Сәрсенбі, 04 Маусым 2025 13:35

Созақ ауданында Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті

Бүгін аудан орталығы Шолаққорған ауылында «Ту тұғыры» алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті. Рәсім барысында Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран шырқалды.

Салтанатты жиында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков сөз сөйлеп, тұрғындарды мерекемен құттықтады. «Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, тәуелсіз ел екенімізді танытатын қасиетті нышандар. Көк туымыз – бейбітшілік пен бірліктің, елдігіміз бен егемендігіміздің символы. Әрбір азамат оны қастерлеп, мақтан тұтуы тиіс», – деп атап өтті.

Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов жүрекжарды лебізін білдіріп, Мемлекеттік рәміздердің тарихи маңызы мен қадір-қасиетіне тоқталды.  Шараға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ардагерлер, жастар және ауыл тұрғындары қатысты. Аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындап, мерекеге ерекше рух берді.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 34 рет