Бұл жолы саяси ұйым өкілдері халықпен тікелей көбе қөз жүздесті.
Тұрғындарды Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев пен фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев қабылдап, өтініштері мен талап-тілектерін тыңдады. Бұл жолы 300 дей адам өз өтініш тілектері мен арыз шағымдарын жеткізді. Айтқандай өткен жылы ұйымдастырылған 17 қоғамдық қабылдауға 39 мыңға жуық арыз шағым түскен. Оның 60 пайыздан астамы өз шешімін тапқан. Биылда мұндай қоғамдық қабылдауды ай сайын ұйымдастыру жоспарланған. Ол үшін партияның арнайы жол картасыда әзірленген. Бұдан бөлек кездесулерді аудан ауылдарға барып ұйымдастыру көзделіп отыр. Мәселелерді дер кезінде шешу үшін қабылдауға жергілікті сала басшылары мен әкімдер қатыстырылады. Биылдың өзінде 2500 өтініш қарауды қажет етеді. Олардың көбі әлеуметтік мәселелер.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат