Орталық қызметіне жүргізілген талдау жұмыстары соңғы үш күнде осындағы мамандардың 2224 сауалға жауап бергенін көрсетіп отыр. Жалпы, бүгінге дейін сall орталыққа әлеуметтік көмек жайлы - 5454, тасымалдау бойынша - 1553, кәсіпкерлік туралы - 722, блок-бекеттер жайлы - 378, коммуналды проблемалармен - 223, карантин бойынша - 128, бетпердеге қатысты - 87, азық-түліктің бағасы туралы - 86, дезинфекциялау мен қашықтан оқыту және өзге де мәселелермен 76 қоңырау шалынған.
Әлеуметтік бағыттағы сұрақтардың артуына орай, қаладағы аудан әкімдіктерінде арнайы мамандар кезекшілігі ұйымдастырылып, орталыққа түскен қоңыраулар бағыттау жүйесіне қосылған.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.