Жексенбі, 09 Қараша 2025 11:50

Ордабасы ауданы: Бөген ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Ордабасы ауданына қарасты Бөген ауылында жаңа өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған нысан «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында салынды. Ғимарат заманауи талаптарға сай жабдықталып, өрт сөндіру қызметкерлерінің тиімді жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған.

Салтанатты шараға ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Асқар Төлешев, аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов және ауыл тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында Қ.Р Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов өңірдегі азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, алғысын білдірді.

Өңір басшысы Нұралхан Көшеров Бөген ауылында ашылған бұл өрт сөндіру бекетінің аймақ тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлардың алдын алуға зор үлес қосатынын атап өтті. Сондай-ақ бұл бастама «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы шеңберінде облыс аумағында іске асырылып жатқан бірқатар маңызды жобалардың бірі екенін жеткізді. Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы аудан аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болды.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 33 рет