Олар: - Ақпараттық-коммуникациялық компаниялар; - аумағы 500 шаршы метрден аспайтын барлық бағыттағы дүкендер; фотосалондар; - медициналық орталықтар, стоматологиялық клиникалар; жарнама агенттіктері жұмысын бастамақ. Сондай-ақ, қала көшелеріндегі спорт алаңдары, жеке кабиналары бар моншалар, тек алдын ала жазылу бойынша үй жануарлары мен гүл сататын дүкендер, жылжымайтын мүлік агенттіктері, кәсіпкерлер осы нысанға сәйкес өтініш беріп, әкімдіктің электрондық поштасына жіберуі арқылы жұмысын жалғастыра алады.
Шымкент қаласы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Алмат Қосалиевтің айтуынша, әрбір жұмысын жалғастырушы кәсіпкерлер бекітілген қаулыға сәйкес, санитарлық талаптарды қатаң түрде сақтауы міндетті. Тәртіп бұзған кәсіпкерлеге әкімшілік жаза қолданылатын болады.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»