Түркістанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 95 жылдық торқалы тойы өтті

Ұлт руханиятына, қазақ журналистикасына үлкен үлес қосып келе жатқан «Оңтүстік Қазақстан» газетіне биыл - 95 жыл. Осыған орай, Түркістан төрінде салтанатты шара өтті. Мерейтойда «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакция ұжымына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты, ҚР Парламенті Сенатының бірнеше депутаттарының, ҚР Ақпарат министрі Дәурен Абаевтың, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің құттықтау жеделхаттары тапсырылды. 

Түркістанда «Өңірлік БАҚ: проблемалары мен перспективалары» атты форум өтті

«Оңтүстік Қазақстан» газетінің 95 жылдығына орай өткен форумға Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында орналасқан БАҚ басшылары және ғалымдар қатысты. Жиында ғалым Құлбек Ергөбек, «баспасөзді кім қаржыландырса да, тәуелсіздігіне тимеу керек» деген пікір айтты. Сондай-ақ, пошталар газетті оқырманға жеткізу ісін дұрыс ұйымдастырмайтындығын сөз етті.

Түркістанда әлемде теңдесі жоқ туристік кешеннің қазығы қағылды

Түркістан облысына іс-сапармен келген ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин облыс орталығында салынып жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Үкімет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «Sembol construction» түрік компаниясы қолға алған «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешен құрылысын іске қосты.

А.Мамин Түркістан қаласында жаңа жобаларды іске қосты

Түркістан қаласына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қаланы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Атқарылып жатқан жұмыстар барысы туралы Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев, мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова, Атырау облысының әкімі Н. Ноғаев, Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалин, Шымкент қаласының әкімі Е. Айтаханов, сондай-ақ басқа өңірлер мен қала құрылысына жауапты мердігерлер өкілдері баяндады.

Түркістан: оңтайландыру жұмыстары барысында 1001 штат қысқартылған

Бүгінгі күні мемлекет саясаты тиімсіз шығындарды қысқартып, трансформациялау ісін ілгерілетуге айрықша басымдық беріп отыр. Штат санын оңтайландыру процесі ел бюджетінің тиімді жұмсалуына ықпал етіп, әкімшілік шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін ұтымды жүйе болғандықтан, қазіргі кезде еліміз үшін аса маңызды  бағыттың  біріне айналды.

Түркістан облысы әкімдігінің жаңа ғимаратында алғаш аппарат мәжілісі өтті

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жиналысты құттықтау сөзбен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Мәжілістің күн тәртібінде өңірдегі құрылыс саласы мен Түркістан қаласының дамуы, тұрғын үй құрылысы және экологиялық мәселелер қаралды.