Нәтижесінде, Темірлан ауылынан бөлек елді мекендер аумағында жалпы 8 420 түп жас тал отырғызылды. Сонымен қатар, Темірлан Абаттандыру мекемесі де өз аумағында белсенділігін көрсетіп, 130 түп туя, 11 қызыл каштан және 8 Сирия ротасы, барлығы 151 түп қосымша ағаш көшеттерін екті.
Әрбір қатысушы акцияға үлкен жауапкершілікпен қарап, туған жердің экологиялық келбетін жақсартуға өз үлесін қосты. Айта кетейік, егілген ағаштардың барлығы аудан аумағындағы тұқымбақтарда өсірілген, жергілікті топырақ пен климатқа бейімделген көшеттер. Ордабасы – таза табиғат пен жасыл келешек жолындағы өңір десек, еш қателеспейміз!
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат