Осы жылдың 16 наурызынан бастап елімізде төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. Ал, 2 сәуірден бері үйлерінен жыраққа кетіп, Түркістанда індет таралуының алдын алу бойынша бар күш-жігерлерін жұмсаған азаматтар қала тұрғындарының есінде қалары сөзсіз. Ендігі Шымкент горнизонының №35748 әскери бөлімінің қызметкерлері өз бөлімдеріне барып, қызметтерін жалғастыратын болады.
Қала әкімі: "Қырағылық пен қайсырлық танытып, алдыңғы қатардан көрініп, қандай жағдайда да әзір болған Сіздердей азаматтарды мақтан тұтамыз!
Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, ашық аспан және Отанымыз - Қазақстан Республикасының игілігі үшін қызметтеріңізде табыс тілеймін!
Түркістанмен бірге болғандарыңыз үшін рақмет!", - деген алғысын білдірді.
Еліміздегі сынсағатта бізге қажеті - темірдей тәртіп пен мықты қорғаныс болды. Әскерилер осындай уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, пандемияның таралмауы үшін таң атқаннан кеш батқанға дейін мүлтіксіз қызмет етті.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, Қарулы Күштер - қауіпсіздіктің басты кепілі, еліміздің егемендігі, бейбітшілігі мен тыныштығының берік қорғаны болып қала береді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.
