Түркістан: Шардарада шіркейге қарсы залалсыздандыру шаралары жалғасуда

Шардара ауданында шіркейге қарсы залалсыздандыру шаралары биыл сәуір айынан бастап жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соңғы күндері кейбір елді мекендерде шіркейдің көбеюі байқалуына байланысты, дезинсекциялық жұмыстар күшейтілген режимде жүргізілуде.

Биыл Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы үшін жалпы бюджеттен 31,3 млрд. теңге қаралған

Түркістан облысы бойынша 2025 жылы 1060 мың шаршы метр тұрғын үй алаңын пайдалануға тапсыру жоспарланған. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үй – 410,2 мың шаршы метр болса, жеке тұрғын үй көлемі 649,8 мың аршы метр болады деп күтілуде. Сәуір айының қорытындысымен өңірде 226,1 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға тапсырылды. Осы саладағы мәселелер облыс әкімдігінде өткен мәжілісте талқыланды.

Түркістан облысында 70-ке жуық ашық жағажай ашу жоспарлануда

Түркістан облысында биыл жыл басынан бері түрлі жағдайларда 30 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Оның 13-і жас балалар. Бұл туралы өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Оразгелді Дүйсен мәлімдеді.

Түркістан облысының аудан-қалаларында қиын жағдайдағы отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетілуде

Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 2024-2025 жылдары Түркістан облысының барлық аудан және қалаларында «Отбасын қолдау орталықтары» ашылды. Қазіргі таңда 17 орталық жұмысістеп тұр.

Ордабасы: Азат Оралбаев аудан орталығындағы нысандарды аралап, бірақатар тапсырмалар берді

Алғашқы кезекте Темірландағы арнайы көпқабатты тұрғын үйлер салуға бөлінген 70 га аумақтағы құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйлердегі құрылыс барысын қадағалады. Бұл нысанда қазіргі уақытта инвестор компания «Барс-Құрылыс» ЖШС тарапынан 2 қабатты 2 үйдің (32 пәтер) қабырғасы қалануда.

Түркістан: Ошақтыдағы 6 ауылға табиғи газ тартылады

Келес ауданына қарасты Ошақты ауылдық округінде халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы округтегі Жиделі елді мекенінде 300 орындық жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді.

Түркістан: Шардаралықтарға қаржылық сауаттылық кеңестері берілді

Шардара қаласында «Қаржылық сауаттылықты арттыру және борышкерлерге құқықтық қолдау көрсету» жобасы аясында аудан жастарына арналған ашық форматтағы семинар өтті. Іс-шараны «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Семинар Шардара қалалық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ғимаратында өткізілді.