Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды
Биыл Түркістан облысында «Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы» аясында 130 769 жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Оның ішінде, 83 554-і – тұрақты, 47 215 уақытша жұмыс орны. Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен бұл саладағы жұмыстар қатаң бақылауға алынған.