Биылғы жылы Ыбырай елді мекенінде жалпы ұзындығы 2,557 шақырымды құрайтын атауы жоқ №1 және №2 көшелеріне асфальт төселді. Сонымен қатар, ұзындығы 2,2 шақырым болатын атауы жоқ №3 көшесіне ағымдағы жөндеу (қиыршық тас төсеу) жұмыстары жүргізілмек.
Айта кетейік, осы жылы Созақ ауылында да жалпы ұзындығы 2 шақырымнан астам Құрманғазы және Матенбаев көшелері мен Көктөбе елді мекеніне кіреберіс жол асфальтталады. Бұдан бөлек, ұзындығы 7,1 шақырымды құрайтын Рысбек, Ауезов, атауы жоқ №10 және Полигон бағытындағы көшелерге қиыршық тас төсеу жұмыстары жүруде. Аудан басшысы атқарылған жұмыстардың сапасына баса назар аударып, жауаптыларға жөндеу жұмыстарын мерзімінде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат