Сәрсенбі, 13 Мамыр 2020 13:11

Шымкент: Жұмысын қайта бастаған нысандардың тізімі жарияланды

Шымкент қаласында 11 мамырдан бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, бірнеше шағын және орта бизнес нысандары мен қызмет көрсету орталықтары, қоғамдық көліктер мен сауда базарлары жұмысын қайта бастады. Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды- инновациялық даму басқармасы хабарлады. 

Олар: - Шымкент қаласының аумағындағы барлық топтық объектілер: сауда, қызмет көрсету, қаржы және т.б.

- Өнеркәсіптік аумақтар, әуежай, аулалық балалар алаңдары және басқа да объектілер санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізе отырып;

- Медициналық орталықтар қызметі, жазылу бойынша;

- Сауда-ойын орталықтары. Олардың ішінде орналасқан балалар ойын алаңы, мұз алаңы, батут, кинотеатр және фудкорттар қоспағанда;

- Азық-түлік базарларының қызметі;

- Ауданы 2 мың шаршы метрге дейінгі азық-түліктен өзге дүкендер де қайта іске қосылады;

- Сауда базарлары (мал базары мен автокөлік базарларын қоспағанда);

- Құрылыс дүкендері, саяжай инвентарын сататын, оптика, гүл дүкендері, зоодүкендер;

- Техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, шиномонтаж, автосалондар;

- Сұлулық салондары (алдын ала жазылу бойынша);

- Бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттікттер, жеке сот орындаушы және т. б.);

- Спорт мектебі және секциялар қызметін (15 адамға дейінгі жеке топтар үшін оқу-жаттығу процесін жүргізу);

- Халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілер: - типографиялық қызметтер көрсететін объектілер, - тігін ательелері, - аяқ киім шеберханалары, - киім жөндеу жөніндегі сервис, - химиялык тазарту, кір жуу орындары және өзге де объектілер;

- Қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері (қонақүйлер, отельдер, хостелдер, туристік базалар және т.б.);

- Көктемгі егіс жұмыстарына тартылған ұйымдар;

- Қоғамдық тамақтану объектілерінің жеткізіп беру қызметі;

- Балмұздақ дайындау және сату орындары онлайн режимінде тапсырыс қабылдау және жеткізіп беру кызметiмен;

- Көппәтерлі тұрғын үйлер мен тұрғын үй алаптарында орналасқан азық-түлікпен және бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз ететін дүкендер сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін;

- Мемлекеттік мекемелердің, офистердің қызметі. Бұл ретте қызметкерлердің 50% қашықтықтан жұмыс атқарады.

- Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат үлгісіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып;

- Балалардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізу, ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер мен балаларды шеттету арқылы, сондай-ақ балалардың коррекциялық және оңалту кабинеттері;

- Қоғамдық көліктің жұмысын қайта бастау;

- «Азаматтарға арналған үкімет» бизнеске қызмет көрсету үшін және мамандандырылған бөлім;

- «Атамекен-қолдау орталығы» жұмыспен қамту мобильдік орталығы;

- Авиарейстер: Шымкент - Нұр-Сұлтан - Шымкент, Шымкент - Алматы - Шымкент, Шымкент – Петропавл – Шымкент.

Барлық нысандар сағат 10:00-ден - 18:00-ге дейінгі режиммен жұмыс істейді.

Нысандардығы санитарлық қауіпсіздік талаптары қызметкерлер мен келушілерден қатаң талап етіледі. Егер сақтық шаралары орындалмаса, айыппұл салынып, нысан жабылады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 672 рет