ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 8,5 ЕСЕ АРТТЫ

Түркістан қаласын Түркі әлемінің орталығына айналдыру бағытындағы жүйелі жұмыстар нәтижесінде шаһардың инвестициялық климаты жақсарып келеді. Соңғы 5 жылда қалаға тартылған инвестицияның көлемі 8,5 есеге өсіп, былтыр 304 млрд. теңгені құрады. Биыл қала экономикасына 350 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Тұрғындармен кездесуде Дархан Сатыбалды атқарылған жұмыстарға тоқталды, алдағы жобаларды жүзеге асыруда елдің пікірі маңызды екенін жеткізді.

Мемлекет басшылығының қолдауымен 4 жарым жылдаТүркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылып, жобалар жүзеге асты. Оны көріп, біліп жүрсіздер. Дегенмен облыс халқының 80 пайызы ауылдарда тұрады. Сондықтан біз алдағы уақытта ауылдарды дамытуға да басымдық береміз. Ал Түркістанды дамыту жұмысы өз жалғасын табады. Индустриалды аймақты және арнайы экономикалық аймақтың жұмысын күшейтеміз. Өндіріс орындарын көбейту арқылы ғана ел әлеуеті артады. Біз келісіп алуымыз керек. Бірінші елге не керек? Ауыз су ма, әлде әлеуметтік нысан ба? Бірінші кезекте тез шешуді талап ететін мәселелер шешілуі керек. Бұл ретте сіздердің пікірлеріңіз маңызды. Осындай кездесулердегі ұсыныстар толық зерделенеді, – деді Дархан Сатыбалды.

Облыс әкімі аз туақыттаТүркістан қаласында мәдени-спорттық, туристік және өзгеде ғимараттар салынғанын, қала жаңа өрлеу дәуірін бастан өткеріп жатқанына тоқталды. Нәтижесінде халық саны да артып, қосымша мектептер қажеттілігі артуда. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылатын «Жайлы мектеп» жобасы аясында Түркістан қаласында 7 мектеп салынатынын жеткізді. Оның ішінде 3 мектеп 2 мың орындық болады. Екі жылда ел игілігіне берілмек. «Дарын» мектебімен 4 тілде білім беретін халықаралық білім ордасыда ашылмақ.

Біз білім саласын дамытуға басымдық беріп отырмыз. Осы сала реттеліп, білімді жастар өссе, өзге мәселелерде шешіледі, – деген өңір басшысы басқа да жұмыстарға тоқталды.

Халықтың табысын арттыру мақсатында арнайы жұмыспен қамту картасы бекітіліп, Түркістан қаласы бойынша былтыр 2,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 675-ітұрақты жұмыс. Ұлттық жобалар бойынша биыл 5 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдан былтыр Ыстамбул және Кувейт бағытына тікелей рейстрашылды. Қазіргі уақытта Мәскеу, Анталья, Дубай, Тбилиси,  Ташкент және Самарқандқа рейстер ашуға ұсыныс берілген. Астана мен Алматыға рейстер санын көбейту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Осы жұмыстар нәтижесінде 2018 жылмен салыстырғандаТүркістанға келушілер мен туристер саны 4 есе артқан.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Түркістан облысының аудан, қалаларында көгалдандыру, балық шаруашылығын дамыту, полигондардың сапасын арттыру жұмыстары күшейтіліп, жұмыс жоспары бақылауға алынады. Осы бағытта Түркістан облысынан құрылған жұмысшы топ Түркістан, Кентау қалалары мен Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, жиын өткізді.Жиында басқарма басшысы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жауапты сала мамандары мен аудан, қала әкімдеріне осы бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, көгалдандыру, балық шаруашылығын дамыту және полигондарды заңдастыру мәселесі шешілуі тиіс екенін айтып, тиісті жұмыстарды жандандыру керектігіне тоқталды. Сондай-ақ, балық шаруашылығын дамытамын деген кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін жеткізді.– Облыс әкімінің тапсырмасын іске асыру мақсатында аудан, қала әкімдіктері кесіндісінде 2023-2025 жылдары жаңадан балық шаруашылықтарын ашу, іске асыру жоспары бекітіліп, жолданған еді. 2023 жылға бекітілген 6640 тонна тауарлы балық өндіру бойынша аудан, қала әкімдіктері кесіндісінде жоспар жасалып, орындау үшін жолданды. Бүгінде аталған жоспарларды орындау бағытында нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Балық шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі. Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, саланы дамыту үшін инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде, – деді Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев.Мәжіліске аудан, қала әкімдері, сала мамандары және мекемеден аудан, қала әкімдіктерінің елді мекендерін көгалдандыру жұмыстарын үйлестіру, көшеттерді босату мен тасымалдауға бекітілген қызметкерлер қатысып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша мәлімдеді. Сондай-ақ Түркістан қаласы мен Сауран ауданында қала айналасынан «Жасыл белдеу» құруға жер телімдерін бөлу мәселесі қаралып, алдағы уақытта нақты шешім қабылданатыны қаралды. Сонымен қоса, кәсіпкерлер тарапынан қойылған сауалдарға басқарма басшысы жауап берді.Айта кетейік, облыс әкімінің бастамасымен Түркістанда 2019-2022 жылдары қала айналасынан 7700 гектар жерге «Жасыл белдеу» құру жоспарланған. Бүгінгі таңда барлығы 13 629 гектар жерге көшеттер егіліп, күтіп-бапталуда.Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың соңығы айында облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттың апталық отырыста"Түркістан облысы бойынша әр жылға арналған балық өсіру көлемі жоспарын қайтадан қарап шығуды тапсырамын. Бұл бағытта жұмысты ширатып, балық өнімі көлемін арттыруға мүмкіндік бар деп ойлаймын. Әсіресе экспорттық әлеуетті көтеруге басымдық берген жөн. Жауапты басқармалар балық шаруашылығына инвестиция тарту, осы бағытта жұмыс істеймін дейтін өзіміздің кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді күшейтсін. Сіздер кәсіпкерлердің жағдайын түсініп, оларға қолайлы мүмкіндік ұсынуларыңыз керек. Екіншіден, балық шаруашылығын жүргізу үшін бекітіліп берілген 91 су айдынын қайтадан талдап, зерделеңіздер. Әр аудан, қалаға, кәсіпкерге индикатор бекітіліп, оның орындалуы қадағалануы тиіс. Егер су айдынын тиімді пайдаланбаса, басқа азаматтарға беру қажет", - деді Дархан Сатыбалды.Құзырлы мекемедегілер:  "Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы" бекітілген. Бағдарламаға сәйкес, Түркістан облысында 2030 жылға дейін тауарлы балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізу жоспарланса, 2022 жылға жоспар – 6,1 мың тонна. 10 айда орындалғаны – 5 мың тонна. Жоспар жыл соңына дейін толық орындалады деп күтіліп отыр деп есеп берген болатын.Қазіргі таңда облыс аумағында 126 жергілікті маңызы бар су айдыны тіркелген, оның ішінде балық шаруашылығын жүргізуге жарамдысы 104 бірлік болса, 91 су айдыны балық шаруашылығын жүргізу үшін бекітіліп берілген.Балықты жасанды жолмен өсіру бойынша облыста 2020 жылы – 5,2 мың тонна, 2021 жылы – 5,7 мың тонна, 2022 жылдың 10 айда 5,1 мың тонна (жоспар 6,1 мың тонна) тауарлы балық өндіріліп, өсім 8,5 %-ды құрады. Бұл – республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.Бағдарламада облыс бойынша 2030 жылға дейін 53 тоғандық балық өндіретін шаруашылық құру, 11 шарбақтық шаруашылық, 4 сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылығын құру және 71 көлде тауарлы балық өндіру шаруашылықтарын құру көзделген. 2023 жылы балық шаруашылығын субсидиялауға 500 млн. теңге жоспарланған. Қажеттілікке байланысты қаржы көлемін арттыру бойынша қосымша ұсыныстар енгізілмек.Айта кетейік, Түркістан облысы жасанды балық өсіру бойынша елімізде көш бастап тұр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлауынша, обылыста тауарлы балық өсіруге жарамды 134 өзен — көл бар. Оның ішінде 88 жергілікті маңызы бар су айдыны балық шаруашылығы мақсатында табиғат пайдаланушыларға берілген. Қосымша 46 жергілікті маңызы бар су айдыны қайта конкурсқа қойылып, осы жылдың 2-жарты жылдығына дейін толығымен бекітілетін болады.Бүгінгі таңда өңірде балық шаруашылығымен қуаттылығы жылына 8 мың тоннадан асатын 133 кәсіпорын айналысады. Оның ішінде үш ірі кәсіпорын — Шардара ауданындағы «Хамит» СТК, Сайрам ауданындағы «Көмеш балық» ЖШС және Түлкібас ауданындағы «First fish company» ЖШС бар.Сондай-ақ, мемлекет тарапынан акваөсіруге пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30 пайызын субсидиялау бағдарламасы балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізуде.Сарапшылар Түркістан облысындағы жасанды балық өсіру саласының жоғары әлеуетін атап өтті. Бұдан басқа, мемлекет тарапынан акваөсіруге пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30 пайызын субсидиялау бағдарламасы балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізуде.Айта кету керек, өңірдің тауар өндірушілері жоспарланған 1 600 тонна балық өнімінің 2020 жылы Әзербайжан, Грузия, Израиль, Ресей, Қытай және Өзбекстанға 2801,7 тонна балық экспорттап, жоспарды артығымен орындады.

 

 

ТҮРКІСТАН: АУЫЛҒА ИНТЕРНЕТ ТАРТҚАН ОПЕРАТОРЛАРҒА «СОҢҒЫ МИЛЬ» СУБСИДИЯСЫ ТӨЛЕНЕДІ

Ауылға интернет тартқан шағын және орта байланыс операторларына ақырғы шақырымға жұмсаған шығын мемлекет есебеніне субсидияланады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының аясында осында шара ұсынып отыр.

«Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен агроөнеркәсіптік кешендерге цифрландыруды енгізу үшін телекоммуникациялық инфрақұрылыммен, оның ішінде Интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөнінде жағдай жасау қажет. Сонымен қатар, кәсіпорындардың көпшілігі ауылдық елді мекендерден тыс жерде екені анықталды. Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен агроөнеркәсіптік кешендерді Интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады», - деп жазылған Ұлттық жоба мәтінінде.

Жоба авторларының есептеуінше, байланыс операторлары үшін ауылдық елді мекендердегі үй шаруашылықтарына интернет тарту экономикалық тұрғыдан тиімсіз.

«Осыған байланысты, шағын және орта байланыс операторлары үшін ауылдық елді мекендердегі үй шаруашылықтарына интернеттің «соңғы милін» субсидиялау тетігі көзделген», - делінген құжатта.

Түркістан облысының экономикасында өсім жоғары

Жаңадан Түркістан облысы құры­лып, талай тарихи кезеңнің куәсі, аты әлемге бел­гілі Түркістан шаһары оның орталығына ай­нал­ды. Көне шаһар­ды түркі әлемінің мә­дени-рухани орталығы ре­тінде қа­лыптастыру бойынша ауқымды жұ­мыс­тар атқарылды.

Түркістан қаласын дамытудың бірінші кезеңі аяқталып, негізгі әлеу­меттік инфра­құры­лы­мы қаланды. Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың сан ғасырлық адамзат шежіре­сінің куәгері жә­не өркениет жауһары – Түркістанға де­ген қам­қорлығы ерекше. Қазақстан Пре­зиденті мен Үкі­мет басшысының қол­­­дауымен Түркі әлемінің рухани аста­насы Түркістан қарыштап дамып келеді. Арнайы Кешенді жоспар бекітіліп, бү­гінгі күнге жоспарланған іс-шаралардың 40 пайызы іске асырылды. Жалпы 445,3 млрд. теңгеге жаңа 257 нысан бой көтерді. Оның ішінде 230 млрд. теңгесі жеке инвестициялар есебінен. Осы уақыт ішін­де 123 нысанның құрылысы аяқталды. Жаңадан Ха­лықаралық әуежай, Әкімшілік-іскерлік және Мә­дени-рухани орталықтар салынып, шаһардың ор­талығы Б.Саттарханов даңғылы қайта жаңар­тылды, арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар құрылды. Түркістан қаласы толық газ­дандырылып, 13 мың гектарға жасыл белдеу құрыл­ды, 3,8 млн ағаш отырғызылды. Кешенді жоспардың 40 пайызы орындалуын ескере отырып, Түркістан қаласын дамыту­дың ІІ кезеңін іске асыру ұсынылып, қолдау тапты. Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық да­мытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жос­парын іске асыру облыстың дамуына жаңа сер­пін беріп, халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттырады. Кешенді жоспар – бүкіл ел тұрғын­дары­ның әл-ауқатын арттырудағы нақты қадамдар бел­гіленген елдік жоба. Ұлттық экономика ми­нистр­лігімен бірлесе 2021-2025 жылдарға жаңа кешенді жоспар жобасы әзірленіп, тиісті ми­нистрліктермен келісілді. Республикалық бюд­жет­тік комиссия қарауына енгізіліп, мақұлданды. Жаңа кешенді жоспарға 142 іс-шара енгізіліп, қажетті қар­жы 3,6 трлн теңге, оның ішінде 2,7 трлн теңге жеке инвестициядан төленіп отыр. Жоба аясында 5 жылда облыс экономикасы 1,5 есе өседі. Аталған шаралар жалпы өңірде өнеркәсіп көлемін 35 пайызға, еңбек өнімділігін 52 пайызға арттыруға жол ашып, халықтың нақты табысының 54,8 пайыз­ға өсуін қамтамасыз етеді. Кемінде 40 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Түркістан қаласын дамытудың ІІ кезеңі аясында 109 жоба іске асырылмақ. Бұл мақ­сатқа 1,3 трлн теңге инвестиция бағытталады, оның ішінде, 1 трлн теңге жеке инвестиция есебінен (мем­лекеттік инвестиция – 303,4 млрд теңге). Халық сумен жабдықтау қызметтерімен 100 пайыз, газ­бен жабдықтау қызметтерімен 85,4 пайыз қам­тамасыз етілетін болады. 5 жыл ішінде АӨК сала­сында 100-ге жуық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, бұл жалпы өнім көлемін 729 млрд-тан 1,3 трлн теңгеге дейін арттыруға және еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Түркістан қаласының айналасында 11 мың гектар азық-түлік белдеуін құру, оның шең­берінде жалпы сомасы 15 млрд теңгенің 7 инвес­тициялық жобасын іске асыру көзделген. Сонымен қатар, ол кешенді жоспар шеңберінде сүт өндірісін 880 мың тоннаға дейін, ет өндірісін 283 мың тон­наға дейін, көкөніс пен жеміс өндіруді 1 млн 530,9 мың тоннаға дейін жеткізуге болатынын атады. Бұл сәйкесінше сүт өңдеу кәсіпорындарын жүктеуді 60 пайыздан 80 пайызға дейін, ал ет өңдеу зауыттарын жүктеуді 55 пайыздан 70 пайызға дейін ұлғайтуға мүм­кіндік береді. «Нәтижесінде Түркістан облысы­ның ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1,3 трлн теңгеге дейін жеткізіліп, еңбек өнімділігі 2,5 есе артады. Бес жыл ішінде 5 млн шаршы метрге жуық тұр­ғын үй, 130 жаңа мектеп, 10 денсаулық сақ­тау ны­санын, рухани-мәдени орталық және басқа да әлеуметтік сала нысандарын салу жос­пар­ланған. Кешенді жоспарды іске асыру нә­ти­жесінде 2025 жылы облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 3,6 трлн. тенгеге жетіп, 40 мың жаңа жұмыс орны ашы­лады, халықтың әл-ауқаты жақсарып, облыс эко­номикасына мультипликативтік әсерін тигізеді. Түр­кістан, Шымкент және Ташкент қалаларын бай­ланыстыратын жүрдек теміржол магистралін тарту, Түркістан қаласында жаңа теміржол мен ав­тобекеттер салу жоспарының келешегі зор. Халықаралық әуежай аумағында 12 жоба іске асырылып, қонақ үй, 400 гектарға қара өрік ба­ғы, 50 гектар жерге жылыжай, 10 мың бас ірі қара бор­дақылау кешені, 1 200 бас тауарлы-сүт өндіру фермасы салынады. Әкімшілік-іскерлік орталықта жал­пы 57 жоба іске асырылып, жаңа теннис орта­лы­ғы, мұз сарайы, ескек есу каналы, демалыс орын­дары салынып, қажетті инфрақұрылым тартылады. 5 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй немесе 46 мың пәтер пайдалануға беріледі. Түркістан облысын дамытудың кешенді жоспары жобасында 10 денсаулық нысанын, оның ішінде Түркістан қаласында 7 және Арыс пен Сарыағаш қалаларында 3 нысан салу көзделген. YDA компаниясы Түркістан қаласында мем­ле­кеттік-жекешелік әріптестік аясында 570 төсек-орын­ға арналған облыстық көпбейінді аурухана құры­лысы жобасын іске асыруға қызығушылық та­нытып отыр. Мемлекеттік-жекеменшік әріп­тес­тіктің бұл жобасы республикалық деңгейде жүзеге асырылады және Түркістан облысында 2021-2025 жылдары әлеуметтік-экономикалық дамыту ке­шенді жоспарына қосылған. Бұл облыс тұрғындары мен қонақтарына жоғары технологиялық қызмет көр­сететін халықаралық деңгейдегі клиника бол­мақ. Сонымен қатар Түркістанда 190 төсек-орны бар облыстық балалар ауруханасын салу да жос­пар­ланып отыр. Жоспарда Түркістан қаласында 500 адамға арналған қалалық емхана құрылысы да қарас­тырылған. Ал жаңадан салынатын симуляция ор­та­лығында дәрігерлер біліктілік көтеруден өтіп, нақты клиникалық жағдайларда іс-жүзінде дағды жинайды. Жоғары медициналық тех­но­логияларға оқыту түрлі модельдерде, тренажерлер мен виртуалды симуляторларда жүргізу жос­пар­ланған. Бұл медицина қызметкерлерінің кәсіби қызмет барысында процестерді, жағдайларды және өзге де аспектілерді нақты модельдеуге мүмкіндік береді. Түркістан қаласында бір ауысымда 300 келу­шіні қабылдайтын тіс емханасын салу жос­пар­ланған. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттары әзір­леніп жатыр. Сондай-ақ 25 бригадаға арналған же­дел медициналық көмек стансасының құрылысы жүр­гізіліп жатыр. H.H.Sheikh Mohamed Bin Zayed Al Nahyan қоры Түркістан қаласында «Ана мен бала орталығын» салады. Б.Саттарханов даңғылы аумағында спорттық кешен, Яссы желілік саябағы, ірі сауда орта­лық­тары, 182 гектар ботаникалық бақ, Парк Лайн коттедж кешені жобалары іске асыралады. Мәдени-ру­хани орталықта Күлтөбе қалашығының тарихи ны­сандарын қалпына келтіру, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағын абаттандыру жүргізіліп, «Керуен Сарай» тұрғын үй кешені, «Аманат кот­теджі» қалашығы, Medina Palace қонақ үйі, Хилует мәдени-рухани орталығы салынады. Әзірет Сұлтан қорық-музейінің, Қожа Ахмет Ясауи және Рабия Сұлтан Бегім кесенелерінің аумағын абаттандыру 2025 жылға дейін жалғасады. Өңірдің туристік ағы­нын ұлғайту үшін Түркістан және Төле би ауда­нындағы «Қасқасу» туристік-рекреациялық орта­лықтарының инфрақұрылымын дамыту жос­пар­ланып отыр. Сондай-ақ Ұлы Жібек жолы бойында жаңа туристік өнімдер пайда болады. Түгел түркінің темірқазығы саналатын Түркістанға тәу ету ата-бабаларымыздан келе жатқан дәстүр. Қасиетті шаһар­ға туристер ағыны жылына 1,2 млн-нан 2,5 млн адамға дейін артпақ. Түркістан өңірін дамытудың бесжылдық кешенді жоспар шеңберінде мәдениет пен туризмді дамытатын 11 инвестициялық жоба жоспарланған, оның 9-ы жеке инвестициялар есе­бінен іске аспақ. Нәтижесінде 2025 жылы туристер санын 2,5 млн адамға дейін, орналастыру орын­дарымен қызмет көрсетілген келушілер санын 291 мың адамға дейін және туризм саласында жұмыс істейтіндер саны 30 мың адамға дейін артады деп жоспарлануда. Статистикалық деректер бойынша өңірде 703 мәдениет мекемесі бар. Жаңадан 13 мә­дениет нысаны пайдалануға беріледі. Облыста туризмнің әлеуеті аса зор. Тарихи туризмнің алтын бесігіне айналған Түр­кістан, отандық та, шетелдік те туристердің ара­сын­да аса танымал. Кешенді жоспар аясында тари­хи-мәдени мұраны сақтау бойынша 3 ауқымды жо­баны іске асыру көзделген. Яғни, Күлтөбе қала­шығының тарихи нысандарын қалпына келтіру, Әзірет Сұлтан қорық-музейінің аумағын абат­тандыру, сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи және Рабия Сұлтан Бегім кесенелерін, Түркістан қаласындағы цитадельдің қамал қабырғасын қалпына келтіру жұмыстары көзделген. 2025 жылға дейін 59 ны­санды қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, 24 археологиялық зерттеу жүргізу жоспарланып отыр. Кешенді жоспар аясында облыс аумағында ірі мұнай өңдеу зауыты, химия кешені, тұр­мыстық техника шығаратын зауыт құрылысы және Түркістан қаласының айналасында азық-түлік бел­деуін құру жоспарланып отыр. Түркістан облысы Ұлы Жібек жолы бойында орна­лас­қан­дықтан 48 шақырым «Шымкент қаласының оң­түстік-батыс айналма жолы», 102 шақырым «Сарыа­ғаш қаласының айналма жолы», 30 шақырым «Түр­кістан қаласының шығыс айналма жолы», «Түркістан-Шымкент-Ташкент» жүрдек теміржол магистралі салынатын болады. Түркістан облысының экологиясын жақсарту мақсатында суармалы алқаптарды қалпына келтіру арқылы 62 мың гектардан астам алаңды су­мен қамтамасыз ету жақсартылады. Ұзындығы 2 мың шақырымға жуық канал жөндеуден өтеді. Жыл сайын суармалы судың шығыны 200 млн текше метрге азаяды. Бұл ауыл шаруа­шылығы өнімдерінің көлемін 40 млрд теңгеге жеткізіп, 12 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға мүм­кіндік береді. Түркістан қаласын жасыл бел­деумен қоршау үшін 2019 жылдан бері 3,8 млн тек­ше көшет егілген. 2019 жылдан бастап қаланың ай­наласында 7,7 мың гектар алаңда жасыл белдеу құру жұмысы жүріп жатыр. Кешенді жоспар жобасында электрмен жабдықтау саласында жалпы сомасы 49,7 млрд теңгеге 11 жобаны іске асыру көзделген. Ірі жо­балар арасында Түркістан қаласында 110 кВ же­лісімен қуаты 2х25 МВА «Солтүстік» 110/35/10 кВ қосалқы стансасын және Ордабасы ауданында «Бадам» 220/110/10 кВ қосалқы стансасын салу бар. Ұсынылған жобаларды іске асыру 500 мыңнан астам адамды сапалы және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге, 200 жаңа жұмыс орнын, оның ішінде 30 тұрақты жұмыс орнын құру­ға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттік-же­кешелік әріптестік тетігі шеңберінде Түркістанда құны 40 млрд теңге ЖЭО салу көзделіп отыр. Өңірді газдандыру аясында Созақ ауда­нын­дағы автоматтандырылған газ тарату стан­са­сыан магистралды газ құбырын және Мақтаарал ауданындағы 3 автоматтандырылған газ тарату стан­сасын салу сияқты жобаларды іске асыру көз­делуде және елді мекендерге газ тарату желілері мен жеткізуші газ құбырларын салу жоспарланып отыр. Жалпы, 2026 жылға қарай газдандырылған елді мекендердің санын 423-тен 722 бірлікке дейін ұлғайту және халықты газбен қамтуды 1 274 мың адам­нан 1 720 мың адамға дейін кеңейту көзделіп отыр. Осылайша алдағы уақытты Түркістан об­лысы және оның орталығы Түркістан қала­сы жаңа қарқынмен дамып, еліміздің алдыңғы қатар­лы аймағына айналмақ. Жаңадан құрылған облыстың гүлденіп, көркеюі мемлекет негізін құрайтын ұлт өкілдері көп шоғырланған аймақ хал­қының тұрмыс деңгейінің жоғары болуына ықпал етері анық. Сондай-ақ, Қожа Ахмет Ясауи секілді әлемге белгілі тұлғаның мәңгілік мекеніне айналған Түркістан шаһарының дүниежүзі турис­терінің назарын бұруы қазақ халқының, Қа­зақ­станның әлемдегі имиджіне оң әсер ететін бо­лады деп сенеміз.

Ескерту! Мәліметтер 2022 жылдың екінші тоқсандағы жағдайымен есептелді.

 

Түркістанда да фармацевтикалық препараттар шығарылады

Түркістан облысы – республикадағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салалары дамыған, еңбек ресурстары жеткілікті аймақ. Облыс кәсіпорындары Қазақстандағы барлық өнеркәсіп өнімдерінің 5,9%-ын өндіреді. Елімізде  трансформаторлар, фармацевтикалық препараттар, минералды және газды сулар, мотор майы, бензин, рафинатты қорғасын, сыра, цемент, экскаватор, мақта талшығы, мақта майының барлығы дерлік Түркістан облысында өндіріледі. Облыс тері шикізаты, жеміс, көкөніс, жүзім, бақша, макарон өнімдерінің ірі өндірушісі болып табылады.

Өңіріміздің дәрі-дәрмек шығаруда әлеуеті жақсы болғанымен, баға тұрақтанбай тұр.  Осы орайда, «Атамекен» ҰКП алаңында бизнес-қоғамдастық, Денсаулық сақтау министрлігі, Бәсекелестікті қорғау агенттігі, сондай-ақ Дәрілік заттарды сараптаудың ұлттық орталығының өкілдері медициналық бұйымдар (in vitro), жеке қорғану құралдарына шекті бағаларды енгізу, сондай-ақ дәрі-дәрмектер мен медициналық техникаға шекті бағаларды қалыптастыру үшін бірыңғай үстеме бағаны енгізу мәселелерін талқылады.   

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға баға белгілеу механизмін қатаңдататын бұл жаңалықтарды Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде реттеу қағидаларын өзгерту, шекті бағалар мен үстеме бағаларды қалыптастыру шеңберінде енгізуді жоспарлап отыр.

Бұл өзгерістер ең алдымен тірі организмнен тыс диагностикалау үшін медициналық бұйымдарға (in vitro) шекті бағаларды енгізуді көздейді. Мұндай бұйымдар көп компонентті болады, тек жиынтықтармен сатылады және дербес медициналық бұйымдар болып саналмайды. Алайда, «Атамекен» ҰКП медициналық қызметтер департаментінің басқарушы директоры-директоры Назгүл Қабдрахманованың айтуынша, мұндай жаңашылдық «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің нормаларына қайшы келеді.

 «Кодекске сәйкес, медициналық бұйымдарға баға тіркеу куәліктері болған жағдайда ғана жүзеге асырылады, ал тірі организмнен тыс диагностикалауға арналған медициналық бұйымдар шығыс материалы болғандықтан, олар мемлекеттік тіркеуге жатпайды. Сондықтан оларға шекті баға қалай белгіленетіні түсініксіз», - деп атап өтті Ұлттық палата өкілі.

 Бұдан басқа кәсіпкерлер in vitro диагностикасы үшін анализаторларда қолданылатын барлық реагентке шекті бағаларды тіркеуді әкімшілендіруде қиындықтар бар деп санайды. «Рош Диагностика» зертханалық анализаторларын өндіруші компанияның өкілі Тимур Ермекбаев жекелеген анализаторлар үшін қолданылатын реагенттердің 100-ден 200-ге дейінгі түрлерінің санын айтты.

 «Біз бағаны реттеу және анализаторлар, ПТР бағасына талдау жүргізуден бас тартпаймыз және осыны жүзеге асырып келеміз. Біз шығындарды талдауға өтініш бердік, ол жүргізілді. Бірақ талдау анализаторда белгіленген формулаға сәйкес медициналық техниканың бірлігі ретінде жасалды. Бірақ реагенттерге мұны қалай жасауға болатынын және оны анализатордан бөлек қалай есептеуге болатынын түсінбейміз», - деп атап өтті Тимур Ермекбаев.

 Жеке қорғаныс құралдарына шекті бағаларды енгізу жоспары да бизнес өкілдерінің сұрақтарын тудырды. «Жеке қорғаныс құралы» ұғымының өзі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте көзделмеген. Сонымен қатар, шекті мәнді I-teco, ОLX, satu.kz көрсетілген бағалар негізінде белгілеу жоспарланған.

«ҚР Еңбек кодексінде жеке қорғаныс құралдары – қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар деп жазылған. Бұл ретте, егер ЖҚҚ пациенттерді немесе медициналық персоналды қорғауға арналған болса және медициналық мақсаттарда қолданылса, онда мұндай ЖҚҚ медициналық бұйымдарға жатқызылуы мүмкін. Демек, өндіруші пациенттерді немесе медициналық персоналды қорғау және медициналық мақсаттарда қолдану үшін ЖҚҚ-ның мақсатын анықтаған жағдайда ЖҚҚ-ны медициналық бұйым ретінде тіркейді. Сондықтан ЖҚҚ-ға шекті бағаларды қалыптастыру мәселелерін жеке шығаруға жол берілмейді деп санаймыз», - деді «Медициналық бұйымдарды өндірушілер қауымдастығының» төрайымы Гүлмира Мұхамеджанова.

 Медициналық техниканың шекті бағаларын қалыптастыру үшін регрессивті шкала түрінде бірыңғай үстеме бағаны енгізу мәселесі көп пікір тудырды. Ұлттық палатаның мамандары медициналық техникаға шекті бағаны талдау жүргізудің заңдылығын қарастыру қажеттігін бірнеше рет айтты. Өйткені бұл норма ҚР Халық денсаулығы туралы кодексіне және халықаралық тәжірибеге қайшы келеді. Халықаралық тәжірибеде медициналық техникаға шекті баға қолданылмайды.

 «Қазіргі кезде медициналық техникаға шекті бағаны қалыптастырудың қолданыстағы механизмі тиімсіз шекті бағаларды белгілейді. Соның салдарынан медициналық техниканы жеткізушілер нарығы ғана емес, сонымен қатар халыққа медициналық қызмет көрсету үшін қажетті жабдықты ала алмайтын ұйымдар қауіп-қатерге ұшырайды. Бұйрық жобасында белгіленген 5%-дан 15%-ға дейінгі мөлшердегі регрессивті шкала бойынша бірыңғай үстеме баға медициналық техниканы жеткізушілердің жағдайын одан әрі нашарлатады, сондықтан оны қабылдау дұрыс емес», - деп атап өтті «ELARUM Group» ЖШС директорының орынбасары Аяжанов Абылай.

 Жиын барысында «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» бас директорының орынбасары Ержан Жүнісовтың айтуынша, процестерді автоматтандыру және бағаны тіркеуді жеделдету мақсатында енгізілетін үстеме бағалардың регрессивті шкаласына сәйкес дәрілік заттарға бірыңғай үстеме бағаны енгізу мәселесі талқыланды.

 «Осы тұста бірыңғай үстеме бағаны енгізуді талқылауды сұраймыз. Екінші мәселе оның мөлшеріне қатысты – ұсыныстар болса, тақырыпты бизнестің ортақ пікірін ескере отырып, тағы да көтеруге дайынбыз», - деп атап өтті Ержан Жүнісов.

 Алайда сарапшылық орган ұсыныған бірыңғай үстеме баға мен оның мөлшеріне қатысты ұсыныстар бизнес тарапынан қолдау таппады.

 «Біз бұған дейін баға белгілеу механизмін қайта қарауға, өндіруші тіркеуін мемлекеттік қызметке ауыстыруға, содан кейін шекті бағаны қалыптастыруды автоматтандыруға уағдаластық. Бірақ бұл регрессивті шкала түрінде бірыңғай үстеме бағаны енгізу емес. Біз әдістемені қайта қарап, оны ақпараттық жүйеге алгоритм ретінде салғымыз келді. Біз әдістемені бірлесіп әзірлеуге дайынбыз», - деді Ұлттық палата өкілі Назгүл Қабдрахманова.

Шекті бағаны қалыптастыру және препараттарды нарыққа шығару кезінде Қазақстанда өндірілген дәрілерге бағаның шетелдіктерге тәуелділігін болдырмау бөлігінде дәрілік заттарға шекті баға мен үстемелерді реттеу, қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұрын да бірнеше рет көтерілген мәселе айтылды. Қауымдастықтар бағаны шетелдік баламаға сілтеме жасау нәтижесінде отандық дәрі-дәрмек өндірушілер импорттаушылармен салыстырғанда нашарлау жағдайға тап болатынын атап өтті. Нәтижесінде елдегі фармацевтикалық өндірісті дамыту тежеледі.

«Бағаны реттеуге көшу, тек коммерциялық сегменттегі бағаны реттеуді алып тастаудың уақыты келді. Мәселе қордаланып қалған. 2023 жылдың соңына дейін талқылап отырсақ,  ҚР халқы алдындағы қылмыс болмақ. Біз экономикалық қолжетімділік туралы емес, Қазақстан нарығында дәрілік заттардың физикалық қолжетімділігі туралы айтып отырмыз», - деп атап өтті «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының» басшысы Марина Дурманова.

Жиынды қорытындылай келе, «Атамекен» ҰКП медициналық қызметтер департаментінің директоры Назгүл Қабдрахманова Ұлттық палата №247 бұйрық жобасына теріс сараптамалық қорытынды беретінін және дәрі-дәрмек пен бмедицналық техниканың бағасын реттеу бөлігінде мемлекеттік органдармен бірлескен жиындар өтетінін хабарлады.

 

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНА ҚОЛДАУ АРТАДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған даму тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Бүгін сол Тұжырымдаманы жүзеге асыру барысы талқыланды. Аталған құжатқа сәйкес, алдағы 5 жылда Түркістан өңірінде ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі мен еңбек өнімділігін 2 есеге, салаға тартылатын жеке инвестициялар көлемін 6 есеге, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,3 есеге ұлғайту көзделіп отыр. Өңір басшысы жауапты басқарма мен аудан, қала әкімдеріне

– Өңірімізде ауыл шаруашылығы саласын жан-жақты дамытудың барлық жолы, тәсілі қарастырылады. Тұжырымдама нақтыланып, толықтырылады. Ол үшін мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, қайта өңдеу және өзге де салалар бойынша сарапшылардың ақыл-кеңесі назарға алынады. Бұл ретте аудан, қала әкімдері өздеріңіз басқаратын аймақтың ерекшелігіне сай нақты ұсыныстарды берулеріңіз керек. Кейбір аудандарда агроиндустриалды аймақ ашамыз, кейбір аудандарда жеке шаруашылықтарға басымдық береміз. Қосымша жылыжай шаруашылықтарын дамыту үшін газ, энергия мәселелеріне жеңілдіктер қарастыру көзделіп отыр. Екіншіден, былтыр біраз ауданда ауыл шаурашылығы бойынша жоспар орындалмады. Инвестициялық жобалар аз. Сондықтан жауапты орынбасарға осы салаға қатысты жұмысты жандандыруды тапсырамын. Өз міндетін дұрыс атқармаған аудан, қала әкімдіктеріндегі жауапты басшылардың жұмысы қадағалансын. Биылға жоспарланған индикаторлар толық жүзеге асырылуы тиіс. Тұжырымдаманы толықтыру жұмысы жеделдетілсін. Бұл – облыс тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеру және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау үшін маңызды жоспар, – деді Дархан Сатыбалды.

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржігіт Мырзахметовтың айтуынша, тұжырымдамаға сәйкес, АӨК негізгі капиталы мен тамақ өндірісіне тартылған жеке инвестициялар көлемін 6 есеге арттыру межеленген. Яғни, 84,9 млрд. теңгеден 481,1 млрд. теңгеге дейін көбейтілмек. Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемін 1,03 трлн. теңгеден 2,12 трлн. теңгеге дейін көбейту жоспарланып отыр. Ал АӨК қайта өңделген өнімдерінің экспорты 136,9 млн. АҚШ долларынан 310,5 млн. АҚШ долларына жетеді деген жоспар бар.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру арқылы егіс көлемі 869,8 мың гектарға жеткізіледі (2022 ж. 859,9 мың га), мақта дақылы 46,3 мың гектарға қысқартылып, дәнді дақылдар, көкөніс, бақша және малазықтық дақылдардың көлемі ұлғаяды. Жылыжайлар көлемі 1569 гектардан 2118,6 гектарға ұлғаяды (+ 550 гектар), қарқынды баудың көлемі 4740 гектардан 8520 гектарға жеткізіледі (+3780 гектар). Мақта талшығын терең қайта өңдеу көлемін 17,0 мың тоннадан, 66 мың тоннаға арттыру жұмысы жүреді. 5 жылда 12 тоқыма тігін фабрикасын ашу, мақта шаруашылықтарын 2027 жылдан бастап жергілікті элиталық тұқымдармен 100 % қамтамасыз ету жоспарланған. 5 жылда жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу үлесін 0,23 %-дан 10 %-ға, ет өнімдерін өңдеу үлесін 12,3 %-дан 34,0 %-ға, сүт өнімдерін өңдеу үлесін 13,6 %-дан 31 %-ға ұлғайту көзделген.

Аудан, қала әкімдіктерінен алдын ала 2023-2027 жылдарға жалпы құны 320 млрд. теңгені құрайтын 109 жоба инвестициялық жоба тізімі анықталды. Оның ішінде биыл құны 29,4 млрд. теңгені құрайтын 36 жоба енгізілген. Инвестициялық жобалар тізімін кеңейту, өзектендіру жұмыстары жалғасады.

 

 

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАМЕН 1000-НАН АСА ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ-нің басшысы Сапаралы Құрбанов айтты.

Аталған орталықтың мамандары кәсіпкерлікті қолдауға арналған барлық мемлекеттік бағдарламалар, қаржылық институттардың қаржыландыру шарттары және рұқсат құжаттарын алу бойынша кеңес береді.

Спикердің сөзінше, 2018 жылы құрылған орталықта қызмет түрлерінің барлығы «Бір терезе» қағидатымен жүзеге асады. Сондай-ақ мемлекеттік қолдау және жобаларды қаржыландыру, мемлекеттік бағдарламалармен қоса бизнестің дамуына ең қолайлы орта жасау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

– 2022 жылы Мемлекеттік бағдарламалар аясында 1007 жоба сүйемелденіп, қаржыландырылды. Оның ішінде, мал шаруашылығы бойынша - 513, егін шаруашылығы бойынша - 190, өндіріс саласы бойынша - 49, қызмет көрсету бойынша - 151, айналым қаражатын толықтыруға - 94, субсидиялау бойынша 10 жоба қолдау тауып, кәсіпкерлер қаржы ұйымдары және 2 деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылды. Жалпы сүйемелденген жоба сомасы - 7 млрд 560 млн теңге. Сондай-ақ, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 5 жоба сүйемелденіп, қаржыландырылды, - деді Сапаралы Әділханұлы.

Сонымен қатар, 1856 қызмет бойынша құжаттар рәсімделді. Атап айтсақ, жер мәселесі бойынша - 564, инфрақұрылым саласы бойынша - 214, сәулет және қала құрылысы бойынша - 91, басқа да құжаттар бойынша 987 қызмет көрсетілді.

Жалпы орталыққа 7039 адам жүгінген. Орталық мамандарымен 34 428 кеңес беріліп, 1507 бизнес-жоба әзірленді.

ЖЕТІСАЙДА КӘСІПКЕРЛІК ҚАРҚЫН АЛҒАН

Экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын кәсіпкерлікті дамыту, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау бағытында мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан маңызды бағдарламалардың нәтижесінде өткен жылы ауданда жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарының саны 19 319-ға жетіп, 24 896 адам жұмыспен қамтылған. Аталмыш салада өндірілген өнім көлемі 66,9 млрд тенгеге жеткен.

Ауданда өткен жылы өндірілген 17 937,7 млн теңгенің өнеркәсіп өнімінің 15053,2 млн теңгесі өңдеу өнеркәсібі, 2559,4 млн теңгесі электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау, 352,2 млн теңгесі «Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау» саласына тиесілі.

                                                                 

ЖЕТІСАЙЛЫҚТАРҒА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

«Біз осындай пилоттық жобаны жүзеге асырдық. Оған қатысқан ауыл шаруашылығы кооперативтерінің егіні екі есе артық өнім берген. Ал мал басы шамамен 25 пайызға көбейген. Әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, оң тәжірибені бүкіл елге біртіндеп тарату қажет», – деген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстан халқына Жолдауында ауыл кооперациясы аграрлық саланы дамытуға жол ашатынын айтқан болатын.

Міне, осы мақсатта 2023 жылы пилотты жоба ретінде жүзеге асырылуы жоспарланған «Ауыл аманаты» бағдарламасын тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру мақсатында құрылған облыстық мобильді топ өкілдері Жетісай ауданының Қарақай және Ж.Ералиев ауылдық округтерінде болып, шаруалармен жүздесті.

Құрамында Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Марат Айнабеков, «Оңтүстік» АИО басқарма басшысы Мұқтар Әлімханұлы, «Ырыс» МКҰ директорының орынбасары Жандос Нұрлыбаев, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Марат Абуов, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев ат басын тіреген нысандардың бірі «Медет Сүт» ЖШС болды. Алғашында өз қаржысы есебінен жұмысын бастаған аталмыш цех кейіннен «ОҢТҮСТІК» аймақтық-инвестициялық орталығынан 47 миллион теңге жеңілдетілген несие алған. Жалпы өндіріс қуаты тәулігіне 30 тоннадан 9 түрлі сүт өнімдерін өндіруге есептелген.

Сондай-ақ, жұмысшы топ мүшелері Ж.Ералиев ауылдық округіндегі баклажан көшетін өсірумен айналысатын жылыжай жұмысымен танысып, кәсіпкерлермен еркін форматта тілдесті.

Жоба аясында ауыл тұрғындары өз бизнесін ашуға немесе бұрынғы ісін кеңейтуге қажетті ақпарат пен түрлі мүмкіндіктері, «Ауыл аманаты» бағдарламасының негізгі мақсаты мен басты шарттары туралы, шаруаларға 2,5 пайыздық жеңілдетілген несиені алудың жолдары кеңінен түсіндірілді.

«Жобаға ауыл тұрғындарының да қызығушылығы зор. Олар ауылда өз кәсібін бастауға немесе осыған дейін болған шағын кәсіптерін дамыта алатынына дән риза.

Бұл бағдарлама ауданымыздың әлеуетін, азаматтардың қандай өндірісті іске қоса алатынын айқындайды. Нәтижесінде, тұрғындардың табысын, әл-ауқатын және өмір сүру сапасын арттыруға көмектесеміз» дейді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев.

 

ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында Қазақстан-Өзбекстан шекарасы бойынан "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру жоспарланып отыр. Аталған орталықты "Атамекен" кеден бекеті мен "Сырдария" кеден бекетінің маңынан құруға ұсыныстар берілген болатын.

Күні кеше ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, орталықты құруға таңдалған жер телімдерімен танысты. Аудан әкімі Бақыт Асанов "Атамекен" кедендік бекетінің маңындағы 50 гектар жер туралы айтып өтіп, аталған жерге электр, газ, ауыз су жүйелерін жеткізу бойынша жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, көліктік инфрақұрылымның жай-күйі, туындап жатқан мәселелер жайлы да кеңінен мәлімдеді.

"Атамекен" кеден бекетінің транзиттік және басқа да көліктерді өткізу қабілеті төмен екенін атап өтеміз. Аталған жағдай көліктердің шекарада ұзақ тұрып қалуына, көлік кептелістерінің туындауына алып келіп, бұл мәселелер жергілікті тұрғындардың наразылығын тудыруда. Сондықтан, құрылуы жоспарланып отырған халықаралық орталықтың бойымен ұзындығы 6,5 шақырымды құрайтын IV техникалық санаттағы жол құрылысын жүргізу қажет. Жолдың құрылысына мемлекет мұқтажына алынатын жер телімдерінің құнын қоспағанда шамамен 2 миллиард теңге қаржы қажет етіледі" - деді Бақыт Насырханұлы.

Аудан басшысы негізінен "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын "Сырдария" шекара өткізу бекетінен құру ыңғайлырақ екенін түсіндірді. Өйткені, бұл жерден М-39 "Ташкент-Термез" халықаралық автомобиль жолы өтетінін, сондай-ақ тиісті инфрақұрылымдарды тарта отырып өнеркәсіптік және сауда-саттық орындарын ашуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашылатынын атап өтті.

Аудан әкімі вице-министрден 2023-2024 жылдары жоспарланып отырған "Атамекен" кеден бекетін модернизациялауға жұмсалатын қаржыны "Сырдария" кеден бекетіне жұмсалуына, "Мақтаарал-Дарбаза" темір жолын Атамекен кеден бекетінен "Сырдария" шекара өткізу бекетіне дейін тартылуына ықпал жасауды сұрады.

Жиын соңында вице-министр жағдаймен толық танысып, аладғы уақытта айтылған ұсыныстарды сараптайтынын жеткізді. Сондай-ақ, аудандағы темір жол жүйесінің жай-күйімен танысты.