Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылған жәрмеңке өтті

Шымкентте еңбек нарығындағы белсенділік артып келеді. Бүгін қаладағы Көрме орталығында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты кең ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараға мыңдаған тұрғын қатысып, өңірдегі ірі кәсіпорындар мен шағын бизнес өкілдері ұсынған жұмыс мүмкіндіктерімен танысты.

Ордабасылық кәсіпкер жыл сайын 4 гектардан 360 тоннаға жуық сапалы көкөніс алып, нарыққа шығаруда

Ордабасы ауданында соңғы жылдары жылыжай шаруашылығында жаңа серпін қалыптасты. Соның жарқын мысалының бірі ауданға қарасты Шұбарсу елді мекеніндегі – «Алан-Нұр» жылыжай кешені.

Ордабасы ауданында тұрғындарға табиғи газ құбырын тарту барысы пысықталды

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аудан аумағында табиғи газ тарту жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер ұйымдар өкілдері мен жауапты сала қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті.

Ордабасы ауданында қуаттылығы 50 МВт болатын күн электр станциясын салу жоспарлануда

Ордабасы ауданында жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағытында ауқымды жоба жүзеге аспақ. Атап айтқанда, «ASIA ENERGY Co» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан қуаттылығы 50 МВт болатын күн электр станциясын салу жоспарланып отыр.

Сауранда Қоғамдық келісім мен бірлік мерекесі аталып өтті

Сауран ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған қорытынды іс-шара өтті. Шара қоғамдағы өзара сыйластық пен түсіністікті нығайтуға, этностар арасындағы достық пен келісімді дәріптеуге бағытталды, - деп хабарлайды Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шымкент: Аппараттық мәжілісте әлеуметтік-экономикалық мәселелер қаралды

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиын барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылғы 10 айдағы қорытындысы, жоспарлы көрсеткіштердің жыл соңына дейін орындалу болжамы, тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне жұмылдыру шаралары, сонымен қатар, цифрлық жобалар мен digital-шешімдерді жүзеге асыру нәтижелері қаралды.

Шымкентте "студенттер күні" жоғары деңгейде тойланды

Шымкентте Халықаралық студенттер күні жоғары деңгейде аталып өтті. Қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған мерекелік бағдарламаға жүздеген студент қатысып, қаладағы алты бірдей жоғары оқу орны қамтылды. Орталық басшысы Жансерік Бауыржанұлының айтуынша, бүгінгі таңда Шымкентте тоғыз ЖОО-да 95 мыңнан астам студент білім алуда.

Шымкентте клубтық командалар арасында республикалық көкпар турнирі басталды

Шымкент қаласында ұлттық спорт түрі көкпардан кезекті дүбірлі дода басталды. ҚР Туризм және спорт министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі, Көкпар федерациясының ұйымдастыруымен «Qazaqstan Kokpar Cup» клубтық командалар арасында алғаш рет республикалық турнир өтіп жатыр.