Сәрсенбі, 13 Мамыр 2020 12:40

Шымкент: Қала әкімі карантин кезінде қоғамдық жұмысқа тартылған 100 сарбазға алғыс хат табыстады

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов төтенше жағдай кезінде қаланы залалсыздандыру жұмыстары мен блок бекеттерде білек сыбана еңбек еткен 100 сарбазды марапаттап, әрқайсысына ерекше құрмет көрсетіп, алғыс хатын табыстады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап,«AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлады. 

Естеріңізде болса, төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласында 100 сарбаз әскер қатарына шақырылып, олар өз кезегінде қаланың қауіпсіздігі мен дезинфекция жұмыстарына жұмылдырылған болатын.

Қауіпті дертпен күресте белсенділік танытқан сарбаздарды марапаттау барысында қала басшысы олардың ерліктерін ерекше атап өтті. Сондай-ақ еріктілер жылы қарсаңында өз еркімен көзге көрінбейтін инфекциямен күресте аянып қалмаған әрбір сарбазға мегаполис тұрғындары атынан ризашылығын білдірді.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 583 рет