Ең бірінші кезекте Кузанбаева Амангуль есімді азаматша жер мәселесі бойынша жеке қабылдауға келді. Азаматшаның айтуына қарағанда жер алғашында өзінің атында болып, уақыт өте келе тексерсе, басқа азаматтың атына өткені анықталған. Қолында мардымды құжаттарының жоқ болуына байланысты осы мәселенің шешімін тауып беруін сұрады.
Өтініштің барысымен танысқан Мақсат Асылбекұлы Түркістан қаласы әкімдігінің жер қатынастар бөлімі маманыдарына осы тұрғынның мәселесін қадағалап, жұмыс жасауын ұсынды.
Уралова Ақмарал есімді көпбалалы ана жеке қабылдауға өз өтініші бойынша келді. Мәселесінің барысы осы жылы жоғарғы оқу орнын аяқтаған қызының қоғамдық жұмысқа орналаса алмай жүргендігін айтады. Жылдың соңында бір ай ғана жұмыс жасаған бойжеткен, қаңтар айынан бастап жұмыссыз қалған. Мәселенің анығымен танысқан Мақсат Асылбекұлы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің мамандарымен кеңесе отырып, бұл мәселе шешімін табатын болды.
Әлеуметтік жағдайларының тұрақты болмауына байланысты бірнеше тұрғын атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй мәселелері бойынша келген. Өтініштің негізімен танысқан Мақсат Асылбекұлы тиісті мекемелерге барып құжаттарын өткізу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жұмысқа жарамды өтініш иелеріне қоғамдық жұмыспен жұмыс жасау ұсынылды.
Туреева Әлфия есімді азаматша жеке қабылдауға отбасылық жағдайына байланысты өз бұйымтайымен келді. 2 балалы ажырасқан ананың айтуынша, әкесі ай сайынғы алиментті уақытылы төлемеген. Денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсыз екендігін де жасырмады. Мәселенің мән жайымен танысқан мәслихат хатшысы, өтінішті негізге ала отырып аурухана басшылығына депутаттық сауал жолдайтынын мәлімдеді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат