Шымкент: «Сәуледегі» 276-орамға жол төселеді
«Сәуле» шағынауданына қарасты 276-орамдағы жол мәселесі биыл шешіледі. 6 көшеге тас төселіп, жарық пен ауыз су рет-ретімен тартылады. Бұл туралы бүгін орамды аралап көрген қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты.
«Сәуле» шағынауданына қарасты 276-орамдағы жол мәселесі биыл шешіледі. 6 көшеге тас төселіп, жарық пен ауыз су рет-ретімен тартылады. Бұл туралы бүгін орамды аралап көрген қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты.
Шымкент қалаласының әкімі Мұрат Әйтенов қашықтан мәжіліс өткізді. Жиында қала аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс қарқыны мен инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік төлемдермен карантин режімін қатаң сақтау жайы сөз болды.
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылайтын 4 мобильді топ құрылған. Олар жергілікті билік бекіткен 9 түрлі әлеуметтік азық-түліктің бағасын тұрақты ұстап тұруын бақылайды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов айтты.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Шымкент пен Түркістан қалаларының көлік және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын тексерді.

Түркістан облысында бүгіннен бастап барлық санитарлық нормалар мен санитарлық талаптарды сақтай отыра, химиялық тазалау, кір жуу, кілем тазарту нысандары, сән салондары, шаштараз нысандарына жұмыс істеуге мүмкіндік берілді.
Азаматтар қызмет көрсету орындарына алдын ала жазылу арқылы бес адамнан аспайтындай ретпен барулары қажет. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сакен Қалқаманов онлайн-конференцияда мәлімдеді.
Сондай-ақ, тұрмыстық жөндеу орталықтары (оның ішінде кеңсе техникасы, мобильді құрылғылар) жеткізу қызметін көрсететін болады.
Автожуу, дөңгелек ауыстыру, май ауыстыру орталықтары, токарлық, дәнекерлеу цехтары, жиһаз цехтары, ателье, киім мен аяқ киімді жөндеу, кәсіпорындар, құрылыс базарлары мен дүкендері де өз жұмыстарын бастайды.
Екінші деңгейлі банктер, «Қазпочта» бөлімшелері мен көктемгі егін егу жұмысы үшін несие беретін микроқаржы ұйымдары, ломбардтар және айырбастау пункттері қызметіне кіріссе, асханалар мен тамақтану орындары 8.00-22.00 дейін тамақты онлайн тапсырыс арқылы даярлап, жеткізу қызметін атқарады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының төтенше жағдай кезеңі 11 мамырға дейін ұзартылғанын хабарлаған мәлімдемесіне орай Түркістан қаласы әкімі Рашид Аюпов қала тұрғындарына үндеу жасады.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкіметтен өңірдегі шаруалардың қырыққабатын өткізіп беруге көмек сұрады. Оның айтуынша аймақта қазір өтпей жатқан 250 мың тонна қырыққабат бар.
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті. Мақсұт Пернебайұлының айтуынша, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу және эпидемиологиялық жағдайдың асқынуының алдын алу мақсатында Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі №11 «Карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысы шықты. Ол Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссияның 17.04.2020 жылғы №12 хаттамасына сәйкес азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталып отыр.