Нәтижесінде 14172 отбасыға шартты, 3883 отбасыға шартсыз ақшалай көмек тағайындалған. 2390 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылған. Бірінші тоқсанда бас тартылған отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмекке жаңадан өтініш білдіретіндер ендігі кезекте Egov.kz порталы арқылы өтініш бере алады. Ал бірінші тоқсанда көмек алған отбасыларға екінші тоқсанда (сәуір, мамыр, маусым) пролонгация, яғни ұзарту тәртібімен тағайындалады. Егер отбасы құрамы өзгермеген болса, онда орталық мамандары қайта есептеу жүргізеді.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде енгізілген төтенше жағдайға және Шымкент қаласының карантинге жабылуына байланысты халықты жұмыспен қамту орталығы 26 наурыздан бастап өз қызметін қашықтан көрсетуге көшкен.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.