Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халық алдында берген жылдық есебінде әлемді шарлаған қауіпті індетпен күрес жұмыстарына тоқталды.
«Баршаңызға мәлім, қазір бүкіл әлем пандемияға байланысты өте күрделі ахуалды бастан өткеруде. Бұл – өтпелі қиындық. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» дегендей, халықтың береке-бірлігінің арқасында бұл сынақтардан да сүрінбей өтудеміз. Өңірде індеттің таралуын тоқтату және науқастарды емдеу ісінде едәуір жұмыстар атқарылды. Дәрігерлеріміз осы індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүр. Әлемдік пандемия-коронавирус індеті экономиканың бірқатар негізгі салаларын тежегендігі белгілі. Үкіметпен дер кезінде қабылданған антикризистік шаралар, кәсіпкерлікке, отандық тауарөндірушілерге жан-жақты қолдау көрсету арқасында экономиканың негізгі салалары бойынша өсім деңгейін сақтап қалу мүмкін болды»,-деді Өмірзақ Шөкеев.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат