Яғни, қалалық филиал жанынан 10 қоғамдық кеңес жұмыс істейтін болды.
Олар:
• Партиялық бақылау комитеті
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес
• Мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» кеңесі
• Отбасы, әйелдер және балалардың құқығын қорғау жөніндегі кеңес
• Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі кеңес
• Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі кеңес
• Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі кеңес
• Өңірлік даму жөніндегі кеңес
• Жастарды қолдау жөніндегі кеңес
• Экологиялық кеңес
Әрбір кеңеске төраға бекітілді және оларға партияның сайлауалды бағдарламасының нақты бір бағыты жүктелген.
«Nur Otan» партиясының Лидері, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырылуына әрбір кеңес мүшелері жауапкершілікпен қарайтын болады.
«AQ-QARA.KZ»- ақпарат