Шымкент: қала әкімі жол құрылысы жұмыстарымен танысып қайтты

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы жол құрылысы жұмыстарымен танысты. - Қала аумағындағы жол мәселесі алдағы бірнеше жылда кезең-кезеңімен шешімін табады. Шымкенттің құрамына енген 41 елдімекеннің де инфрақұрылымы қайта қаралады. Миллионды қаладағы жол жөндеу жұмыстарына биыл қазынадан 25 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл - қомақты қаражат. Оны уақытында әрі мақсатты игеруіміз қажет, - деді қала әкімі. 

Шымкент қаласының әкімі мемлекет басшысына коронавируспен күрес жұмыстары жайлы баяндады

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімімен телефон арқылы сөйлесті. Талқылауда коронавируспен күрес, қазіргі санитарлық-эпидемиологялық жағдай және аймақтардағы карантин шараларының орындалуы жайы айтылды. Мемлекет басшысының азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, шағын және орта бизнестің кезең-кезеңмен іске қосу, көктемгі дала жұмыстары мен жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру туралы тапсырмаларының орындалуы сөз болды.

Шымкентте коронавируспен күрес бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда

Короновирус індеті бүкіл әлемді шарпып тұр. Алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер экономикасы қуатты, ғылым-білімі мен медицинасы жетілген болғанына қарамастан індеттің таралуын бақылауда ұстай алмай қалды. Осы орайда Қазақстанда мемлекет короновирусқа қарсы уақтылы әрі мейлінше тиімді шаралар қабылдап жатқанын баса айту керек.

Шымкент: жүк көліктері кедергісіз өтуде

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді. Мақсұт Пернебайұлының айтуынша, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, жүк көліктерінің қалаға кіріп-шығудың арнайы ережесі бар. Қалаға кіреберістердегі барлық бекеттерде «Жасыл дәліз» ұйымдастырылған. Ол жерден тіршілікті қамтамасыз ететін көліктер, азық-түлік тасымалдаушы машиналар мен транзиттік жүк көліктері, сондай-ақ, басқа да арнайы техникалар кедергісіз өтеді.

Шымкент: біріңғай байланыс орталығында 144 маман тұрғындарға кеңес беруде

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын 25 наурыздан бері уақытша тоқтатқан болатын. Бұл өз кезегінде бірыңғай байланыс орталығы операторларының жұмыс жүктемесін арттырды. Азаматтарға арналған үкімет 1414 бірыңғай байланыс орталығының жұмысын күшейту үшін ХҚО қызметкерлерін жұмылдырды. Шымкент қаласының 144 тәжірибелі және дайындықтан өткен маманы тұрғындарға кеңес беріп отыр.

Шымкентте еліміздегі ең үлкен автоматты газ-реттегіш станса салынуда

Көгілдір отынды қабылдап алып, қажеттіне қарай бөліп таратып отыратын орталық биылғы күзде пайдалануға берілмек. Ол сағатына 250 мың текше метр газ таратуға қауқарлы. Бұл туралы Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы хабарлайды.

Шымкентте жол жөндеу жұмыстары тоқтамайды

Төтенше жағдай Шымкенттегі жол жөндеу жұмыстарына қолбайлау болмауы керек. Қайта көшедегі көлік қозғалысының аздығы мен жұрттың жаппай үйде отырған сәтін тиімді пайдаланған жөн. Қала аумағында тоқтаусыз жүріп жатқан жол құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай - деді.