150-ден аса шымкенттік грант алып, кәсібін бастаған

Шымкентте бизнес идеясын нағыз жобаға айналдырған кәсіпкерлердің жәрмеңкесі өтті. Көрме орталығына жиналған 150-ден аса кәсіпкер мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, нәтижелі жұмысының арқасында өз өнімдері арқылы еліміздің экономикасының дамуына үлес қосып келеді.

Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйытқы болуымен өткен жәрмеңкеге Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Шаһар басшысы кәсіп иелерінің жұмысымен жіті танысып шықты.

Көрмедегі тауарларды жасауға кәсіпкерлердің бар өнерін, ынта-ықыласын салғаны көрініп тұр. Мемлекет ұсынған гранттарды конкурс арқылы жеңіп алған қала тұрғындары өз бизнесін бастап, әдемі, сапалы әрі нарықта сұранысқа ие тауарларды өндіріп жатыр. Бұл бір жағынан шымкентіктердің кәсіпке бейім әрі еңбекқор екенін көрсетсе, екінші жағынан мемлекеттің шағын және орта бизнеске көрсетіп жатқан қолдауының нақты нәтижесі, - Мұрат Дүйсенбекұлы.

Жәрмеңкеде тағам өнеркәсібі, кондитерлік өнім, жиһаз өндіру, қызмет көрсету салалары бойынша түрлі әлеуметтік жобалар қойылды. Сондай-ақ іс-шараға жиналған халыққа арнайы ақпараттық бұрыш жасақталып, «Халықты жұмыспен қамту орталығының» мамандары тегін кәсіби оқу, тұрақты жұмысқа орналасу, субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама алу бойынша келушілерге ақпарат берді.

Айта кетейік, өткен жылы қаламызда 1195 адам жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға қайтарымсыз гранттарды жеңіп алған. Ал, 2392 адам тегін кәсіби оқуға жіберілсе, биылғы жылы бұл жұмыстар жалғасын тауып 2431 адам оқуға жолданыпты. Мемлекет тарапынан берілетін қолдау шаралары биыл да өз жалғасын тауып, Шымкент қаласы бойынша 447 адамға 400 АЕК дейінгі мөлшерде қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр.

Шымкентте кәсібін кеңейтіп жатқан өндіріс саны артуда

Мұның бәрі де «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асуда. Солардың бірі — «Юникс-Beverage» ЖШС. Нарықта өндіріс орны TASSAY суымен танымал. 2001 жылдан бастап компания терең жерасты ұңғымаларынан TASSAY тұщы суын табысты түрде өндіріп отыр.

2023 жылы кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтуға бел буады. Осы орайда «Даму» Қорының жеңілдетілген несиелері туралы естіп,«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша несие алу үшін қажетті құжаттарды жинай бастайды. Нәтижесінде, 21,25%-бен «Bank RBK» АҚ-ы арқылы қаржыландыру алады, оның 14,25%-ын «Даму» Қоры субсидиялауда. Қазіргі уақытта TASSAY суының негізінде Holiday сонымен қатар TASSAY Ice Tea салқын шайы сауда маркаларымен салқындатылған газды сусындарды құю жүзеге асырылуда.

Бүгінгі күні Қазақ тағамтану академиясы бөтелкедегі TASSAY суын мақұлдап отыр. Бұл оның қауіпсіз ғана, ең жоғары деген сапа стандарттарына сай екендігін білдіреді. Қазақстанның қарапайым тұрғындары ғана емес, жоғары мәртебелі азаматтары мен ел қонақтары да TASSAY суына қатысты оң бағаларын берді, себебі TASSAY барлық мемлекеттік шаралар мен Президент, Үкімет, Парламент және өзгедей мемлекеттік мекемелердің қабылдауының ресми суы болып табылады.

«Қарапайым заттар экономикасы» (Басымдық берілген жобаларды несиелеу механизмі) бағдарламасы аясындағы жеңіл несие – халық күнделікті тұтынатын тауарлар өндіру мен қызмет көрсету бағытындағы кәсіпкерге берілген мол мүмкіндік, зор көмек.

Бағдарлама аясында несиенің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялап, қарыз жүгін азайту және банк талап еткен кепілзат жеткіліксіз болғанда – кепілдік беру қарастырылған. Яғни өндірісін дамытуды көздеген кәсіпкер мемлекеттен 5 жылға дейін мерзімді қаржыландырылып, субсидияланады.

ҚР Ұлттық Банкі (16,75%) базалық мөлшерлемесіне +4,5%, оның 13,25%-ын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын кәсіпкер төлейді. Кәсіпкерлер сонымен бірге айналым қаражатын толтыру үшін қаржыландыруды - 3 жылға дейінгі мерзімге ала алады. Бұл компанияға жүктемені айтарлықтай төмендетуді білдіреді. Тағы бір плюс - бір кәсіпкерге несие сомасы мөлшерінде шектеулер жоқ.

Кепілзат жеткіліксіз болған жағдайда, «Даму» Қоры 1 миллиард теңгеге дейінгі несие үшін несие сомасының 50 пайызына кепілдік береді. Сондай-ақ, «Даму» Қорының субсидиялауға және несиелік кепілдікке өтінімдері «Электрондық үкімет» (E-gov) және «Онлайн Даму» платформалары арқылы онлайн режимінде қаралады.

Шымкентте биыл 3 спорттық нысан ашылады

Шымкент қаласы спорт және бұқаралық спортты дамытуда толағай табыстарға қол жеткізіп келеді. Осы бағытта спорттың материалдық-техникалық базасын нығайтуда жүйелі жұмыстар қолға алынған. Биыл халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған 3 спорттық нысан ашылады деп жоспарланған. Жыл басынан бері екі нысан ашылып, пайдалануға берілді.

Солардың бірі – үстел теннисі спорт кешені. Құрылысты «Отау Строй» компаниясы жүргізді, нысанның жалпы аумағы 2 мың шаршы метрді алып жатыр. Жобаның жалпы құны – 1,2 млрд. теңге. Мамандандырылған залда 12 үстел қарастырылған және тек аймақта ғана емес, республика көлеміндегі теннисшілер жарыстарға дайындалып, оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, турнирлер ұйымдастыра алады. Шаһарда үстел теннисімен жалпы 2000-ға жуық спортшы шұғылданады.

Ел игілігіне берілген спорттық нысанның тағы бірі – жаңа атшабар. Ипподромда еліміздегі ең үлкен бәйге алаңы бар. Аумағында 1 500 көрерменге арналған трибуна, ат аренасы бар манеждер, жабық стенд ғимараты, ветеринарлық блок, 300-ден астам көлікке арналған тұрақ қарастырылған. Трибунаның жоғары қабатында ашық терраса бар. Ұзындығы 2012 метр жарыс жолы салынған. Көкпарға, атпен секіруге арналған алаңдар кварцты құмдармен, табиғи тастармен безендірілген. Әлемдік стандарттарға сай салынған жаңа иипподром мегаполистегі халықаралық спорт және ойын-сауық жарыстары өтетін орындардың біріне айналып отыр.

Жобадағы үшінші нысан — «Металлург» стадионы. Қазіргі таңда стадионның реконструкциялау жұмыстары аяқталуға таяу. Жоба құны – 3 813,5 млн. теңге. Жаңартылған нысанда спортшылар үйі, ойын түрлеріне арналған 2 спорт зал, жекпе-жек спорт түрлеріне арналған 2 спорт зал, 1504 орындықты футбол стадионы қарастырылған.

 

Шымкент: Тұрғын үй құрылысының талаптары күшейді

Бұл жайында Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетов баспасөз брифингінде айтты. Басқарма басшысы шаhарда тұрғын үй құрылысының барысы, құрылыс сапасы, анықталған кемшіліктерді жою жұмыстары жайында тілге тиек етті.

2023 жылы құрылыс басқармасы тарапынан концепция аясында мемлекеттік бюджет есебінен 12,9 млрд. теңгеге 3342 пәтерлі 72 көпқабатты тұрғын үйдің ( 254,2 мың шаршы метр) құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде, арендалық 29 үй (1364 пәтер), кредиттік 43 үй (1978 пәтер) салынады. Жыл қорытындысы бойынша 3072 пәтерлі 67 тұрғын үйді пайдалануға беру қарастырылған.

Ендігі ретте құрылыс сапасын жақсарту бағытында тапсырыс беруші мен мердігер мекеме арасындағы келісімшартты күшейту мақсатында қосымша талаптар қарастырылып отыр. Мердігерге 21, техникалық қадағалаушыларға 15, авторлық қадалаушыға 7 қосымша талап енгізілді. Сонымен қатар, әр нысанға бекітілген техникалық қадағалаушы санын 3 есеге арттыру, құрылыс барысын тәулік бойы (24 сағат) онлайн бақылау, құрылыс-монтаж кезеңінде терезе айналасына қосымша изоляциялық пленка жабыстыру сынды талаптар бар. Анықталған кемшіліктерді жою жұмыстары да тиісті деңгейде орындалуда, - деді басқарма басшысы.

Бұдан бөлек, қалада тұрғын үй құрылысы бойынша жүйелік өзгерістер қолға алынған. Атап айтқанда, мердігер компаниялар қасбеттерге заманауи материал, композитті панель қолдану, түнгі жарықтандыру шамдарын орнату, кіреберістің 1-қабатындағы интерьерді заманауи үлгіде сәнді әрлеу, автоматты суару жүйесін орнатуға назар аударуы тиіс.

Шымкент: Мемлекеттік грант шарттарында өзгерістер бар

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар сәуір-мамыр айларында өткізіліп 468 адам өтінім өткізіп, 56 кәсіпкер қолдау тапқан.

Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер – жасы 29-ға (қоса алғанда) дейінгі 2022 жылдың өткізілген кезеңде жалпы 143 кәсіпкерден өтінім түсіп, 10 жоба қолдауға ие болды.

Ал биыл мемлекеттік грантты өткізу мерзімі мамыр айына жоспарлануда. Өтінімдер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде “Kezekte.kz” сайты арқылы қабылданады. Былтырғыдан қарағанда биылғы шартта өзгерістер бар. Мұқият қарап, құжаттарды соған сәйкес дайындау қажет.

Өтінім pdf форматындағы құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін тіркейді:

1) жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);

2) 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын құжаттың көшірмесі;

3) ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 % мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландырудың (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақшалай қаражаттың болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлік;

4) кәсіпкердің экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтері бар дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда).

Сонымен қатар жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі 3 (үш) жылдан аспауы тиіс.

Шымкентте құрылыс нысандарына талап күшейді

 

Шымкентте жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер, жаңғыртылатын және күрделі жөндеуден өтіп жатқан обьектілердің сапасына бақылау күшейтілді. Бұл туралы Шымкент қаласының орта сапасы және бақылау басқармасы мәлімдеді.

Қазіргі таңда қала аумағындағы құрылыс сапасын бақылау бойынша техникалық қадағалаушылар объектілерге ай сайын мониторинг жүргізіп келеді. Жыл басынан бері құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан 585 нысанға (оның 118-і бюджеттік нысандар, 467-і жеке нысандар - 467) мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде басқарма тарапынан 43 (сапасына қатысты – 4, заңсыз құрылыстарға қатысты – 39) құрылыс объектісі бойынша 118 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған (8 866,5 АЕК – 30 589 425 теңге).

Оның ішінде, құрылыс сапасына қатысты 4 құрылыс нысаны бойынша 5 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 1950 АЕК көлемінде айыппұл салынған. Ал, қала аумағындағы заңсыз құрылыстарға қатысты 39 құрылыс нысаны бойынша 113 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жауаптылар 6 916,5 АЕК айыппұл арқалаған.

Айта кетейік, басқарма ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 34-бабына сәйкес, авторлық қадағалаушы тұлғаларға және Заңның 34-1 бабына сәйкес, техникалық қадағалаушы тұлғаларға құрылысқа қатысты міндеттерін өз деңгейінде атқаруға ескертулер тұрақты жолдануда.

 

 

Шымкенттіктерге мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа форматы таныстырылды

Елімізде мемлекеттік қызметке орналасудың пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы Шәкір Сұлтанхан мәлім етті. ⁣

Шәкір Сұлтанханның айтуынша, пилоттық жобаға Қазақстанда 5 мемлекеттік орган қатысады. Олар – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі, ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Ақмола және Шымкент қаласының әкімдіктері. ⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

Аталған жобаға іріктеу 1 наурыз бен 31 желтоқсан аралығында өтеді. Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа алгоритмі «Eqyzmet.gov.kz» порталында жүзеге асады. Жаңа формат азаматтарға әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді. ⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев мемлекеттік қызметке кіру ісіндегі артық кедергілерді жою және одан шығу тәртібін жеңілдету, мемлекеттік қызметтің кез келген қазақстандыққа ашық болуына қатысты тапсырма берген болатын. Осы орайда мемлекеттік қызмет саласында бірқатар жаңашылдықтар орын алды. Атап айтқанда, жаңа жүйеде⁣⠀тестілеу жүргізілетін нормативтік-құқықтық актілерінің саны 9-дан 4-ке дейін қысқартылды. Іріктеу кезеңінде үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, эссе жазу қамтылған, — деді Шәкір Сұлтанхан.

Шәкір Асылханұлы мемлекеттік басқару академиясының түлектері өңірлердегі лауазымдарға, сондай-ақ, мемлекеттік грантпен оқу орындарын аяқтағандар аудан мен ауылдарда төменгі лауазымдарға конкурссыз тікелей тағайындау мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

 

Шымкенттіктерге мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа форматы таныстырылды

Елімізде мемлекеттік қызметке орналасудың пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы Шәкір Сұлтанхан мәлім етті. ⁣

Шәкір Сұлтанханның айтуынша, пилоттық жобаға Қазақстанда 5 мемлекеттік орган қатысады. Олар – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі, ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Ақмола және Шымкент қаласының әкімдіктері. ⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

Аталған жобаға іріктеу 1 наурыз бен 31 желтоқсан аралығында өтеді. Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа алгоритмі «Eqyzmet.gov.kz» порталында жүзеге асады. Жаңа формат азаматтарға әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді. ⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев мемлекеттік қызметке кіру ісіндегі артық кедергілерді жою және одан шығу тәртібін жеңілдету, мемлекеттік қызметтің кез келген қазақстандыққа ашық болуына қатысты тапсырма берген болатын. Осы орайда мемлекеттік қызмет саласында бірқатар жаңашылдықтар орын алды. Атап айтқанда, жаңа жүйеде⁣⠀тестілеу жүргізілетін нормативтік-құқықтық актілерінің саны 9-дан 4-ке дейін қысқартылды. Іріктеу кезеңінде үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, эссе жазу қамтылған, — деді Шәкір Сұлтанхан.

Шәкір Асылханұлы мемлекеттік басқару академиясының түлектері өңірлердегі лауазымдарға, сондай-ақ, мемлекеттік грантпен оқу орындарын аяқтағандар аудан мен ауылдарда төменгі лауазымдарға конкурссыз тікелей тағайындау мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

 

Шымкенттік 500 отбасына азық-түлік себеті үйлестірілді

БүгінҚМДБ Шымкент өкілдігі қала әкімдігімен бірлесе кезекті «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Ізгілік акциясы аясында қаланың орталық мешіті – Ақмешітте әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жиынтығы таратылды.

Рамазан – мейірімділік пен қайырымдылық айы. Жылдағы дәстүр бойынша қасиетті ай басталғаннан осындай қайырлы істі қолға алып отырмыз. Бүгін Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесе 500 отбасыға ауызашар үшін азық-түлік себеті үлестірілді. Одан бөлек, күн сайын қаладағы 40 мешітте кәсіпкерлердің қолдауымен тұрғындарға ауызашар ұйымдастырылуда. Осындай ізгі істерде белсенділік танытқан кәсіпкерлер мен мешіт имамдарына алғыс айтамын, - деді қаланың бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов.

Ауызашарға арналған азық-түлік қорабын алған Абай ауданының тұрғыны, көпбалалы ана Тұрсынай Жұманова қайырымдылық акциясына қолдау білдірген қала әкімдігі мен мешіт имамдарына өз алғысын жеткізді.

Бүгін алғаш рет мешітке келіп осындай ауызашар жиынтығын алып отырмыз. Рамазан айында халыққа азық-түлік таратуды ұйымдастырған қала әкімдігіне, мешіт имамдары мен жомарт кәсіпкерлерге көп рақмет, - деді көпбалалы ана.

«Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы 5 ауданның орталық мешітінде күн сайын ұйымдастырылып, 500 отбасына азық-түлік жиынтығы таратылып жатыр. Іс-шара ай соңына дейін жалғасады.

Шымкент: Бозарықта 183 көпқабатты тұрғын үй салынады

«Бозарық» шағынауданында биыл 183 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталады. Олардың 65-і мемлекеттік бюджет есебінен салынады.

Бұл жайлы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың "Бозарық" шағынауданына жасаған жұмыс барысында белгілі болды. Шаһар басшысы елдімекеннің даму жоспарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді. Қаланың егжей-тегжейлі жобалау жоспарында шағынауданнан 183 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы қаралған. Олардың 65-і мемлекеттік бюджет есебінен салынады. Қазір шағынауданда 16 тұрғын үй бой көтерген, бұл нысандар жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Қалған 49 үйдің құрылысы келесі жылы басталады.

Сонымен қатар шағынауданда алдағы уақытта мектеп, емхана салынады. Мұрат Дүйсенбекұлы Бозарық-3 шағын ауданында бой көтеріп келе жатқан спорт кешенінің ғимаратын қарап шықты. Спорт мектебі ауыр атлетикадан олимпиадалық резервін дайындайтын балалармен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің теңгеріміндегі бос жерде салынуда. 100 оқушыға лайықталған ғимаратта ауыр атлетикаға арналған платформалар қарастырылған. Нысан келесі жылы мамыр айында қолданысқа беріледі.

Қала басшысы жауаптыларға шағынауданда салынып жатқан барлық құрылыс нысандарының сапасын қатаң бақылап, жұмыстардың өндірістік кестеге сай орындалуын қадағалауды тапсырды. Бұл ретте техникалық қадағалаушылардың жауапкершілігін арттырып, сапасыздықты алдын алу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.