Түркістан: отырарлықтарға мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау жайы түсіндірілді

2020 жылдан бастап көп балалы отбасыларға табысқа қарамастан мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Бұл туралы Отырар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан тұрғындарымен өткен семинар кездесуде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов мәлімдеді.

Түркістан: Сарыағаш ауданының әкімі жастармен кездесті

Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиевтің қызметке кіріскеніне 100 күннен асты. Осыған орай аймақ басшысы «Болашақ жастар - 100 күн» деген тақырыппен кездесу өткізді. Онда жастар саясатын дамытудың тиіміді тұстары кеңінен сөз болды. Екі жақты ашық әңгіме болды.

Түркістан: Келесте «Nur Otan» партиясының мәжілісі өтті

Келес ауданында Бас партияның 3 мың 283 мүшесі топтасқан 12 бастауыш партия ұйымы бар. Аудандық мәдениет үйінде нұротандықтардың кезекті мәжілісі өтті. Жиында аудандық филиал төрағасы Ақментай Есбаев ақпараттық – идеологиялық жұмыстарды аудан көлемінде барынша дамыту, бастауыш партия ұйымдарының жұмыстарын жандандыру сынды тапсырмалар жүктеді. Белсенділігі төмен бірқатар партия ұйымдарына ескертулер берді.

Түркістан: Сарыағашта «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбында көшпелі жиын өтті

Сарыағаш ауданында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында көшпелі жиын өтті. Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының арнайы тапсырмасына сәйкес қолға алынған жиын «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбында өрбіді. Мақсат – мәдени және рухани құндылықтарды жаңғырта отырып, діни тұрғыда дұрыс сауат қалыптастыру.

Түркістан: «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының жиыны өтті

Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Сенім. Диалог». Болашаққа нық қадам – «NurOtan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы ұсынған болатын. Осыған орай Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде «NurOtan» партиясы аудандық филиалының жиыны өтті.

Түркістанның бас жоспары дайын

Түркістанның бас жоспары дайын. Оны өзге емес өзіміздің елдің сәулетшілері дайындады. Нақтырақ айтар болсақ, рухани орталықтың келешек келбетін «Астана» бас жоспар жобалау институтының мамандары әзірлеген. Бүгінде облыстық мәслихатта мақұлданып, министрліктерден мүдірмей өткен жоба үкімет отырыса ұсынылды. Жоба жетекшілерінің айтуынша көне шаһардың бас жоспары алдағы 30 жылға межеленген.

Түркістанда сәулеті ерекше жаңа мешіт салынады

Түркістан қаласына кіреберісте әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған еңселі мешіт бой көтереді. Үкімет басшысы Асқар Мамин Түркістан облысына сапары барысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Өзбекстан Республикасы өкілдерінің қатысуымен Ислам орталығының іргетасын қалады. Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізілмек. Мешіт алдағы 2020 жылы ашылады.