу баса назарға алынды.

Жиында елді мекенге кіреберіс аумақтарға және жол бойына егілген көшеттерді барынша күтіп ұстау, қоршау, суғару жүйесін ұйымдастыру жұмыстары талқыланып, балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдаулар көрсетілетіні айтылды.

Жұмысшы топ құрамы аудандардағы салаларға қатысты тиісті жұмыстардың атқарылу барысына жан-жақты зерделеу жұмыстарын жүргізіп, Түркістан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануда реттеу басқармасының басшысы баяндама жасады.

– Облыста жалпы аумағы 798 939 гектарды құрайтын 852 елді мекен бар. Өңір елді мекендерінің 90 пайызын көгалдандыру үшін 3 жылда 3 миллионнан аса көшет өндіру қажет болатын. Аудан, қала әкімдіктеріне орман шаруашылығы мекемелерінен 2022 жылдың күз айларында 345 204 түп әр түрлі көшет босталды. Оның 251 685 данасы тиісті аумақтарға егілді. Биыл ұсынысқа сәйкес, 626 907 түп көшет егіледі деп көзделіп отыр. Бұдан бөлек, орман шаруашылығы мекемелерінің 2024 жылға 443,1 мың түп, 2025 жылы 492,6 мың түп көшет босату мүмкіндігі бар. Ал аудан, қала әкімдіктері елді мекендерді көгалдандыру бойынша қосымша жобалар әзірлеп, көшетке ұсыныс берген жағдайда орман шаруашылығы мекемелері тарапынан сұранысты толығымен қанағаттандыруға әзір, – деді Қ. Абдуалиев.

Жиын соңында аудан әкімдері мен орынбасарлары Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Шардара, Жетісай, Мақтаарал аудандарында аталған салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен таныстырды.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ТүркістаноблысыныңәкіміДарханСатыбалдыныңтапсырмасыменқұрылғанинвестициялықштабжұмысынбастағаныбелгілі. Шабтыңалғашқыотырысыныңөзіндебірнешежобаталқыланып, кәсіпкерлергеқолдаукөрсетубойыншатапсырмаларберілді. Инвесторлароблысәкімі, қаржыұйымдарыменжауаптыбасшыларментікелейдиалогорнатып, біразмәселеніашықталқылады. Нақтыұсыныстарберіліп, шешужолдарыұсынылды.

Өңіріміздеиндустриалдыаймақтардыкеңейтужоспарымыздабар. Әраудан, қалаәкімдеріинвестициялықштаботырысындаосыбағыттағыжұмыстарбойыншаесепберіпотырады. ИнвестициялартартудыңқолайлыэкожүйесінқұруүшінбіздеИнвестицияжәнеэкспортбасқармасы, сондай-ақ «TURKISTAN INVEST» инвестициялартартужәнеэкспорттыдамытуагенттігіжұмысістейді. Соныменқатаринвесторларғаиндустриалдықаймақтармен «TURKISTAN» арнайыэкономикалықаймағыаумақтарында «Greenfield» және «Brownfield» өнеркәсіптікалаңдарыұсынылады. Еркінпікіралмасып, мәселелердіталқылап, мемлекеттікқолдаудыкөрсетеміз, – дедіДарханСатыбалды.

«Arm Wind» ЖШСОтырарауданындақуаты 50 МВтболатынкүнэлектрстанциясынсалыпжатыр. Жаңабасмердігеріанықталған. Жоба 2024 жылыжүзегеасады. «Аймарқұс» ЖШСқаржылықдиректорыЖандосСәбитұлыТөлебиауданындақұсфабрикасынсалужоспарынтаныстырды. Жобаныңбіріншікезеңіне 6,5 млрд. теңгеинвестициясалынады. Қуаттылығыжылына 200 млн. данажұмыртқашығару. Біржылдайуақыттажүзегеасатынжобаарқылы 75 адамжұмыспенқамтылмақ. Инвестороблысбасшылығынанқұрамажемцехынсалуүшінжерсұрады. Жүгеріжәнеөзгедедақылдарөсіруүшіндежерқажет. Тұрғындардансатыпалуғамүдделі. Облысәкіміауданбасшысыменжауаптыазаматтарғаинвесторғақолдаукөрсетудітапсырды.

Түлкібасауданындатәттісусындаршығаратыналыпкәсіпорынқұрылысынжүргізіпжатқан «Beibars-Bottlers» компаниясыныңөкілдерігазбенэлектрмәселесібойыншаинфрақұрылымдыжетілдіретүсутуралыөтініштерінжеткізді. Құны 7,5 млрд. теңгеніқұрайтынжобаарқылыжаңажұмысорындарыкөбеймек. ҚұрылғыларыФрацнияменИталияданжеткізіледі. Бұлжобанықолдаубойыншадаміндеттержүктелді. «BASPOLYMER» ЖШС «TURKISTAN» еркінэкономикалықаймағындаполимерқұбырларыншығаратынзауыташудыжоспарлапотыр. Жобажүзегеасса, жылына 10 мыңтоннаөнімөндірілмек. ПолимерқұбырларынелімізбенқатарӨзбекстанменҚырғызстанғаэкспорттаукөзделген. Аталғанинвесторғаинфрақұрылымменқамтып, жұмысынтезбастауғакөмекберілмек.

Инвестициялықшытабтыңалдағыотырыстарындадатүрліжобаларталқыланып, инвесторларменкеліссөздержалғасынтабады.

 

 

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірлік инвестициялық штаб құрылған болатын. Аталған штабтың алғашқы отырысы ұйымдастырылды. Оған инвесторлар бейнебайланыс арқылы қатысты. Өңір басшысы Түркістан облысына инвестиция тартуға, инвестициялық ахуалды жақсартуға арналған штабтың маңыздылығына тоқталып, әкімдіктер мен инвесторлар арасында кедергісіз диалог орнатылып, өндіріс орындары көбейетінін жеткізді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция тартуды күшейтуді тапсырды. Менің ойымша, бұл тұрғыда Түркістан облысының әлеуеті жоғары. Қысқа уақыт ішінде біздің аймақ инвестицияға тартымды өңірге айналып, оң имиджге ие болды. Жиынға арнайы қатысып отырған инвесторлар мен серіктестерге өңірдің дамуына қосқан үлестері үшін алғысымды білдіремін. Бұл штабта жобалар жедел қаралып, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетілетін болады. Мақсаты – жобаларға қолдау көрсетіп, нақты шешімдер қабылдау. Менің төрағалығыммен штаб құрамына облыстық басқармалар, аумақтық департаменттер, қаржы институттарының басшылары және бизнес өкілдері кіреді. Тұрақты негізде өтетін штаб отырысында инвесторлармен тікелей байланыс орнатылады, әкімшілік кедергілерді жою, қолайлы жағдайлар жасау және үйлестіру жұмыстары жүргізіледі. Жалпы, өңір экономикасы үшін қайта өңдеу өндірісі, агроөнеркәсіптік кешен, туризм сияқты базалық секторларға инвестициялар тартуға ерекше назар аударылады, – деді Дархан Сатыбалды.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы инвестштабтың алғашқы отырысында талқыланатын жобалармен таныстырды. Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Шонбасов осы бағыттағы жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, отандық ірі кәсіпорындардың шикізатын пайдалана отырып, жоғары қосылған құны бар өндірісті дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда «ERG», «Қазақмыс», «Орда Гласс», және атыраулық «KPI» компанияларымен байланыс орнатылуда. Жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі және құрылыс материалдары және өзге де өндірістер бойынша жобалар жүйеленіп жатыр.

Инвестициялық штаб отырысында «Turkistan» АЭА АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ж.Төлебековтың «Turan» АЭА дамыту тұжырымдамасы туралы баяндады. Қолданыстағы «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының бүкіл аумағын «TURAN» АЭА аумағына қосу болжануда, ауданы 3987 гектарға ұлғаяды. Өңірге инвестиция тарту жұмысы күшейіп, кәсіпорындар ашылмақ.

Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы инвесторлардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды. Сонымен бірге Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов ауданда жүзеге асатын жобалар туралы баяндады. Ауданда үш жылда 33 жоба жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Кәсіпорындар көбеюі нәтижесінде 1700 жаңа жұмыс орны ашылады. Алдағы уақытта инвестштаб отырыстарында әр аудан, қала әкімдерінің инвестиция саласындағы есептері тыңдалып, жобалары тұрақты талқыланады.

 

 

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДЫ КЕҢЕЙТУ ЖОСПАРДА БАР

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен құрылған инвестициялық штаб жұмысын бастағаны белгілі.

Шабтың алғашқы отырысының өзінде бірнеше жоба талқыланып, кәсіпкерлерге қолдау көрсету бойынша тапсырмалар берілді. Инвесторлар облыс әкімі, қаржы ұйымдары мен жауапты басшылармен тікелей диалог орнатып, біраз мәселені ашық талқылады. Нақты ұсыныстар беріліп, шешу жолдары ұсынылды.

– Өңірімізде индустриалды аймақтарды кеңейту жоспарымызда бар. Әр аудан, қала әкімдері инвестициялық штаб отырысында осы бағыттағы жұмыстар бойынша есеп беріп отырады. Инвестициялар тартудың қолайлы экожүйесін құру үшін бізде Инвестиция және экспорт басқармасы, сондай-ақ «TURKISTAN INVEST» инвестициялар тарту және экспортты дамыту агенттігі жұмыс істейді. Сонымен қатар инвесторларға индустриалдық аймақтар мен «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы аумақтарында «Greenfield» және «Brownfield» өнеркәсіптік алаңдары ұсынылады. Еркін пікір алмасып, мәселелерді талқылап, мемлекеттік қолдауды көрсетеміз, – деді Дархан Сатыбалды.

«Arm Wind» ЖШС Отырар ауданында қуаты 50 МВт болатын күн электр станциясын салып жатыр. Жаңа бас мердігері анықталған. Жоба 2024 жылы жүзеге асады. «Аймар құс» ЖШС қаржылық директоры Жандос Сәбитұлы Төлеби ауданында құс фабрикасын салу жоспарын таныстырды. Жобаның бірінші кезеңіне 6,5 млрд. теңге инвестиция салынады. Қуаттылығы – жылына 200 млн. дана жұмыртқа шығару. Бір жылдай уақытта жүзеге асатын жоба арқылы 75 адам жұмыспен қамтылмақ. Инвестор облыс басшылығынан құрама жем цехын салу үшін жер сұрады. Жүгері және өзге де дақылдар өсіру үшін де жер қажет. Тұрғындардан сатып алуға мүдделі. Облыс әкімі аудан басшысы мен жауапты азаматтарға инвесторға қолдау көрсетуді тапсырды.

Түлкібас ауданында тәтті сусындар шығаратын алып кәсіпорын құрылысын жүргізіп жатқан «Beibars-Bottlers» компаниясының өкілдері газ бен электр мәселесі бойынша инфрақұрылымды жетілдіре түсу туралы өтініштерін жеткізді. Құны 7,5 млрд. теңгені құрайтын жоба арқылы жаңа жұмыс орындары көбеймек. Құрылғылары Фрацния мен Италиядан жеткізіледі. Бұл жобаны қолдау бойынша да міндеттер жүктелді. «BASPOLYMER» ЖШС «TURKISTAN» еркін экономикалық аймағында полимер құбырларын шығаратын зауыт ашуды жоспарлап отыр. Жоба жүзеге асса, жылына 10 мың тонна өнім өндірілмек. Полимер құбырларын елімізбен қатар Өзбекстан мен Қырғызстанға экспорттау көзделген. Аталған инвесторға инфрақұрылыммен қамтып, жұмысын тез бастауға көмек берілмек.

Инвестициялық шытабтың алдағы отырыстарында да түрлі жобалар талқыланып, инвесторлармен келіссөздер жалғасады.

Түркістан: Кәсіпті дамыту үшін не істеу керек?

Мемлекеттік бағдарламалар аясында несие алу үшін қандай құжаттар жинау керек?

Егер кәсіпкер болсаңыз және бизнесіңізді дамытуға мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңіл несие алуға бел бусаңыз – құжат жинауды айналып өте алмайсыз. Ол қандай құжаттар? Бұл жайында Түркістан облысы «Даму» қорының аймақтық филиалының мамандары айтып берді.

Бұл тізім сіздің кәсіпкерлік нысаныңыздың формасына, яғни дара кәсіпкерсіз бе серіктестік қожайынысыз ба, бизнесіңіз қай салада екеніне байланысты әр түрлі. Тіпті әр банк сұрататын тізім де әрқалай болуы да ғажап емес. Банктер талап ететін негізгі, стандарт құжаттар жайында аз-кем мағлұмат:

Несие алатын тұлғаның жеке куәлігі. Егер серіктестік иесі болсаңыз – құрылтайшы куәлігі.

Несие алу үшін толтырылған анкета мен өтініш. Онда барлық жеке деректеріңіз, компанияның есеп айырысу нөмірі, экономикалық қызмет саласы, қызметкерлер саны секілді барлық деректері көрсетіледі.

Бірінші несие бюросынан есеп сұратуға келісім. Онда да компания жайлы толық мәлімет көрсетіледі.

Компанияның мемлекеттік тіркеуі, патенті, лицензиясы, жарғысы, шарттары секілді заңды құжаттары.

Соңғы үш есеп кезеңіндегі қаржылық жағдай: бухгалтерлік баланс, кіріс пен шығындар, қаржы айналымы жайлы есеп.

Салық органдарынан анықтама. Онда бюджет пен басқа да жерлерде өтелмеген қарыз, берешек жоқтығы көрсетіледі. Егер төлеп жатқан тағы бір несие болса – шарттар мен төлем кестесінің көшірмесін қоса беру керек.

Бизнес-жоспар.

Кепілге қоятын мүлік құжаттары.

Осы құжаттар пакетін қабылдаған соң банк сіздің жобаңыздың өміршеңдігін, қаржылай-экономикалық тиімділігін сараптай келе шешім қабылдайды.

Алдымен Қорға келуге де болады. Қор филиалындағы менеджерлер банкке қандай құжаттармен баратыныңызды, неден бастау керегін, бизнесіңізге қай бағдарлама ыңғайлы болатынын және әрекет ету әдістерін түсіндіріп береді. Филиалдар мекенжайын damu. kz сайтының бас бетінен таба аласыз. Немесе 1408 қысқа нөмірі арқылы анықтап алуға болады.

 

ШЫМКЕНТТЕГІ «ІСКЕР ҚАЛА» ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫН БҮКІЛ РЕСПУБЛИКАҒА ҮЛГІ ЕТУ КЕРЕК

Бұл жайында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Шымкент қаласына жұмыс сапарының аясында айтты. Ол «Стандарт» жекеменшік индустриялды аймағында орналасқан «Standard Steel KZ» компаниясының қалдықтарды қайта өңдеу арқылы түсті металдар консентратын өндіруге бағытталған кәсіпорынның жұмысымен танысты. 

 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Премьер-министрге жобаның «Саутс Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржыландыруымен жүзеге асып жатқаны, жобаның жалпы құны 13,3 миллиард теңгені құрайтыны, өндірістің алғашқы кезеңі өткен жылы іске қосылғаны баяндады. 

 «Стандарт» жекеменшік индустриялды аймағының жұмысы және «Іскер қала» бағдарламасының орындалуы туралы айтып берді. 

 

Айта кетейік, бұл индустриялды аймақта жеке инвестордың есебінен инженерлік-инфрақұрылым жүргізіліп, өндірістік ғимараттар салынады. Өз кезінде шағын кәсіпорын орнын ашқысы келетін кәсіпкерлер осы аймақтан дайын ғимаратты жалға алады. Ал, «Іскер қала» бағдарламасы арқылы жалға алу құнының бір бөлігі субсидияланады.   Сондай-ақ, кәсіпкерлерге 50 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер ұсынылады. 

 

–Бүгінде мемлекет өнеркәсіпті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдауға баса назар аударып отыр. Бұл бағытта бірнеше ұлттық жобалар қабылданып, бүгінде нәтижелі орындалуда. Ал, Шымкент қаласындағы «Іскер қала» өңірлік бағдарламасындағы қолдау тетіктері кәсіпкерлер үшін тиімді. Ұлттық экономика министрлігі бұл тәжірибені зерттеп, бүкіл республикаға тарату мүмкіндігін қарастыруы тиіс, — деді Премьер-министр. 

 

Айта кетейік, «Standard Stell KZ» компаниясы тиісті зауыттың бірінші кезеңіне 2.8 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл кезеңде жылына 4 608 тонна мыс-күміс консентратын шығаратын өндіріс іске қосылған. Екінші кезеңнің инвестициялық құны 10.5 миллиард теңгені құрайды. Ол іске қосылғанда зауытта жылына 20 900 тонна мырыш оксиді өндірілетін болады.

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАҒЫ QAZALPACK ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысы Әлихан Смайылов индустриалды аймақтарды аралап, ондағы өндіріс орындарының жұмысын аралап көрді. Солардың бірі – «Оңтүстік» индустриалды аймағындағы QazAlpack зауыты.

 

Премьер-Министр ісін жаңадан бастаған кәсіпоронның бүгінгі әлеуетімен танысып, жұмысшылармен жүздесті. Мұнда қазіргі таңда 145 адам жұмыс істейді. Орта Азияда баламасы жоқ зауыт жеңіл материалдардан орап-қаптау өнімдерін шығарады. Яғни, алюминий ыдыстар мен қақпақтар өндіріледі. Жобаның өндірістік қуаттылығы жылына 500 млн дана өнім шығаруға қауқарлы. Кәсіпорын басшылары өндірісті одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.

 

Жобаның жалпы құны – 23 млрд 400 млн теңге. Инвестицияның бір бөлігі кәсіпкерлердің жеке қаржысы болса, қалған қаржыны екінші деңгейлі банктен несиеге алған. Мемлекет тарапынан несиенің 15 пайыздық мөлшерлемесінің 9 пайызына субсидия беріледі.

 

Оған қоса жергілікті әкімдік тарапынан дайын инфрақұрылымы бар жер учаскесі 10 жылға жалға беріліп отыр. 6 гектар аумақтағы өндіріс 2022 жылдың қазан айында іске қосылып, жұмыс істеуде.

 

Ә.Смайылов қала әкіміне жаңа өндірісті дамытуға барынша қолдау көрсету қажеттігін айтты.

Инвестиция құны 10,9 млрд теңге болатын екінші кезеңді биыл жүзеге асыру жоспарда. Жобаның қуаттылығы - 550 млн дана өнім шығару.

ШЫМКЕНТТІҢ САУДА-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ӨҢІРЛІК ХАБҚА АЙНАЛУҒА МҮМКІНДІГІ БАР

 

Бқл жайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келгенде айтты. Сапар аясында Мемлекет басшысы тапсырмасының жергілікті жерде орындалу барысымен танысып, бірқатар нысандарды аралау жоспарланған.

 

Үкімет басшысы алдымен қаладағы заманауи сауда-логистикалық орталыққа барды. Қала әкімі М.Әйтенов шаhарда индустриялық аймақтарды дамыту, сауда-логистикалық орталықты кеңейту жұмыстарының барысынан хабардар етті.

Бүгінде Орталықтың қуаттылығы жылына 1 миллион тонна тауарды қабылдап алуға, сақтауға және жөнелтуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сауда-логистикалық орталықты кеңейту, оған қажетті инфрақұрылым жүйелерін тарту жүргізілуде. 2023-2027 жылдары 136 га аумаққа 10 жобаны іске асыру жоспарлануда.

 

Үкімет басшысы Шымкент қаласындағы аталған сауда-логистикалық аймақты кеңейту арқылы Қазақстанның бүкіл Оңтүстік өңірін қамтитын Өңірлік хаб құрудың мүмкіндігі зор екенін атап өтті.

 

- Индустриялды аймақтарды кеңейту жаңа жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Бүгінде өнеркәсіп өнім көлемін арттыру өте маңызды. Сауда-логистикалық орталықты кеңейтуге, Шымкент қаласының өңірлік хабқа айналуына барлық мүмкіндігі бар. Ол бағаны төмендетіп, ішкі нарықты тауарлармен қамтамасыз ету бойынша экономикаға оң әсерін тигізеді. Үкімет тарапынан қандай көмек керек болса, біз қолдауға дайынбыз, - деді Ә.Смайылов.

 

Жалпы, бүгінде Шымкент қаласында жаңадан 4 өндірістік алаң құру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Онда жалпы құны 459 миллиард теңгені құрайтын 121 инвестициялық жоба іске асырылады деп жоспарланған.