Жексенбі, 17 Тамыз 2025 18:25

Созақта жалпыаудандық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

Созақ ауданы бойынша барлық ауылдар мен елді мекендерде «Таза Қазақстан» Республикалық шарасы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Шолаққорған ауылының аумағында бөлінген 5 сектордың, яғни ондағы 144 көшеге жауапты етіп бекітілген әр мекеме тазалық пен көгалдандыруға қатысты шараға белсене атсалысты. Саябақтар мен ішкі көшелерді ретке келтірді. «Шымкент-Созақ» бағытына шығатын үлкен жолдар мен айналма жолдың бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Ауыл сыртындағы сай-сала мен су өткізгіш құбырлар да қоса қамтылып, ауылдардың аумағы абаттандырылды. 20-ға жуық арнайы техника тартылып, 36 шақырым көше бойлары мен 19 шақырым аяқ жолдары ретке келтірілді.

Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Қыземшек кентінде де сенбілік жұмыстары ұйымдастырылғанын айта кетейік.Сенбілік барысында ішкі көшелер мен кент маңындағы сай-салалар тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сонымен қатар, көше бойлары мен аяқжолдар ретке келтіріліп, абаттандыру және көркейту жұмыстары жүргізілді.

Ауқымды шараға 800-ден астам кент маңындағы өндіріс орны, бюджеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер мен кент тұрғындары белсене қатысты. 20 арнайы техника жұмылдырылды.Нәтижесінде кенттегі барлық талдар әктеліп, сырлау жұмыстары жүргізілді. 80 тоннадан астам күл-қоқыс арнайы орындарға шығарылды.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 194 рет