Жұма, 15 Мамыр 2020 11:20

Түркістанда әскери міндеттілердің қызметі жалғасуда

Түркістан қаласында әскери міндеттілер қызметін 19 мамырға дейін жалғастырады,-деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 20 сәуірден бастап 50 әскери міндетті арнаулы жиынға шақырылған болатын. Олар қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау мақсатында күні-түні жұмыс жасауда.

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов арнайы жиынға қатысушылармен кездесіп, олардың жұмыс барысымен танысып, жасалып жатқан жағдайларға баға берді. Сондай-ақ азық-түлік, қорғаныш құралдарымен қамтылуын бақылап, білді. Айта кетейік, әскерилер күні-түні блок-бекеттерде тәртіпті күшейтіп, халық көп шоғырланған аумақтарда патрульдік қызметте және карантин режимінің сақталуына көмек көрсетті. Залалсыздандыруды жандандыруды тоқтатпаған жігіттер 19 мамырға дейін қызметін жалғастыратын болады.

Қала әкімі Рашид Абатұлы олардың күнделікті қалаға жанашырлық танытып, қызмет етуіне алғысын білдірді. Айта кетейік, әскерилер қатарында Түркістан облысы әкімінің орынбасары мен қала әкімінің аппарат басшысы да бар.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 616 рет