Түркістан: Мақтаарал ауданындағы жағдай толық бақылауда

Бүгін Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайға байланысты шұғыл баспасөз мәслихаты өтті. Онда «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары және арнайы облыстық штаб басшысының орынбасарлары Бейсенбай Тәжібаев, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Абдуллаев мәлімдеме жасады.

Түркістан облысының әкімі Мақтааралдағы төтенше жағдайды әуеден бақылап қайтты

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалыптасқан төтенше жағдайды облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев әуеден бақылап көрді. Аймақ басшысы облыстық ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісовпен бірге қауіптің алдын алу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.