Қауіпсіздікті қамтамасыз етуші – тәртіп сақшылары мен халықтың денсаулығын бақылауға алған медицина мамандары. Бұл – тұрғын алапқа кіріп-шығатын блок-посттарда тәулік бойы қызмет ететін жауаптылар. Аядай ауылдан ешкім сыртқа аяқ басып шығуына болмайды. Талап солай. Сыртта қалып қойған жергілікті халықтың денсаулығын тексеріп, мекенжайын анықтап қана ішке кіргізуде. Түсінбеушілік жоқ емес, бар. Оған да жауап беріп, талып-арыздарын тыңдап, түртіп алып жатқан мамандар да сонда.
Аядай ауыл демесеңіз, мұнда бір қауым ел тұрады. 716 үйде 2856 халық тіршілік етеді. Абай ауданы әкімінің сөзіне сенсек, мұнда тәртіп күшейгенімен, тұрғындардың бар мүмкіндігін қарастырып беруде. Екі мезгіл көше-көшеге санитарлық-дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Бас партия «Нұр Отанмен» бірлесіп, демеушілер есебінен тұрмысы төмен жандарға азық-түлік тарату ретке қойылыпты.
«Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын үй алабына келген соң постта тұрып, күзеткен жауаптылармен тілдесіп, ауыл арасын бағамдап қайтуды өтіндік. Бұқара халықты сөзге тартып, әлеуметтік дүкендердегі тауар бағасын білдік. Сатушы мен сатып алушының пікірін тыңдап қайттық»– дейді Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов.
Еске салайық, аты жаман індет осы ауылда екі науқастан тіркелген еді. Олар қазір жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Жағдайлары бір қалыпты. Онымен байланыста болып, тығыз қатыныс орнатқандар түгел анықталып, карантинге алынған.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.